Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Лекнорм

 
10 Лекция.
Тақырыбы: Кешенді 
стандарттаудағы 
экономикалық-
математикалық əдістер. Стандартаудың экономикалық тиімділігін анықтау 
əдістемесі.Өнімді стандарттау жəне бірыңғайлау деңгейін талдау əдістері.
Қазіргі экономикалық өрлеу дəуірінде стандарттаудың қоғамдық өндірістегі 
тиімділі-гін арттырудың техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік мəні зор болып 
табылады. 
Стандарттау объектілерінің көбеюі, оның өмірдің экономикалық, əлеуметтік 
өмірдің барлық саласына енуі стандарттаудың дамып жетілуіне үлкен ресурстарды қажет 
етеді жəне ресурс үнемдеу мəселесі стандарттаудың экономикалық тиімділігін аңықтайды.
Өйткені стандарттаудың экономикалық тиімділігі – ғылыми-техникалық прогресс пен 
технология тиімділігінің ажырамас бөлігі. 
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау дегеніміз – халықшаруашылық 
экономикасының өнімді жобалау, дайындау, қолдану кезеңдеріндегі стандарттаудың 
тиімді ықпалын көрсету болып табылады. Мысалы, өнім шығарушы үшін стандарттау 
талаптарын сақтау экономикалық тиімсіз болса, ал тұтунушы үшін – экономикалық тиімді 
болуы мүмкін. 
Өнімнің экономикалық тиімді мəні - өнімнің тіршілік циклының барлық 
кезеңдеріндегі экономикалық тиімділігінің алгебралық қосындысы ретінде есептеледі. 
Өнімнің «тіршіліқ циклы» жалпы алғанда жобалау, дайындау, қолдану, жөндеу 
жəне жою кезеңдерінен тұратыны белгілі. Стандарттың ықпалын тек экономикалық 
тиімділік алу үшін ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік, ақпараттық жəне экологиялық 
жағынан да қарастыру қажет: 
1) жобалау кезеңіндегі экономикалық тиімділіктерді есептеу үшін – жобалау 
жұмысының қөлемін қысқарту, еңбексиымдылығын, бағасын жəне мерзімін қысқарту 
көзделеді, яғни нақтылы істелетін жұмыстар мыналар:
- конструкциялық жобалау жұмысын ұйымдастырдуды жақсарту; 
- стандартты техникалық құжатты көпқайтара қолдану; 
- стандартты сызбаларды қолдану; 
- стандартты есептеу əдістерін қолдану; 
- көшірме жұмыстарын азайту; 
- техникалық архивтердегі құжаттардың санын азайту; 
- жаңа шығарылатын техникалық құжаттарды келісу, бекіту уақыттарын қысқарту. 
2) дайындау кезеңінде экономикалық тиімділікті есептеу үшін:
- материалсиымдылығын азайту; 
- енбексиымдылығын азайту; 
- құрама бөлшектердің санын көбейту; 
- унификациялау ерекшілігі; 
- фонд сиымдылығын азайту (қор сиымдылығын); 
- электрэнергиясы мен отын шығынын азайту көзделеді.
3) Қолдану кезеңінде экономикалық тиімділікті есептеу үшін: 
- өнімді тасымалдау жəне сақтауға кететін шығынды азайту; 
- өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыру; 
- бірнеше бұйымды бір стандартпен шектеу кажеттігі
- өнімнің пайдалану мерзімін ұзарту; 


- беріктігін арттыру; 
- энергия, отын, су жəне қосымша материалдар шығынын азайту; 
- қызмет етуші персонал санын азайту; 
- жөндеу жұмысы шығынын азайту; 
- қосалқы бөлшек пен бақылау-түзету аспаптарының қажеттігін азайту көзделеді. 
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін мəні оны анықтаған уақыт аралығына 
жəне стандарттық бұйымның өндіру көлеміне байланысты өзгереді, сондықтан 
экономикалық тиімділігі мəнінің мындай түрлері бар: 
1) жылдық тиімділіктер;
2) стандартталған өнімді өндірген барлық жылдардағы тиімділік;
3) қолдану барысындағы тиімділік. 
Ғылыми-техникалық прогресс тиімділігінің бір бөлігі ретінде стандарттық 
тиімділігін анықтау əдісі танылады. 
Кешенді стандарттау жəне бірыңғайландыру əдістері 
Ғылыми-техникалық прогресс халық шаруашылығы өндірістік техникалық 
сипаттағы жаңа техниканы жасау уақытын қысқартуды талап етеді. Бұл мəселелердің 
шешуіндегі жетекші роль кешенді стандарттауға қатысты. 
Кешенді стандарттау (КС)-бұл өзара байланысқан талаптардан тұратын жүйені 
қолдану жəне жоспарлы бекіту мақсатына бағытталған стандарттау, сонымен қатар 
кешенді стандарттаудың негізгі элементі нақты проблеманы тиімді шешу мақсатында 
обьектіге əсер ететін материалдык жəне материалдық емес факторлар болып табылады. 
Осыдан, кешенді стандарттаудың мəнісін былай түсінуге болады. Өнімнің сапа деңгейіне 
қойылатын талаптардың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету жəне өзара əсер етуші 
факторлардың бір-бірімен байланысын жүйелеу-кешенді стандарттаудың маңызды бір 
саласы болып табылады. КС стандарттау обьектісіне қойылатын талаптардың өзара 
байланысын, реттеу нормаларын жəне стандарттау бойынша өзара келісімді нормалар 
жиынтығын қамтитын техникалық құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Кешенді 
стандарттаудың негізгі талабы мен орындау бағдарламасына мыналар жатады: 
-қоғамдағы өндірістің барлық сапалық көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз ету; 
-өндірістік ресурстың барлық түрін үнемдеу режимдерін арттыру; 
-өнім сапасын жəне техникалық деңгейді көтеру.
Кешенді стандарттау міндеттері: 
- Стандарттаудың материалдық емес обьектісінің салалық кешені жəне өзара 
байланысқан жалпытехникалық талаптары мен нормаларды реттеу. 
- обьектіге жəне сол обьектінің элементтеріне(машинажасау бөлшектері
агрегаттар) сонымен қатар, шикізаттың түрлеріне,өзара байланысқан бұйымдар кешеніне 
жəне обьектіні жасаудың технологиялық белгілі бір деңгейдегі қажетті нормаларды 
реттеу. 
Кешенді стандарттау техникалық қатынаста көптеген рационалды параметрлер 
қатарын жəне өнеркəсіптік өнімдерді сорттауда, оның көптүрлілігін азайту жолдарын, 
жаппай жəне сериялық өндірістің техникалық базасын құру, жаңа техниканы енгізуді 
жеделдету жəне бұйымның сапасын көтеруге байланысты мəселелердің дұрыс 
шешімдерін 
табу 
жəне 
олардың 
сенімділігін, ұзақмықтылығын, жөндеуге
пайдалану(тұтыну) жағдайындағы қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. 
Кешенді стандарттау негізгі ерекшелігі - əрбір стандарттау обьектісіне қойылатын 
талаптардың барлық жүйедегі техникалық-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін 
есептемеге бағыныштылығы болып табылады.
Қазіргі жағдайдағы кешенді стандарттау əдісі ұйымдастырушылық жұмыстар 
жөніндегі практикалық құралы ретінде маңызды халықшаруашылық мəселелерін, 
шикізатқа қойылатын талаптарды, жабдықтарды, жартылай шикізаттарды, бөлшектерді, 
түзілімдерді, жинақтау бұйымдарды, құрал-жабдықтарды, сынау мен бақылаудың 
техникалық құрал-жабдықтарын, метрологиялық қамтуды, өндірісті технологиялық 


дайындауды жəне ұйым əдісін, сақтау мен тасымалдауды, бұйым сапасының жəне 
техникалық жеңгейін нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетелген дəрежеге сəйкес 
реттеу шарттарын шешуге бағытталған. 
Бірыңғайландыру(унификациялау)-обьектілердің тағайындалған белгісі бойынша 
қолданысы бірдей міндеттерін біркелкілікке келтіреді жəне обьектілер санын қысқарту 
негізінін айқындайды. Бірыңғайландыру типтің, түрдің, өлшемтипінің, бөлшектермен 
жиынтықтардың бірыңғай жəне толық өзараауысымдылығын қамтамасыз ететін, сапа 
көрсеткішінің өсуіне əсер ететін жеткілікті сандарының мəнін тағайындайды. 
Конструкцияны 
бірыңғайландыру 
кезінде 
əмбебаптан 
гөрі 
агрегаттық 
жабдықтардың өнімділігі артады, жаңа техниканы меңгеру мерзімі азаяды, машина 
данасын немесе партиясын өндіру тездетіледі. Стандарттау жəне бірыңғайландыру 
деңгейін анықтау үшін бұйымның барлық, яғни бұйымды құрайтын детальдар мен 
жинақтау бөлшектерінің категориялық түзілімдері пайдаланылады 
Қазіргі уақыттта бірыңғайландырудың алдында келесі мəселелер тұр: 
- бөлшектің дайындаудағы экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің əртүрлі 
автоматты жүйелерінің енгізуін қолдану арқылы аналогтық бөлшектердің дайындау 
дəлдігін, өңдеуін, материал таңбасын, құрылым мен орындау өлшемдерін өзгерту; 
- қажетті жағдайда бұйымның функционалдык бірдей міндеттерін біріктіру 
жолымен көптүрлілігін, типтерінің түрлерін, өлшемтиптерін азайту; 
- машина механизмдері, аппараттардың көлемді тізімінің орнына тағайындалған 
кешенді агрегаттар, түзілімдер жəне бөлшектерді құру. 
Нег.: 1[20-24] 
Қос.: 22[42-45] 
Бақылау сұрақтары: 
1. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі деген не. 
2. Өнімнің тіршілік циклы экономикалық тиімділігін анықтау. 
3. Кешенді стандарттаудың мақсаты жəне міндеттері. 
4. Бірыңғайландырудың негізгі бағыттары жəне мəселелері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет