Лексикология билетт



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
лексикология билетт

7.Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие 
болуы. Тілдің байлығы мен даму дəрежесі сөздік құрамдағы 
сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен 
бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. 
Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – 
К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тəн қасиет. Сөздік 
қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы 
болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне 
жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие 
болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің 
ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу 
мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың 
үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз 
сияды), ұшақтың қанаты жəне белгілі бір нəрсенің орналасқан шебі, 
екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) 
мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам 
санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де 
ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нəтижесінде екі заттың 
екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда 
болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не 
бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” 
мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай 
мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 
2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. 
Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. 
Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы 
заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім 
қызай”. М.Əуезов). 6. Бір нəрсенің жаны, қасы (Мəскеу түбінде 
фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым 
күрделі əрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі 


де күшейе бермек. Əсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік 
құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет