қазіргі таңда қазақ тілін оқыту əдістемесінде
басты назар аударатын
мəселелердің бірі болып отыр. Əрине, бүгінгі күні
қазақ тілін оқыту
əдістемесі жан-жақты дамып, өз жемісін беріп келе жатқан ғылым саласы
болып қалыптасты. Алайда, кемшін тұстары да аз емес, себебі тілді оқыту
– үнемі дамып отыратын құбылыс. Сол себепті тілді оқытуда үнемі
жаңашылдық енгізіп отыру – əрбір оқытушының басты міндеті.
Тілді оқытуда материалды тіл үйренушіге
қалай беру керек деген
мəселе туындайды. Бірінші –
сөз жəне сөздік қор мəселесі. Мысалы:
•
сөздік қорды меңгерту (сөздің мағынасын түсіндіру);
•
сөздің сөйлемдегі орнын меңгерту (өзге бірліктермен байланысы,
мəтін);
•
сөздің қарым-қатынастық қызметін меңгерту (сұхбаттағы қызметі).
13.Қазақ тілі лексикологиясының негізгі объектісі мен салалары
құрылымдық-тұлгалық ерекшеліктерінен де көрініс береді. Сондықтан
этнос тілінің қалыптасу, даму тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеу ең
алдымен нысанаға алынған белгілі бір халық тілінің грамматикалық
құрылымының моделін анықтаудан басталатыны белгілі.
Атау тұлғадағы сөздерді, етістіктердің негізгі тұлғаларын,
грамматикалық тұрғыдан түрленген сөздерді толық қамтитын түркі
тілдеріндегі жалпылексиканың морфологиялық құрылымы үш
құрамдас бөліктен тұрады: түбір, жұрнақ, жалғау. Осыған байланысты
сөздер де құрылымына қарай негізгі үш типке бөлінеді: түбір сөздер;
түбір мен бір немесе бірнеше жұрнақтардан құралған сөздер; түбір мен
бір немесе бірнеше жұрнақтан жəне бір немесе бірнеше жалғаудан
құралған сөздер. Соңғы тип іштей екіге бөлінеді: түбір жəне бір немесе
бірнеше жұрнақтардан құралған сөздер; түбір мен бір немесе бірнеше
жұрнақтан жəне бір немесе бірнеше жалғаудан құралған сөздер.
Түркі тілдері грамматикасының сөзжасам мəселесі тілдің барлық
деңгейлеріне (лексика, фонология, морфология, семасиология,
синтаксис) қатысы бар дербес лингвистикалық сала ретінде саралана
бастағанымен сөз тұлғасының қалыптасуы мен дамуын айқындау,
негізгі сөзжасам амалдарын зерттеу жалпы грамматика теориясындағы
морфологиялық
заңдылықтар аясында жүргізіледі.
VI-IX ғасыр түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялык,
құрылымын зерттеу де əлемдік лингвистиканың, түркі тіл білімінің
грамматика саласының гылыми-теориялық жəне методологиялық
ұстанымдары мен гылыми ұғымдарына негізделеді, сондай-ақ жалпы
грамматикадан сараланган морфология бөлімінің ішкі заңдылықтары мен
амал-тəсілдеріне сүйенеді. Морфологиялық құрылым болып табылатын
лексемалық бірліктер тілдік материал (форма) мен форма мазмұнының
бірлігіне негізделген сөз тұлгасын сомдайды. Əр түрлі мəндік ұгымдарды
білдіруде дыбыстық құрылымның түрліше болып отыруы, яғни белгілі бір
дыбыс тіркестерінің белгілі бір мағына, мəн беруі немесе белгілі бір мəн-
магынаның өзіндік дыбыстық құрылымының болуы, олардың өзіндік
функциясының болуы сөз тұлғаларын іштей жіктеп, грамматикалық
тұрғыдан топтастыруға негіз болды.
Грамматика (грек, gramatike+gramma əріп, жазу) -1) тіл құрылысы, яғни
морфологиялық категориялар мен формалардан, синтаксистік
категориялар мен конструкциялардан, сөзжасам тəсілдерінен тұратын тіл
жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: