Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекнорм

құжаттар əртүрлі ақпараттарды алып жүруі мүмкін: бұйымның құрамды бөліктердегі 
жинақтауыштар жəне қолданылатын материалдары, технологиялық жабдықтау 
құралдары, техникалық процестер мен операцияларға орындаушылардың істейтін 
əрекеттері туралы; технологиялық жабдықтау құралдарын баптау жəне технологиялық 
режимдер бойынша қолданылатын мəліметтер жайлы; еңбек шығындарын, технологиялық 
жабдықтаудың материалдары мен құралдары жөнінде, дайындау мен жөндеудің 
технологиялық маршруты бойынша; жұмыс орындарына, қоршаған орта экологиясына 
жəне т.с.с.
Көмекші технологиялық құжат ретінде өндірісті технологиялық дайындау 
аймағында орындалатын жұмыстарды ұйымдастыруын жақсарту мен оңтайландыру 
мақсатында негізгі технологиялық құжаттарды əзірлеушілермен қосымша қолданылатын 
құжаттарды түсіну керек. Қосалқы құжаттарға технологиялық жобалауға тапсырыс 
картасын; технологиялық келісім картасын; технологиялық процесті ендіру 
(технологиялық жабдықтау құралдарын) актісін жəне т.б. жатқызады. 
Технологиялық процестер мен операцияларды əзірлеуге арналған құжаттар ретінде 
технологиялық құжаттар жинағына кіруші жəне қолданылатын материалдар, 
технологиялық жабдықтау құралдары, еңбек шығындары, технологиялық режимдер 
бойынша, жабдықтарды реттеу мен баптау бойынша қажетті мəліметтерді жəне басқа да 
ақпаратты көрсетуімен технологиялық тізбектілікте барлық орындалатын əрекеттердің 
суреттелуін қамтамасыз етуші құжаттардың бөлек түрлерін (құжаттың бөлек түрін) 
түсінеді. 
Жалпы міндетті құжаттарға жекеше немесе технологиялық процестерге 
(операцияларға) құжаттар жинағында бұйымды дайындау немесе жөндеудің 
технологиялық əдістерін қолданудан тəуелсіз қолданылатын технологиялық құжаттар 
жатады, мысалы, эскиздер картасы, технологиялық нұсқаулар. 
Арнайы міндеттегі құжаттарға бұйымды (бұйымның құрамды бөліктерін) 
дайындау немесе жөндеудің технологиялық əдістері бойынша мамандандырылған 
технологиялық прцестерді (операцияларды) əзірлеу үшін қолданылатын құжаттарды 
жатқызады, мысалы, операциялық карта, технологиялық процес картасы, типтік 
технологиялық процес картасы, технологиялық ақпарат картасы жəне т.с.с. 
Технологиялық маршруттар ведомосын (ТМВ) өндірісті технологиялық 
дайындығының алғашқы сатыларында əзірлейді. Бұйымды жəне оның құрамды бөліктерін 
дайындаудың(жөндеудің) технологиялық маршруты бойынша келтірілген ақпаратты 
көрсетуге арналған. ТМВ өздігінен қолданылады жəне бұйымға арналған технологиялық 
құжаттардың жиынтығына кіреді. 
Бұйым жиынтығына кіретін технологиялық құжаттама құрамы.
Бұйымға технологиялық құжаттаманың жиынтығы ретінде бұйымды немесе оның 
құрамды бөліктерін дайындау мен жөндеу кезінде технологиялық процестерді орындау 
үшін қажетті жəне жеткілікті құжаттардың жиынтығының, технологиялық процестердің 
жəне бөлек құжаттардың қосындысын түсінген жөн (МЕСТ 3.1109–82). Бұйымға 
технологиялық құжаттама жиынтығының мынандай түрге болады: 
-бұйымға негізгі технологиялық құжаттама жиынтығы ретінде нақты бұйымды 
жəне оның құрамды бөліктерін өндіріске қою жəне келесі дайындауымен (жөндеуімен) 
байланысты, инженерлі-техникалық тапсырмалардың қажетті кешенінің біріккен шешімін 
қамтамасыз етуші, технологиялық процестерге жəне құжаттардың бөлек түрлерінен 
құжаттардың жиынтығын қосатын қажетті жəне жеткілікті технологиялық құжаттама 
кешенін түсінген жөн. 
-бұйымға қосымша технологиялық құжаттаманың жиынтығы ретінде берілген 
кəсіпорында дайындалатын (жөнделетін) барлық бұйымдарға таралушы, жалпы сипатқа 
ие еңбекті қорғау жəне қызметтің басқа да бағыттары бойынша орындалатын əрекеттерге, 


талаптарға үлгілі ережелерді орнатушы, қажетті жəне жеткілікті құжаттардың жиынтығын 
түсінген жөн. 
Технологиялық құжаттаманы белгілеу жүйесі ақпаратты-іздеу жүйелерін есепке 
алу, қолдану жəне пайдалануын тəртіптендіру мақсатында негізгі жəне қосымша 
өндірістерде өздігінен қолданылатын бұйымға құжаттама жиынтықтарын, технологиялық 
процестерге (операцияларға) құжаттардың жиынтықтарын жəне ТҚ бөлек түрлерін 
белгілеуге арналған. 
Нег.: 3 [3-6] 
Қос.: 24 [102-113] 
Бақылау сұрақтары: 
1. Нормабақылау мəселелері. 
2. Нормабақылаушы құқығы. 
3. Нормабақылауды жүргізу тəртібі. 
4. Технологиялық құжаттаманы нормабақылау. 
5. Технологиялық құжаттаманың құрамы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет