Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Лекнорм

 
 
13 Лекция. Тақырыбы: Стандарттау бойынша ұлттық заңнамаСтандарттың 
заңнамалық актілері (заңдар), нормативтік- құқықтық актілері, құқықтық табиғаты.  
Стандарттау процесінде стандарттау объектісіне қатысты нормалар, ережелер, 
талаптар, сипаттамалар нормативтік құжат(НҚ) ретінде ресімделеді. Стандарттау 
жөніндегі НҚ туралы ақпарат оларды қолдану жəне сақтау үшін қажетті шарт болып 
табылады.
Мемстандарт нормативтік құжаттары, соның ішінде шетелдік стандарттар туралы 
ақпаратқа тұтынушының қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында: 
1) ресми ақпараттарды жариялауды мыналар үшін ұйымдастырады а) мемлекеттік 
стандарттар; б) жалпы қазақстандық техникалық-экономикалық жəне əлеуметтік 
сыныптауыштар; в) халықаралық, аймақтық жəне басқа елдердің ұлттық стандарттары; г) 
стандарттау жөніндегі ереже, норма жəне ұсыныстар. 
2) Мемлекеттік жəне жалпықазақстандық техникалық-экономикалық жəне 
əлеуметтік сыныптауыштарын(ЖҚ ТЭƏС) жəне мемлекеттік стандарттар қорын құрады 
жəне жүргізеді. 
ҚР СТ, МСТ, ЖҚ ТЭƏС ресми жариялау құқығы тек НҚ қабылдаған мемлекеттік 
органдарға тиесілі, ал құрылыс саласында ҚР Мемқұрылысқа берілген. 
ҚР СТ, МСТ бірінші бетінде «Нақты стандарт ҚР МЕМстандарт немесе ҚР 
Мемқұрылыс рұқсатынсыз толық немесе бөлшектей ресми басылым ретінде жария болуы 
мүмкін емес» деп жазылуы керек. 
ҚР СТ, МСТ мұқабасының бірінші бетінде жəне стандарттың бірінші бетінде «Ресми 
басылым» деген жазу болу керек. Бұл шектеуді бұзған жағдайда ҚР МЕМстандарт немесе 
ҚР Мемқұрылыс азаматтық заңдылықтың нормаларына сəйкес кінəлі жақтан шығынын 
қайтарып алуға құқылы. 
Қолданыстағы мемлекеттік стандарт туралы ақпараттарды, олардың қолданыс 
мерзімін, оларға өзгертулерді пайдаланушылар жылдық немесе айлық ақпараттық « ҚР 
мемлекеттік стандарттары» деген нұсқаулар арқылы ала алады. 
Ұлттық стандарттау - бір нақты мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар, ұлттық 
стандарттау мемлекеттік, салалық деңгейде, ассоциациялар, өндірістік фирмалар, 
мекемелер сияқты əртүрлі деңгейде іске асырылуы мүмкін. 
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттау бойынша нормативтік 
құжатттары « Техникалық реттеу» Заңына сəйкес тағайындалған. Оған кіретіндер: 
- ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ ); 
- технико-экономикалық ақпараттың мемлекеттік сыныптауыштары (ТЭА МС); 
- мемлекетаралық 
стандарттар(МСТ), техникалық-экономикалық 
ақпараттың
сыныптауыштары; 
- салалық стандарттар;
- ұйым стандарттары. 
Аталған стандарттардан басқа, стандарттаудағы қолданылатын ұсыныстар(Ұ), 
техникалық шарттар (ТШ), сондай ақ мемлекетаралық ережелер мен ұсыныстар. 
Тағайындалған тəртіпке халықаралық, аймақтық жəне ұлттық стандарттар, технико-
экономикалық ақпараттардың сыныптауыштары, техникалық шарттар, ережелер, 
жағдайлар, əдістемелік нұсқаулар жəне стандарттаудағы ұсыныстар қолдануға жіберіледі. 


Осы уақытқа дейінгі бұрынғы ССРО стандарттары ҚР заңдылығына қарсы болмаса 
қолдануға болады. 
Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың тағайындауына қойылатын 
талаптар, ғылымның, техника мен технология жетістіктері негізінде бекітіледі жəне ҚР 
Заңдылығына қарсы болмау керек. 
Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын маңызды талаптар өнімге, 
процесске(жұмыс), қызметке міндетті сертификаттауға сəйкес қойылады. Бұл талаптарға 
сəйкес бақылау əдістерін қарастырылуы тиіс. 
Нормативтік-құқықтық актілер(НҚА) мемлекеттік қоры(МҚ) Заңнамалық негізі 
ҚР Техникалық реттеу жəне стандарттар саласының НҚА МҚ Заңнамалық негізі 
мынадай құрамнан тұрады: 
1) ТМД елдерінің 1992ж 13 наурызда стандарттау, метрология жəне сертификаттау 
саласында келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімі; 
2) ҚР «Техникалық Реттеу туралы» Заңы жəне мына Заңдар: 
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»; 
- «Өрт қауіпсіздігі туралы»; 
- «Қоршаған ортаны қорғау туралы»; 
- «Төтенше жағдайлар туралы»; 
- «Дəрі-дəрмек құралдары туралы». 
3) ҚР Президентінің 2003ж 17мамырдағы №1096 «2003-2015ж аралығындағы 
ҚР индустриялық- инновациялық даму стратегиясы туралы» нұсқауы; 
4) ҚР Үкіметінің 2004ж 06 ақпанында бекіткен №148 «ҚР ұлттық стандарттау 
жəне сертификаттау жүйелерінің 2004-2006жылдардағы дамуы бағдарламасы» туралы 
жарлығы. 
ҚР Техникалық реттеу жəне стандарттар саласының НҚА МҚ қолданысы үшін 
келесі нормативтік құжаттар пайдаланылады: 
ҚР СТ 1.8-2003 «ҚР Мемлекеттік қорының стандарттары туралы ақпараттар жəне 
нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету жəне баспалау тəртібі». 
ҚР СТ 1.21-2001 «ҚР МСЖ. ҚР мемлекеттік стандарттар қоры жəне оны жинақтау, 
алып жүру жəне сақтау». 
ҚР СТ 1.22-2001 «ҚР МСЖ. Стандарт ісі. Оны қалыптастыру, өзгертулерді енгізу, 
сақтау, архивке өткізу жəне жоютəртібі». 
ҚР СТ 1.37-2003 «ҚР МСЖ. Нормативтік құжаттардың қорлары». 
ҚР СТ 1037-2001 «Архив ісі жəне іс жүргізу. Терминдер мен анықтамалар». 
ҚР СТ 1042-2001 «Ұйымдастыру -тəртіптеу құжаттамасы. Құжаттарды рəсімдеуге 
қойылатын талаптары». 
ҚР СТ 1178-2003 «Мемлекеттік стандарттар қорын заңсыз қолданудан қорғау. 
Жалпы техникалық талаптар». 
Техникалық реттеу саласындағы заңды жəне жеке тұлғаның міндеті мен 
құқықтары 
1) техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы НҚА жобасына өзгерістерді 
енгізу, ұсыныстарды дайындау. 
2) Өнімді(қызметті) жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлға, нақты заңға жəне 
техникалық реттеу аумағындағы НҚА таағайындалған талаптарға сəйкестігін растауды 
қамтамасыз етеді.
Техникалық реттеу саласында нормативті құқықтық актіні тағайындау жəне талап 
ету міндетті болып саналады жəне ол ҚР территориясына тікелей əсер етуші болып 
табылады.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер келесі бағыттарда 
жүргізіледі:
1) өндірістік жəне өнеркəсіптік қауіпсіздігі; 


2) ғимараттарды пайдалану, тұрғызу жəне соларға кіретін территоррияның қауіпсіздік 
жағдайында; 
3) өрт қауіпсіздігінде;
4) биологиялық; 
5) электромагниттік үйлесімділік; 
6) экологиялық; 
7) ядролық жəне радиациялық; 
8) химиялық; 
9) электрлік;
10) ақпараттық; 
11) токсикологиялық; 
12) өлшем бірлігінде; 
13) тамақ өнеркəсібінде; 
14) механикалық. 
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілердің мазмұны: 
1. өнім(қызмет) мен процесс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. өнім(қызмет) мен процесстің қолданылу талаптарына сай тізімі мен 
сипаттамалары. 
3. Өнімге қойылған талапты анықтау мүмкін болмаған жағдайда жіберілетін қауіп 
деңгейін қандай факторларға байланысты екенін анықтау. 
4. ТР аумағындағы НҚА қауіп деңгейінің есебімен ТР объектісінің арнайы 
талаптарын орындау керек:
1) санаттағы азаматтарды əлеуметтік қорғау(жүкті əйелдер, кəмелетке толмағандар, 
инвалидтер); 
2) ҚР əкімшілік-территориялардың бірліктегі қолданысын климаттық жəне 
географиялық талаптарына қатысты мақсаттың орындалуына пайдалану;
3) адам өміріне қауіп-қатер туғызатын өндірістік қауіпті объектілерді, төтенше 
жағдайларды болдырмау.
ТР саласындағы НҚА өзгерту, қабылдау,дайындау, жою ерекшеліктері. 
ТР саласындағы НҚА өзгерту, толықтыру, дайындау, қабылдау, жою жөніндегі 
ұсыныстар мемлекеттік органдар арқылы дайындалады. 
ҚР ТР саласындағы НҚА дайындау жоспарының жобасын келісілген орган 
қалыптастырады жəне ҚР Басқармасына растау үшін жіберіледі. 
ТР саласындағы НҚА нормативтік-құқықтық актіні жобалауды жасайтын орган 
мемлекеттік орган болып табылады. Ол басталу уақытынан бір айдан кешіктірмеу керек.
Егер ТР саласындағы НҚА жасалған талаптар мемлекетаралық стандарттар 
талаптарға сай емес немесе сəйкес мемлекетаралық стандарттар болмаса, ТР саласындағы 
НҚА ҚР импорттау шарттарына немесе ҚР экспортына өз əсерін тигізуі мүмкін.
ТР саласындағы НҚА жобалауды жасайтын мемлекеттік орган:а) жобаны жария 
талқылауды ұйымдастырады; б) келісілген органның жасаған ескертпелерін жинақтап, 
оны арнайы баспадан шығарып жəне ақпараттық жүйелеуді аяқтайды; в) ТР саласындағы 
НҚА айтылған ескертпелерді жанжақты қызығушылардың сұранысы арқылы таратады. 
ТР саласындағы НҚА жобалауды жариялық талқылаудың мерзімі алпыс күннен
аспауы керек.
ТР саласындағы НҚА қойылған шарттары пошталық жəне электрондық адрестерге 
жіберілуі тиіс. 
ТР саласындағы НҚА жобасының соңғы редакциясы ҚР заңымен тағайындалған 
тəртіппен дайындалады. 
ТР саласындағы НҚА қабылданған күннен қолданысқа кіріскен күн аралығында 
қажетті бақылауға қойылатын талаптарды жүзеге асыру қажет. 
Нег.: 1[78-80] 
Қос.: 22 [21-32] 


Бақылау сұрақтары: 
1. Стандарттау бойынша ұлттық заңнама. 
2. ТР саласындағы НҚА бағыттары. 
3. ТР саласындағы жеке жəне заңды тұлғалар міндеттері. 
4. ТР саласындағы НҚА дайындау, қабылдау тəртібі. 
5. НҚА МҚ сипаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет