● əртүрлі құжаттардың құрылуына,баяндалуына, ресімделуіне жəне
мазмұнына
қойылатын талаптар;
● сапа көрсеткішінің номенклатурасы;
● жалпытехникалық өлшемдер, талаптар мен нормалар;
● техникалық эстетика мен
эргономика талаптары;
● қауіпсіздік талаптары.
Өнім мен қызмет стандарттары біртекті өнім(қызмет) топтарының немесе
нақтылы өнім(қызмет) талаптарын қарастырады.
Өнім(қызмет) стандарттары келесі түрлерге бөлінеді:
а) жалпы техникалық
шарттар стандарттары;
б) техникалық шарттар стандарттары;
в) жалпы техникалық талаптар стандарттары;
г) техникалық талаптар стандарттары.
Бақылау əдістері стандарттары өнімді дайындау,
сертификаттау,пайдалану
кезеңдерінде оны сынау, өлшеу, зерттеу əдістерін(таңдау, қабылдау, əдістеме) бекітеді.
Процесстер(жұмыстар) стандарттары өнімнің тіршілік циклындағы жеке
кезеңдеріндегі əр түрлі жұмыстарды орындау əдістерін(тəлілін, жолын, режимін,
нормасын) бекітеді.
Стандарттардың құрылуына қойылатын талаптар
Стандарттарда келесі құрылымдық элементтер бар:
- титул парағы ;
- алғы сөз ;
- мазмұны ;
- кіріспе ;
- атауы;
- қолдану саласы ;
-нормативтік сілтемелер ;
- анықтамалар ;
- белгілер мен қысқартулар ;
- талаптар;
- қосымшалар ;
- библиографиялық деректер .
Стандартталын обьектілердің ерекшелігіне байланысты
стандартқа кіретін
құрылымдық элементтер “ Титул парағы” , “ Алғы сөз”, “Атауы”, “ Қолдану саласы”, “
Талаптар” обьектілерін қоспағында, қажет болған кезде келтіріледі.
Титул парағы стандарттың бірінші беті болып табылады. Мемлекеттік
стандарттарды басып шығарған кезде титул парағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан
республикасы Елтаңбасын орналастырады. мемлекеттік елтаңба мөлшеріне қойылатын
талаптар MCT 6.38-90 сəйкес болу тиіс.
Алғы сөз стандарттардың титул парағының екінші бетінде орналастырылады.
“Алғы сөзді” беттің ортасында бас əріптен жазады. “Алғысөзды” қалың шрифтпен
белгілеуге болады. Алғысөзде келтірілген мəліметтерді
араб цифрларымен аяғында
нұктесіз(1,2,3 жəне т.б.) нөмірлейді.
Мазмұны бас əріптен беттің ортасына жазылады. “Мазмұнын” қалың шрифтпен
белгілеу рұқсат етіледі. Стандарттар жинағынаң мазмұнына стандарттар мəтінінің басы
мен аяғы беттерінің толассыз нөмірі көрсетіліп стандарттар белгісі жəне атауы кіреді.
Кіріспе стандартты əзірлеу себебін негіздеу қажет болған кезде келтіріледі.
Кіріспеде талаптар болмауы тиіс. Кіріспені жеке бетте мазмұннан кейін орналастырады.
Атауы қысқа жəне стандарт таратылатын обьектіні нақты сипаттау тиіс, жəне
стандарттардың жылдық жəне ақпараттық сілтемелеріне оларды қосу үшін құжаттардың
дұрыс сыныптамасын қамтамасыз ету тиіс. Стандарт атауында (өнімнің
шарттық
белгілерінен басқа) қысқартулар, рим цифрлары, математикалық белгілер, грек əріптері
рұқсат етілмейды.
Достарыңызбен бөлісу: