Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекнорм

Қауіпсіздік көрсеткіштері деп өнімді пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет 
көрсету, монтаждау кезінде қызмет көрсетуші персонал мен сатып алушыға қауіпсіздік 
тұрғысынан қарағанда өнімді қолдану ерекшеліктерін айтамыз. 
Өнім сапасы көрсеткіштерінің сандық мəні келесі əдістермен табылады: 

тəжірибелік, бұл əдіс техникалық құралдың қолданылуына негізделеді 
жəне өнім сапасының қаншалықты объективтілігін бағалауға мүмкіндік береді; 

органолептикалық, бұл əдіс сезім мүшелерінің көмегімен өнім сапасын бес 
балдық шкалада анықтауға мүмкіндік береді; 

социологиялық, бұл əдіс өнімді тұтынушылардың сұранысын талдау мен 
есепке алуға негізделген; 

сарапшылардың бағасы, осы өнім түріндегі мамандардың беретін сандық 
бағасы. 


 
Өнім сапасын басқаруды құқықтық қамтамасыздандыру
Өнім сапасын басқарудың нормативті-құқықтық негізі түрлі нормативтік актілер 
мен ережелерді құрайды.
Құқықтық норма-бұл қоғамдағы қарым-қатынасты реттейтін, анықталған жəне 
бекітілген тəртіп. Құқықтық норма қатысушыларға белгіленген құқықтарын ұсынады 
жəне оларға белгіленген заңды міндеттерін жүктейді. Стандарттардағы талаптардың 
сақталуы азаматтық, еңбек, əкімшіліктік нормативтік-құқықтық актілермен жəне 
қылмыстық заңдылықтармаен қамтамасыз етіледі. Нормативті акті дербес құқықтық 
форма тəрізді құқықтық нормаларды орнататын, өзгертетін жəне жоятын уəкілетті 
мемлекеттік органмен бекітілген құжат. Номативтік актілердің жалпы жіктелуі екі негізгі 
топқа бөлінеді: заңдар жəне нормативтік-құқықтық актілер. 
Иерархияның ең жоғарғы сатысы – заң болып табылады, яғни мемлекеттік биліктің 
ең жоғарғы органымен немесе жоғарғы құқықтық күші бар- бұқара халықпен тікелей 
қабылданған құжат,ал билік пен басқарудың уəкілетті органымен қабылданған басқа НҚ 
нормативті-құқықтық акті деп аталады: 

Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысы (бұйрықтар), оның 
өкілеттілік шегінде қабылданған

Ресей Федерациясы үкіметінің актілері (қаулылары мен бұйрықтары, 
нормативті емес үкіметтік актілер бұйрықтар деп аталған.); 

Мемлекеттік, аймақтық жəне жергілікті муниципалды органмен 
қабылданған актілер(өкілетті жəне əкімшілік органдар), сонымен қатар, көрсетілген 
өкілетті органның аумағындағы – аймақ, облыс, қала, аудан территориясында 
тұратын барлық тұлғаларға міндетті.

ведомствалық актілер, яғни министрлік, департамент жəне комитеттермен 
қабылданған. Негізінде ішкі ведомствалық, заңдық маңызы бар акті жəне көрсетілген 
ведомстваның басқару, қызмет атқару жəне тəртіп жүйесіне бағынатын тұлғаларға 
таралады.
Өнімнің сапасын анықтаудың ең көп таралған əдісі –сатып алушыларға сəйкес 
стандартқа сілтеме жасау. Бұл əдіс ұлттық жəне халықаралық сауда айналымдарында да 
кең ауқымда қолданылады. Өнім сапасын басқару сферасындағы жаңа талаптарда 
стандарттау əдісі негізгі болып табылады. 
Өнім сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік, салалық жəне ұйым 
стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сапа 
жүйесі халықаралық сапа жүйесінің стандарттары негізінде жасалған. ( МС ИСО серия 
9000). ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттары тұтынушыларға өнім сапасына 
белсенді əсер етуге құқық береді, құқықтық негізін қалайды, яғни өнім дайындау 
процесіндегі 
тұтынушылардың 
белсенді 
қызметін 
анықтайтын 
нормативтерді 
қабылдайды. Олар өзіне қызмет көрсету жəне өндіріс сферасында сапаны басқарудың 
жалпы бағдарламасын жасаудағы негізгі талаптарды бекітетін сапа жүйесінің бес моделін 
қамтиды.
Мемлекеттік стандарттар өнім өндірушілердің міндетті ережелері болып 
табылады, өйткені мемлекеттік стандарттар белгілі бір тұтынушылар мен қоғамның 
мүдделерін қорғайды жəне басқарудың барлық деңгейіне таралады. Сондықтан 
мемлекеттік стандарттар қоршаған ортаға, тұтынушылардың өміріне, денсаулығына жəне 
мүлігіне өнімнің қауіпсіздігін, техникалық жəне ақпараттық сəйкестікті орнату үшін, 
өнімнің өзараалмастырушылығын, оларды бақылау əдістері мен таңбалаудың бірыңғай 
жүйесін қамтамасыз етеді. Өнімнің көрсетілген талаптар бойыншы сапаға сəйкестігін 
бағалау үшін салалық, ұйым стандарттары жəне ҚР “Техникалық реттеу туралы„ Заңына 
сəйкес басқа да стандарттар бар.
Əр сала өзнің өкілеттік шегінде стандарттар жасайды жəне мемлекеттік стандарттау 
жүйесінің сəйкес органымен бекітіледі. Осы стандарттардың қызмет ету ауқымы нақты 
сала бйынша барлық кəсіпорындарға таралады.


Өнімнің жəне қызметтің мемлекеттік стандарттар талабына сəйкестігін растаудың екі 
жолы бар: сертификаттау немесе мелекеттік стандартқа сəйкестік белгісін өнімге жəне 
қызметке таңбалау жолы. Көп жылғы тəжірибелер көрсеткендей өнім сапасының 
мемлекеттік стандарттар талабына сəйкестігіне растайтын бірден-бір құрал- сəйкестік 
сертификаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет