Лексикология билетт


 Сөз мағынасының көп түрлілігі



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата25.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
лексикология билетт

11. Сөз мағынасының көп түрлілігі 
мен ойдың кеңдігі 
Сөз мағынасын топтастыру мағынаны əр түрлі аспектіде караудан 
туындайды. Мəселен, сөздің негізгі жэне тұракты мағынасы дегенде 
деректі атаулардың аталым дəрежесі, ал сөздің накты жэне абстакті 
мағынасы дегенде адам ойының танымдық жэне абстрактілену дэрежесі 
ескеріледі. Контекстік мағына сөздің сөйлемдегі, мəтін ішіндегі 
динамикасына катысты болса, сөздің көп мағыналылығы ауыс мағынаның 
полисемиялық деңгейге жетуі, одан эрі омонимденуі тұрғысынан 
қаралады. 
Қазак тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик 
В.В.Виноградов ұсынған тура жэне номинативті мағына; фразеологиялык 
байлаулы мағына; синтаксистік шартты мағына деген классификациясын 
кеңінен пайдаланылып келеді [18.9]. Мэселен, І.Кеңесбаев, 
Ғ.Ғ.Мұсабаевтар В.В.Виноградовтың жоғарыдағы топтастыруын 
басшылыққа ала отырып, сөз мағыналарын: 

сөздің негізгі мағынасы; 

сөздің тұракты мағынасы; 

сөздің нақты (конкретті) мағынасы; 

сөздің контекстік мағынасы жэне көп мағыналылығы; 

сөздің абстакті мағынасы; 

сөздің тура мағынасы; 



сөздің ауыс мағынасы; 

сөздің грамматикалык жэне лексикалық мағынасы деп бөледі
Қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарын: 

сөздің негізгі атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы; 

сөздің ауыс мағынасы; 

сөздің нақгы жəне дерексіз мағыналары; 

сөздің түпкі жэне туынды мағынасы; 

сөздің еркін жэне байлаулы магынасы деп бөледі. 

сөздің бейтарап жəне терминдік (кэсіби) мағыналары; 

сөздің бейнелі жəне поэтикалық магыналары деп жіктейді 

Профессор Б.Сагындықүлы сөз мағынасын сөздің жеке тұрғандағы 
жэне 

өзге сөздермен карым-катынасқа түскендегі қалып-күйіне 
байланысты сөздің сөздік мағынасы жэне сөздің тілдік мағынасы деп 
екі үлкен топка бөліп алып, ары карай сөздік мағынаны өз ішінен: 1) 
лексикалық мағына; 2) лексика- грамматикалык мағына деп екіге 
бөледі. Тілдік жүйе негізінде калыптаскан мағына элементтерін 
тілдік мағына деп атай отыра ғалым оны іштей парадигмалық жəне 
синтагмалық мағыналар деп екіге бөліп карастырады, лексикалык 
магынаның кұрамдас бөліктері ретінде денотаттык мағына мен 
сигнификативтік (пайымдык) магынаны атап көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет