Лексикология билетт


Сөздің лексикалық мағынасымен байланысты этномəдени



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
лексикология билетт

19.Сөздің лексикалық мағынасымен байланысты этномəдени 
мағыналары
 
Этномəдени лексика – қазақ этносы мəдениетінің құнды деректерін 
бойына терең дарытып жинақтаған, ғасырданғасырға мұра болып келе 
жатқан байлығы. Ұлттық тіл – өте кең ұғым, өзінің тарихи дамуына қарай 
күрделі, сан қилы өткелдерден өтетіндіктен, құрамы жағынан бірыңғай 
бола бермейді. Қазақтың ұлттық тілі ала-құлалығы елеусіз, ортақтығы 
басым монолитті тіл, оның біртұтастығы жергілікті сипаты болса да, ұлан-
байтақ аймақтың, тіпті тағдыр тəлкегімен нəубет кезеңдерінде шет жайлап 
кеткен қандастардың да бір-бірімен еркін түсінісетіндігінен көрінеді. 
Осыған орай, қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері сөйленіс аталып, 
сөйленістер тобына бөлінеді. Қазақтың ұлттық тілінің құрамдас бөлігі – 
сөйленістер жүйесі, ал аймақтық лексика осы жүйенің тіл тарихымен 
өзектес қабаттардан тұратын мол саласы. Аймақтық лексика – сақталған 
тарихи жазба деректері тапшылау түркі тілдерінің бірі, қазақ тілінің, өз 
тарихын, рухани-материалдық байлығын таразылап, зерделеуінде, өзін-өзі 
тану жолында жүгінетін көнекөз куəсі. Аймақтық лексиканы қазақтың 
дəстүрлі мəдениетінің аймақтық көріністерін таңбалайтын этномəдени 


мазмұнды бірліктері – аймақтық сөздер құрайды. Қазіргі «Рухани 
жаңғыруға» бет бұрған кезеңде «Əжептəуір жаңғырған қоғамның өз 
тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын коды болады. Жаңа 
тұрпаттағы жаңғырудың басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. 
Онсыз жаңғыру дегеніңіз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген 
тұжырым «ұлттық код» тамырының аймақтық лексикада да тармақтары 
бар дегенге сілтейді. Қазақтың біртұтас тілінің аймақтық лексикасы – 
ұлттық тіл байлығының жергілікті сипаты бояуы сіңген бөлігі, сондықтан 
қазақтың аймақтық мəдениеті өзгеше болмайды. Қазіргі тіл ғылымы 
этномəдени бірліктерді жеке дара күйінде зерттеуден гөрі оларды өзара 
байланысты этномəдени ақпарат көзі ретінде зерделеуге ден қойып 
отырған кезеңде, аймақтық лексиканы этномəдени дереккөз ретінде, 
дəстүрлі қазақ мəдениетінің аймақтық көрінісі тұрғысынан айқындап, 
оның танымдық қатысымдық қызметін көрсету зерттеу жұмысының 
өзектілігін дəлелдейді. Халықтың тілінде таңбаланып, оның өмірімен біте 
қайнасып келе жатқан этномəдени лексикасының коды осы аймақтық 
лексикадан да тамыр тарататынын, ұлттық мəдениет құндылықтарының 
аймақтық лексикада өзіндік рең бояу ала отырып, дəстүрлі мəдениетті 
айшықтай түсетінін тіл деректері арқылы таныту зерттеу жұмысының 
өзектілігін нақтылай түседі. 
Тіл – мəдениетті танытушы ғана емес, ол сол мəдениеттің негізін салушы. 
Өйткені тіл рухы халықтың ой-санасында, дүниетанымында, мі- нез-
құлқында, əлеуметтік өмірінде, табиғатында сақталған. Осылар арқылы 
тұтастай бір мəде- ниет өмірге келеді. Лингвистикалық мəдениет- тану 
термині фразеологиялық мектептің өкілде- рі В.В. Воровьев пен В.Н. 
Телия зерттеулері негізінде қалыптасты. Тіл қоршаған ортадан, 
болмыстағы шындықтан, адам санасы мен ойы- нан тыс өмір сүруі мүмкін 
емес. Мəдениет қо- ғамдық сананың бір бөлшегі, ал тіл – сол мəде- ниеттің 
шындығы, əрі көрінісі. Халықтық мəде- ниеттің ең нəзік ұшқындары, 
өрнектері тілде кө- рініс табады. В. Фон Гумбольдт пікіріне сүйен- сек, 
материалдық жəне рухани мəдениет тілге əсер етіп, халық тілінде 
сақталады; кез келген мəдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік 
жүйеде айқын көрінеді; тіл адам мен қор- шаған ортаны жалғастырушы 
буын; мəдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тəн, – деп 
көрсетеді /1, 32/. Аталған мəселе бүгінгі күннің жаңа бағыты болғанымен, 
этностың тілі мен мəдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша 
көзқараспен қарастырылғанымен, бұған дейін ғалымдар бұл мəселені 
психология, əлеу- меттік лингвистика, этнопедагогика, этнолин- гвистика 
т.б. пəндердің негізінде зерттеп келді. Тіл мен мəдениеттің өзара 
байланысын ал- ғаш рет көтерген ғалымдар Я. Гримм‚ Р. Раск‚ А.А. 
Потебня. Бұл проблеманың қайнар көзі – В. Фон Гумбольдттің ғылыми 
еңбектері десек жəне оның “халық тілінен халықтың психоло- гиясы 
көрінеді” деген қағидасын ұстанған ізба- сарлары Г. Штейнталь, В. Вундт, 


М. Лацарус этностар психологиясының тілге əсерін қарас- тыра отырып, 
жаңаша бағыт психолингвистика- ның пайда болуына себепші болады. 
Бұнда эт- ностың дүние құбылыстарын қабылдау мен таным үдерістерін 
халық болмысындағы мінез- құлқымен байланыстыра, сабақтастыра зерт- 
тейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет