Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Лекнорм

Лекция. Тақырыбы: Сыныптау,сəйкестендіру жəне каталогтау. Мемлекеттік 
сыныптауыштарды жасау тəртібі.  


Ақпараттық технологияның дамуының нəтижесінде ақпаратты сыныптау жəне 
кодтау əдістерінің маңыздылығы арта түсті. Бұрынғы СССР кезінде де техникалық-
экономикалық ақпараттың ғылыми-əдістемелік базасы жəне кең сыныптау жүйесі дамып 
келді. 
Əлбетте, осы заманғы экономикадағы нарықтық жағдайлар ҚР
бар 
сыныптауыштардың жаңа үлгіге бейімделуін қажет етті. Жалпы мемлекеттік 
сыныптауышсыз ведомствоаралық ақпарат ағынындағы үйлесімділік мəселелерді шешу 
мүмкін емес. 
Сыныптаудың жəне кодтауың объектілері ретінде-статистикалық ақпарат, 
макроэканомикалық, финанстық жəне құқық қорғау қызметі, банк ісі, бухгалтерлік есеп, 
стандарттау, сертификаттау, өнім өндірісі, қызмет көрсету, кеден ісі, сауда-саттық жəне 
сыртқы экономикалық əрекеттері қарастырылады . 
Техникалық-экономикалық жəне əлеуметтік ақпаратты сыныптаудың жəне 
кодтаудың бірыңғай жүйесін(ТЭƏА СКБЖ) құру жұмыстарын жалпылай басқару мен 
келісімділік жұмыстарын стандарттау, метрология жəне сертификаттау Комитеті жəне ҚР 
статистикалық органдары жүзеге асырады. 
Өнімді сəйкестендіру- ерекше белгілері бойынша белгілі өнімдерді пайдалану , 
айналыс, өндіріс саласында бір мəнді тани білуді қамтамасыз ететін процедура. Өнімді 
сипаттау- тиісті құжаттарда белгіленген өнімді сипаттайтын белгілер, параметрлер, 
көрсеткіштер жəне талаптар жинақталымы. Сəйкестендіру нəтижесіүлгіге немесе оның 
сипаттамасына нақты өнімнің сəйкестігі (сəйкессіздігі) туралы тұжырым. 
Өнім сəйкестендіруді ықылассыз дайындаушыдан (жеткізушіден, сатушыдан) 
тұтынушыны қорғау мақсатымен, қоршаған орта, адамдардың өмірі, денсаулығы, жəне 
оның мүлігі үшін өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне ұсынылған талаптарға өнім 
сəйкестігін растау мақсатымен жүргізіледі. 
Нақты өнім туралы ақпаратқа өнімнің толық сипаттамасы ұсынылған, немесе оның 
сипаттамасына нақты өнімнің сəйкестігін растау қажет болған жағдайда сəйкестендіру 
жүреді. Сəйкестендіру нақты өнім белгіленген тəртіпке бекітілген (таңдалған) үлгіге 
жəне (немесе) оның сипаттамасына сəйкестігін растау үшін жеткілікті белгілер , 
параметрлер, көрсеткіштер жəне талаптар бойынша жүргізіледі. Өнімді сипаттау үшін 
нормативтік құжаттардың жəне тауарлармен қоса жіберілген құжаттардың кез келген 
түрлері пайдалануы мүмкін, соның ішінде: 
- мемлекеттік, мемлекет аралық, халықаралық жəне фирмалық стандарттар, 
ғылыми-техникалық , инжинерлік жəне басқа қоғамдық бірлестіктер стандарттары, 
техникалық шарттар; 
- өнім қауіпсіздігіне қадағалау мен нормалауды жүзеге асыратын органдардың 
нормативтік актілері, заңды жəне басқа нормативтік құқықтық актілер; 
- тауардың шығарылған жері мен сəйкестік сертификаттары ,өнім сапасы 
сертификаттары , өлшеу құралдары тұрпаттары; 
- құрастыру, технологиялық (рецептура жəне технологиялық нұсқаулықтарды қоса) 
жəне пайдалану құжаттамалары (төлқұжаттар, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар); 
- өнім жеткізуге келісім мен шарттар
- айрықшалықтар жəне техникалық сипаттамалар; 
- дайындаушы- фирманың талдамалы əдісі; 
- заттаңбалар, құлақша қағаздар, өнім туралы ақпараты бар ораманың əр түрлері; 
- белгіленген тəртіпте қолдану үшін қабылданған , өнімді сипаттайтын басқа 
құжаттар. 
Сəйкестендіру мақсаттарына байланысты , өнім туралы ақпаратқа жалпы талаптар 
реттемелейтін нормативтік құжаттарға сілтемелер мен сəйкестендіру процедурасы 
жөніндегі нормативтік талаптар стандарттарда жəне сертификаттау ережелерінде 
(өнімдер, тауар шығарылған жері , өнім сапасы ) жəне (немесе) өнімнің бір текті топтары 
немесе нақты түрлері жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленеді. 


Жалпы жағдайда құжаттарда анықталуы тиіс: 
а) жүргізілген сəйкестендірудің мақсаттары-сертификаттау, шығарылғын жері 
сертификаты, тапсырылған мақсаттар үшін өнімді жеткізу, дайындаушы жəне тұтынушы 
орнтасындағы келіспеушілікті шешу, өнімдерді бұрмалауды анықтау; 
б) төмендегілер жататын сəйкестендіру мəселелері
1) осы топтамаға немесе сыныптау топтарына жататындығын анықтау (түрі, атауы, 
өнім топтары); 
2) тауардың шығарылған жерін анықтау жəне өнімнің мақсаттық ( атқарымдық) 
тағайындалуын растау (соның ішінде сапа көрсеткіші жəне өнім қауіпсіздігі бойынша ); 
в) өнімді бір мəнді жəне сенімді сəйкестендіруге мүмкіндік туғызатын, тексерілетін , 
өнімді бұрмалауды қиындататын сəйкестендіру көрсеткіштері; 
г) сынамаларды іріктеу тəртібі; 
д) таңдалатын жəне қойылған талаптар мен сəйкестендіру мақсаттарына жету 
мүмкіндігін , алынған нəтижелер əділдігін қамтамасыз ететін сəйкестендіру əдістері
е) таңдалған əр сəйкестендіру əдістері бойынша нақты жұмыстарды жүргізу 
процедурасын сипаттаумен өнімге сəйкестендіру жүргізу кезеңдерін қосатын 
сəйкестендіру жүрізу тəртібі; 
Егер өнім сəйкестендіруді сертификатқа сəйкестігіне жүргізсе, онда көрсетілу тиіс: 
үлгі, тұрпат, серия нөмірі, үлгі топтамасы жəне сертификатты сертификатталған нақты 
өнімге жатқызуға мүмкіндік туғызатын басқа деректер. 
Тараптар келіспеген кезде егер өнім міндетті сертификаттауға жатса өнімді 
сəйкестендіруді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдарда немесе зертханаларда 
(орталықтарда), немесе егер өнім міндетті сертификаттауға жатпаса белгіленген тəртіпте 
тіркелген сынау зертханаларында (орталықтарында) жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет