Жоспар:
1.ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнеленуі.
2.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері.
3.ХІХ ғ 2-ші жарт мен ХХғ бас қазақтың ақын –жыраулары.
4.Қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуі
Семинардың мақсаты: ХҮІІІғ. Саяси-экономикалық жағдайына сипаттама бере отырып, ХҮІІІғ. мен ХІХғ. 1-ші жартысындағы қазақ мәдениетіне сипаттама беру.
Әдістеме. Бірінші сұрақта ХҮІІІ ғ. мен ХІХ ғ. 1-ші жартысындағы тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнелеуін анықтау. Шығармалардың мазмұны мен мәнін ашу.
Екінші сұрақта қазақтың музыкалық мәдениеті мен оның өкілдерімен танысып, сипаттама беру.
Үшінші сұрақта ақын-жыраулардың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, жыраулардың тақырыбын анықтау.
Төртінші сұрақта – қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуіне арналған. XVIII-XIX ғасырлар тоғысындағы қазақ және орыс мәдениетінің дамуы. Ресейдегі ғылыми және демократиялық үрдістердің қазақ мәдениетіне әсері.
Бұл сұраққа жауап бергенде, екі мәселеге көңіл бөлген сияқты. Біріншіден, Ресей мәдениетінің еуропалық мәдениет және христиан діні негізінде дамуы, осы аталған ғасырлардағы жеткен жетістіктері, империялық саясаттың күшеюі, кеңеюі. Екіншіден, қазақ хандықтарының сыртқы және ішкі қайшылықтар әсерінен мешеу дамуы, жоңғар
басқыншыларының ел тыныштығын бұзуы объективті себептердің ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына кедергі келтіруі. Содан кейін Қазақстан Ресей империясының қарамағына өтуі, отарлық саясаттың шеңберіндегі қазақ мәдениетінің дамуы туралы айтылады. XX ғасырдағы орыс мәдениетінің, соның ішінде ғылыми мен өндіріс жетістіктерінің қазақ қоғамына әсерін, ағартушылық ойдың және ғылыми көзқарастың таралуына атап өткен жөн.
Әдебиет:
1. Абай Құнанбаев «Таңдамалы шығармалар жинағы» 1-2 том, - Алматы,1972ж.
2. Абай шығармалары. – А., 1995.
3.Ә.Хасенов. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуы. – А., 1987.
4.Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – А., 1996.
5.Ә.Қоңыратбаев. «Эпос күйтабақтары туралы», Қазақ әдебиеті. 1981ж., 20 наурыз.
6.А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. – А., 1958.
Тақырып №14-15. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуы және ұлттық мәдениеттердің жаңғыру мәселесі.
Семинардың мақсаты: КСРО тарағаннан кейінгі тарихи процестердің дамуын сипаттау, мәдени өзгерістер мен ерекшеліктеріне тоқталу.
Әдістемелік нұсқау.
КСРО тарағаннан кейінгі уақыттағы тарихи-мәдени поцестердің дамуы, тоталитарлық жүйенің күйреуі, Ресей империясының қарамағында болған халықтардың өз бостандығына қол жеткізуі сияқты ғаламдық маңызы бар өзгерістерден бастап жауап берген дұрыс болады. Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетіндегі жетістіктер, материалдық
және рухани құндылықтардың жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан бағалануы, қоғамдық өмірдегі саяси-экономикалық реформалардың мәні мен мағынасы жайында аталуы қажет.Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық тілдің,ділдің және діни дүниетанымның қайта жаңғыруы, ұлттар мен ұлыстардың төл мәдениетін дамытуына мүмкіндік алуы, олардың арасындағы үйлесілімділіктің сақталуы сияқты мәселелерді түсіндіру керек. Тағы да, қазіргі қазақ мәдениетінің , онывң ішінде өнері мен ғылымы, өндірісі мен техникалцық жетістігі, білім беру жүйесі мен мәдени орныдардың, діни мекемелер мен ғибадатханалар жұмысы түгел қамтылғаны дұрыс. Әлемдңк өркениеттегі Қазақстан Республикасының орны мен даму бағыты, болашағы жайында ғылыми болжам, тұжырымдамаларды келтіріңіз.
Әдебиеттер:
1. Маркова А.Н. Культрология. - Москва, 2001.
2. Межуев В.М. Мәдениет және тарих. – М., 1997.
3. Философиялық сөздік. – М.СЭ., 1983.
4. Сорокин. Адам. Өркениет. Қоғам. – М., 1992.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Лекция материалдары
Қостанай , 2009 .
№1. Кіріспе.
Мақсаты:Пәннің мақсаты мен міндеттерімен танысу. Әдебиеттерге шолу жасау.
«Қазақ мәдениетінің тарихы» курсы Қазақстан Республикасындағы қазақ мәдениеті дамуының тарихын ашады. Оның негізіне алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі заманғы кезеңге дейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасу кезеңдері жөнінде нақты деректер береді.
Бұл курс Қазақстан тарихымен тығыз байланыста. Берілген оқу курсы алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәдениет тарихын қамтиды.
«Қазақстан мәдениетінің тарихы» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар тарихы жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайталау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірдердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-саналық қасиеттерімен ерекшеленетін «мәдениет» атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазақстан мәдениетінің тарихы — жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін құрайды. Қазақстан мәдениетінің тарихы — мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжрибесін адам санасында қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда, мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады. Қазақстан мәдениетінің тарихы заман ағысына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі. Демек, Қазақстан мәдениетінің тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты оқушылардың адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Курстың мақсаттары мен міндеттері
Халық даналығының мерей-мақтанышы-мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар.Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Мұндай қажеттілік пен талап ата-бабалары ғасырлар бойы арман етіп аңсаған елінің егемендігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес мемлекет құрып, өз алдына отау тігіп жатқан қазақ халқының тағдырындағы өзгерістерден туындап отыр.
Бүгінгі таңда әлеуметтік және экономикалық саясаттың нысанасы-адам және оның тұрмысы, еңбегі, отбасы, рухани дамуы, өмір салты болып табылады. Қазіргі таңда төл мәдениетімізді дамыту қоғамда кеңінен көтеріліп жүрген әлеуметтік проблемалардың бірі. Сондықтан жастарға осы пән – мәдениет туралы білім берудің және тәлім - тәрбие берудің негізгі бір жолы. Ол студенттерді эстетикалық, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді:
- адамзат баласының мәдени өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;
-әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы зандылықтарын айқындау;
-қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру, өзекті ғаламдық мәселелермен олардың болашағын болжау. - Студенттерді пәннің теориялық негіздерімен таныстыру.
- Халықтың озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау,одан ғибрат алуға үндеу, тозық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру.
- Мәдениеттің дамуы туралы толық мәліметтер беру.
- Студенттерді өз туған жерін,елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, өз отбасын сыйлауға, сүюге тәрбиелеу.
Бақылау сұрақтары:1. Курстың мақсаты мен міндеттерін атау.
Әдебиеттер:
1.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.
2.Ә.Хасенов. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуы. – Алматы., 1987.
№ 2-3. Тақырыбы: Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті.
Мақсаты: Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама беру.
Жоспары:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андрон мәдениеті.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
1. Адамзат тарихының тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінетіні белгілі. Соның алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың тастан құрал жасап, ол құралдардың археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге жетуі «тас дәуірі» деп аталатын шартты атаудың шығуына себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді. Палеолит -бастапқы, ежелгі ; мезолит - орталық,; неолит - соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді. Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан әртүрлі қалақшалар жасауы қажымай-талмай алға басудың жемісі болды. Біздің заманымызға дейінгі бесінші мың жылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдары кеңінен пайдаланылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келісаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды.
Тас дәуірін ауыстырған қола дәуірінің тұсында діннің бүгінгі бітім-бейнесін қалыптастырып үлгірген Еуразияның ұлы даласын мекендеген адамдар қолға мал ұстап, жерге дән сіңіріп, бірлесіп аң, балық аулау, сөйтіп, топтанып өмір сүру салтын игерді. Еңбек құралдарына ортақ меншік қалыпатасты.
Әртүрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылатын қола еңбек кұралдарымен қару жасау үшін негізгі шикізат болды. Қоламен бірге түсті металдардың әсіресе қалайы мен мыс рудаларының табылып, кен көздерінің ашылуы, металл өңдеуді игеру далалықтардың алдынан дамудың жаңа көкжиегін ашты. Олардың мал шаруашылыгымен бірге металл өңдеу кәсібін жолға қоюын тездетті.
Қола дәуіріндегі, Еуроазияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет қалыптастырды. Оның мұралары Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан табылғандықтан, ол мұралар «Андрон мәдениеті» деген атпен жұртқа белгілі болды.
Қола дәуірінің алғашкы кезеңін (біздің з.д. XVIII -ғ.ғ.) және орта кезеңін (біздің з.д. ХУ-Х ғ.ғ.) түгел қамтыған Андрон мәдениетінің иелері алғашқы қауым адамдарына қарағанда өздерінің өмір тәжірибесінің, сана-сезімінің анағұрлым өскендігімен ерекшеленеді. Отырықшылық дағдысын игеріп, қасынан әртүрлі шаруашылық жайлар мен мал ұстайтын орындар салынған жертөлелерде тұрған олар малшылық, егінші-диқаншылық кәсіппен айналысты. Олар сонымен бірге металдан еңбек құралдарын, қару-жарақты, сәндік бұйымдарын жасай білді. Тесігі бар, түп жағы шығыңқы балта, сағанасында ойығы бар пышақ, балға, шот, егін орағы, пішен шабатын шалғы сияқты кұралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қару-жарақ жасау жетілдірілді. Найза, жебелердің өзгеше ұштары пайда болды. Сәндік бұйымдардан білезік, айна, мойынға тағатын моншақтар, ілмешектер жасалды.
Андрон мәдениеті кісі жерлеу рәсімін жетілдірді. Өлген кісілерге тастан қоршалып зираттар тұрғызылатын болды. Кең жерлерде, әсіресе Жайық бойында зираттардың орнынан биік обалар үйіліп, өлік тастан, ағаш бөренеден жасалған табытқа бүгулі күйінде қырынан жатқызылып, осы обалардағы шұңкырларға жерленді. Олардың жанына саздан жасалып, өрнектеліп үшбұрыш айқыш-ұйқыш және Тура тартылған сызықтармен безендірілтен құмыраға азық салып қою әдеті де болған. Ыдыстардың түбі шығыңқы, домаланып келетін болса енді түбі орнықты, жайпақ болатын болды. Олардың сыртына өрнектер салынды. Сөйтіп, өндіріс техникасының жетілуі және қоладан, балшықтан істелген ыдыстардың әдемілігі Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.
Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Біздің жыл санауымызға дейінгі ХVІІ-ХV ғасырларды қамтып жатқан Федоров нұра кезеңінде ірі қараны, сиырды көбірек ұстаған далалықтар мекен-қоныстарының маңынан ұзап кете алмады. Кейінірек қола дәуірінің алакөл-атасу кезеңінде олардың баққан малының ішінде жылқы, түйе, қой түлігі көбейіп,оларға алысқа ұзап, шырқай көшіп малды тұнық су,шұрайлы шалғынды жерлерде жайып көшпелі тұрмыстың салт-дәстүрін игеруге қол жеткізді. Мұның өзі малдың өрісінің ғана емес, көшпелілердің ой-өрісінің кеңуіне, олардың түсінігі мен мәдениетінің, уақыт пен кеңістік жөніндегі дүниетанымының қалыптасып, этномәдени болмысының даралануына жол ашты. Оны осы тұста дамыған егіншілік мәдениетінің жәй-күйінен де көруге болады. Оның деректері Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-Нарым қонысынан табылған егінші-диқаншы құралдарының қалдықтары арқылы анықталған. Мұндай құралдар, дән түйіршіктері Қазақстанның басқа да жерлерінен көптеп кездесті.
2.Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Беғазы мәдениеті болды. Ол Андрон дәсүрлерін сақтай отырып оны жаңа мән-мағына, мазмұн, соны түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінен ұшырасады. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. Бұл тұста тұрпаты ерекше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар пайда болдьқ.Өлген адамдарды жереу ғұрпының да өзгергені байқалады. Өліктер бұрынғыдай бүктелген қалыпта емес аяқ-қолын созып шалқасынан жатқызылып жерленетін болған. Бұл тұстағы молалардан адамдардың мүлік теңсіздігін сипаттайтын дәлелдер де табуға болады.
Дәндібай - Беғазы мәдениеті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, құралдарды жасау үшін тас металл, мал сүйектерін кеңінен пайдаланудан да көрінді. Бұл тұста қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мыс, қалайы, алтын кендерінің ашылуы металл өңдеудің дамуы зор әсерін тигізді. Мыс өндіру Жезқазған, Успенск өңірінде жүйелі жолға қойылды. Қорытылған мыс, қалайы, темірдең еңбек құралдары, ыдыс-аяқ сәндік бұйымдар істелді. Жауынгерлік қарулар жасалып, олар үнемді жетілдіріліп отырды. Ол кездегі негізгі қарулар жебе, найза, қанжар, орақ, айбалта, семсер, сүмбі, тұтқыш шанышқы, айыр, қақпан т.б. осы сияқтылар болды. Садақ жебесінің, одан атылатын оқтың бірнеше түрлері өмірге келді. Аламан оқ, тіз оқ, кез оқ, тұқыл оқ, кәбе бұзар оқ, қозы жауырын оқ, аймандай оқ, томар оқ, доғал оқ сияқты оқтардың көбі сол тұста пайда болды.. Зергерлік, ісмерлік өнер өріс алды. Жан-жануарлардың, дүние дидарын толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің, тәңірінің бейнесін елестететін өнер туындылары, қыстырма, бой тұмар сияқты заттар шықты. Табиғатты пір тұтумен қоса адам пішіндес құдайға мойынсынушылық белең ала бастады. Ру, тайпа бабалары, жеке адамдар тұлғаланып, айрықша бейнеге, жинақталған ұғымға айналды. Олар кейінгі келе келе адам бейнесіндегі сын тас, балбал тас сияқты мәдени мұраларды туғызды. Сөйтіп алғашқы қауымдық кұрылыс аясында пайда болып, қола дәуірінің өзінде-ақ ежелгі қазақ жерін мекендеген барша халықтардың мәдени-тарихи дамуындагы жаңа кезеңнің ірге тасы қалана бастады. Бұл біздің заманымызға дейінгі XI-VIII ғасырларға тұстас кезең еді.
Бақылау сұрағы:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андрон мәдениетіне сипаттама беру.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін ата.
Әдебиет:Н-3,4,6,8, Қ-5,9,10
№ 4-5 . Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті.
Мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениетіне сипаттама беру.
Жоспары:
1.Сақ тайпалық одақтар мәдениеті
2.Үйсін, қаңлы мемлекеті мәдениеті
Негізгі ұғымдар: сақ, үйсін, қаңлы тайпалары.
Сабақтың әдісі:ауызша баяндау.
1.Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады.қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Біздің заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда парсы елінде патшалық құрған Кирдің ажалы да сақтардан болыпты. Сақ әулетін басып алмақшы болып жорыққа шыққан Кирдің әскерлеріне Кармандыкпен қарсы тұрып, оларды қанды майданда қырғынға ұшыратқан сақтар Кирдің өзін қолға түсірген. Оны тұтқындаған сақ әулетіне кіретін массагет тайпасының жасақтары екен. Грек тарихшысы Геродаттың айтуында «массагеттердің» әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!»- деп тұлыпты дарияға лақтырған.
Бұдан сабақ жасамай, сақтарды бағындыру ниетінен бас тартпаған Парсы патшасы Дария біздің заманымызға дейінгі 918 жылы ауыр қолмен сақтардың жеріне баса-көктеп кіргенде, бұл да сақтардың тегеурінді қарсылығынан қатты жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста ержүрек сақтардың талайы тапқырлығы, ерлігімен көзге түсіп, есімдерін мәңгі өшпейтін даңққа бөлеген. Солардың бірі Ширақ деген сақ жігітінің ерлігін грек тарихшысы Полишен былай суреттейді: Ол... «Өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып өзін сақ бастықтарынан қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы басқыншылары судан, шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға «мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгеніңді істей беріңдер», - деп басын құрбандыққа тігіп келгенін паш етеді.
Әлемнің көп елдерін бағындырып жеңімпаз қолбасшы атанған Александр Македонскийдің әскерлері де сақтардан ауыр жеңіліске ұшырап, қолбасшысының өзі жазылмайтын жарақат алған. Ширақтың ерлігін естіп, сақтардың батырлығы мен батылдылығынан сескенген ол әскерін кері әкетуге асыққан.
Сақтардың ұзақ жылдар дамып қалыптасқан биік мәдениеті болған.Жазуы қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген руй жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі.Осы жазумен жазылып қалған көптеген деректер қазба жұмыстарының барысында мол табылған. Сақтардың жалпы адамзаттық мәдениеттің асыл нұсқасы деп бағаланып жүрген даналық өрнектерінен (скифский зверинный стиль) бүгінгіге жеткен мұра көп. Олар Алтайдағы Пазырық қорғанынан, Алматы түбіндегі Есік қорғанынан табылған.
1969-1970 жылдарда Алматы қаласына таяу жердегі Есік өзенінің сол жақ бетіндегі Есік обасын қазған археологтар ертедегі Жетісу өңірін жайлаған сақтардың экономикалық өмірі, өнері мен мәдениетінен деректі мағлүмат беретін мол мүраға кездесті. Жалпы жұртқа «алтын адам» деген атпен белгілі болған бұл мұра басын батысқа беріп шалқасынан жатқызылып жерленген 17-18 жастағы сақ жауынгерінің бойынан табылды. Оның басына кигізілген шошақ төбелі биіктігі 60-70 см. тымақ барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, кұстың бейнесімен өрнектелген екі жүзден аса таза алтын әшекеймен безендірілген. Бас киімнің маңдай жағынан алтыннан жасалған қос аттың мүсінін және ұзынша екі жапырақты көруге болады. Мойнына таққан бұрама алтын алқаның ұшынан жолбарыстың басы көрініп тұр. Жас жігіттің жүқа тоқылған ішкөйлегі, оның сыртынан киген қызыл былғары бешпеті бар екен. Бешпет үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Беліне кесек алтынмен безендірілген қайыс белбеу буынған жас жігіттің оң жағына ұзын темір семсер, сол жағына алтынмен апталған әдемі қанжар асылыпты. Осы қабірден шыққан отыздаған ыдыстардың арасындағы күміс тереннің сыртына 26 әріптен тұратын екі жол жазу жазылған. Мазмұны анықталып әзірге оқыла қоймаған. «Есік жазуы» деп аталып кеткен бұл жазулар Қазақстан тұрғындарының бұдан екі, екі жарым мың жылдар бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін айғақтайды.
Жалпы сақтар өздері тұтынған қару-жарақ, ыдыс-аяқ тағы басқа нәрселеріне әртүрлі малдар мен аңдардың, қошқарлардың, текенің, аттың, түйенің, қодастың, арыстанның, аюдың суреттерін салып әшекейлеуді ұнатқан.Тіпті қанжардың сабын, ошақтың бұтын, айылбасты тағы басқа нәрселерді белгілі бір хайуанаттарға ұқсатып жасаған. Көшпелі сақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттері бар күмістен, темірден жасалған ыдыс-аяқ, тарақ қаруларды археологтар сақтардың жерленген жерінен де тапқан. Өлген адамның жанына бұлармен бірге марқұмның көзі тірісінде мініп жүрген аты да көмілген. Қабірдің үстіне топырақтан оба жасалып ол таспен қоршалатын болған. Сақтардың діні тәңірлік дін. Олар Көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды тіршілік мұраты деп білген. Сақтардың қалыптасқан наным сенімі биік мәдениеті болған. Олардын мәдени-рухани ықпалының ізін Казақстанмен қатарлас жатқан Иран, Ауған, Пәкістан, Үнді елдерінен күні бүгінге дейін көруге болады.
Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады.қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты. Қарсыласына қатал, досқа адал сақтар қастасқан жауының қанын ішпей тынбаған. Шайқастарда жеңілген жауының жан терісінен шылбыр, бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс жасап, жыл сайын өткізілетін мереке-мейрамдарда осындай ортақ ыдыстан ұрыстарда ерлігімен көзге түскен батырлар жұрт алдында ішімдік ішу бақытына ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: |