Лексикология билетт



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
лексикология билетт

күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тəртібі, күн көру, күн арат. б.; 
жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, 
жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, 
жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға 
қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен 
деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға 
негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, 
егіншілік, егіндікжисөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, 
жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға 


енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне 
замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер 
өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса 
өнімді қызмет атқарады. 

3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның 
жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді 
қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, 
оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада 
адамдардың қызмет, білім дəрежесіне, кəсібіне, жас мөлшеріне 
байланысты шек қойылмайды. 

4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тəн 
емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне 
телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, 
жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер. 
3. Сөздің негізгі белгілері: 
1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі 
бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады; 
2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз 
болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді; 
3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына 
қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық 
категорияларнегізінде түрленеді; 
4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы 
халықтық дүниетаным негізінде анықталады. 
Ішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау жəне көмекші 
сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның 
ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай 
атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мəнге ие. 
Сөздің лексикалық жəне грамматикалық мағыналарыболады. Тілді жүйелі 
құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың төмендегідей міндеттерін 
көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны анықтаудың негізгі 
шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын 
зерделеу; лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мəтіндік бірлік 
ретіндегі ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы 
зерттеу нысаны болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық 
белгілері (сөз таптары), сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық 
ұя), семантикалық қатынастары, мағыналық, концептік өрістері арқылы 
өзіндік тілдік жүйелерді құрайды. 
4.Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің 
жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тəн кəсібі мен қоғамдық, 
əлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани жəне 


материалдық мəдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін 
сөздер де соншалықты көп əрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі 
барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 
ғасырдыңсоңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық жəне фразеологиялық 
бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер 
қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме 
сөздер, терминдер, кəсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, əдеби жəне 
ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі 
(актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін 
ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына 
бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа 
сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық 
(негізгі сөздік қорға енетіндер) жəне жалпыхалықтық емес (пассив 
қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының 
ең басты əрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі 
сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде 
өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске 
ұшырап, қоғамдағы түрлі əлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер 
қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич 
шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де 
кездеседі: əкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-
техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, 
дамып, жаңарып отырады. 
5. Фразеология 
негізінен психология, философия,тарих, этнографияментығыз 
байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді 
жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. 
Фразеология семантик. категориялар қатарында 
фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы 
құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты 
тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, 
олардың қолданылу аясында стильдік дəрежелену сатысын 
айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. 
Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау 
принциптері мен əдістерін басшылыққа ала отырып, 
фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен 
сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық 
мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің 
семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер 
құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дəлелденуді 
қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу əдістерін 


жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік 
құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін 
Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі 
фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, 
тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде 
зерттеу əдістерінің бағыт-бағдары əр түрлі. Фразеологияда елтануға 
негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла 
бастады. Яғни, ұлт мəдениетін болмыс ұғымының аясында таныту 
мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге 
этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен 
тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар 
əдебиеттану ғылымы да зерттейді. 
6. Əдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге 
түскен, жазу дəстүрі мен əр түрлі жазба жəне ауызша əдебиеттің негізінде 
қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық 
тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бəріне ортақ, түсінікті. 
Əдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, 
сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік 
тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба əдебиеттің алатын орны 
ерекше. Бірақ Əдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба əдебиетпен 
байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Əдеби тіл 
тарихын сол халықтың қоғамдық, əлеум., экон., мəдени тарихынан бөліп 
алып, соның нəтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай 
ауыз əдебиеті, ауызша тарап келген əр жанрдағы халықтық əдебиеті болса 
да, Əдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір 
айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Əдеби тіл тек 
жазба əдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, 
мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар 
шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар 
жырларының, жалпы ауызша əдебиет түрлерінің де өз орындары бар. 
Оның үстініне Əдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы 
бар екенін мойындасақ, ауызша əдебиеттің те Əдеби тілді қалыптастырып, 
дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Əдеби тіл 
деген ұғым мен жазба тіл, жазба əдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен 
қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, 
екіншіден, жазба тіл əдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мəнді қасиеті 
бола алмайды, ол тек Əдеби тілдің даму дəрежесінің көрсеткіші, демек, 
жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Əдеби 
тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Əдеби тілді 
стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де əдебиліктің емес, Əдеби 
тілдің даму дəрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің əдебилігінің мəнді 
сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, 


рухани, мəдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани 
байлығын, сөзөнерін жеткізудің, мəдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, 
құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті 
атқаратын тіл ғана Əдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл 
деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, 
сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары 
дəрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен 
ерекшеліне алады жəне өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму 
тарихымен, саяси-əлеум., экономика, мəдени ерекшеліктерімен 
байланысты əр түрлі формада өмір сүруге икемделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет