Халық тілінде байырғыдан
келе жаткан тұрақты сөз
орамдарының (мақал, мəтел, қанатты сөздер,
фразеологиялық
тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің
өткен дəуірлеріндегі
наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын,
тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, əрі нəрлі, əрі əрлі етіп
ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі»
сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мəтел,
фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады.
Əрине,
сауда күсет болсын! деген тұрақты тіркестің мағынасы жалпы
алғанда түсінікті, əйтеуір бір тілекпен айтылған сөз екенін аңғаруға
болады.
Бірақ осындағы күсет жеке алғанда қандай мағыналы сөз
екендігі мүлде белгісіз. Мұндай шешуі қиын "жұмбақтар" əсіресе,
сан атауларымен келген тұрақты сөз орамдарында өте көп кездеседі.
Бұлай болуы бір жағынан заңды да, өйткені байырғы кездерде халық
əр алуан құбылысқа нəзік
бақылау жасай келіп, олардың ортақ
қасиеттері, сипаттарын санмен түйіп, санамалай айтып отырған.
Бірақ уақыт өте келе сол сандар көмескі тарта бастады.
Мысалы
,
жеті амал, бес конақ, үш арсыз, жеті жұт тəрізді тіркестердегі
жеті,
бес, үш сөздері сандық мəннен айрылып, жұмбаққа айналып барады.
Олардың түп төркіні нені білдіретінін екінің бірі таратып бере
алмайды. Сөз де сырсандық тəрізді. Сəті түсіп,
кілті табылғандай
болса, көп нəрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-
тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: