Лексикология билетт



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
лексикология билетт

4.Сөз мағынасының кеңеюі
Сөздің бұрынғы мағынасының үстіне жаңа мағына қосылса, оны 
сөз мағынасының кеңеюі, дамуы деп атаймыз.
Қоғам тарихында 
адам өміріне қажетті құрал-жабдықтар, заттар өзгеріп, түрленіп, 
жаңарып жатады. Зат қанша өзгеріп кетсе де, оның әуелгі аты 
жаңарып түрлеріне ауысып отыруы ат ауысу заңы деп аталады. 
"Цельковые" Сөлкебай 
Сөлкебай сөзінің әуелгі мағынасы - бір сомдық күміс ақша; 
Кейінгі мағынасы - шашқа тағатын шолпы сияқты әшекей бұйым. 
5.Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың этимологиясы 
Этимология грек тілінің etumos «ақиқат» және logos «білім» деген 
сөздерінің бірігуінен жасалған. Тіл білімінің ішінде тарихи 
лексикологияның арнаулы саласы. Ол жеке сөз тіркестерінің, 


грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен 
мақал-мәтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, 
даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, 
тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді.
6.Сөздердің фразеологиялық байлаулы мағынасын түсіндір
Фразеологиялық байлаулы мағына — сөздің белгілі ғана сөздермен 
тіркесу арқылы, яғни фразеологизм тіркестерде берілетін лексикалық 
мағынасы. Сөз өзінің атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға 
тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім 
келсе, Фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сезбен емес, 
санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады.
Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген езінің тура 
мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мап депбірқыдыру сөзбен 
емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің 
құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, 
атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеологиялық байлаулы мағынада 
қолданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз деген сөзбен 
тіркескенде ғана айқындалады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура 
мағынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осыдан құлқыны құрыды, 
құлқынның құлы деген фразеологизм тіркестер жасапған. Ал құлқын сәрі 
деген тұрақты тіркестің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан 
біржола ажырап, өте, тым ерте деген Фразеологиялық байлаулы мағынада 
жұмсалып отыр. Құлқын сөзі Фразеологиялық байлаулы мағынаға тек 
сәрідеген сөзбен тіркескенде ғана ие болады. Демек, Фразеологиялық 
байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болып 
турады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет