Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Бір кезде алыстан бірнеше самолет моторының гү- рілдеген даусы естілді



бет104/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   395
Jau tilinda 2

Бір кезде алыстан бірнеше самолет моторының гү- рілдеген даусы естілді.

  • Мынау — біздін самолет! Тыңдаңдаршы, біздің самолет емес ие? — деп Крячек құлағын түріп елең ете қалды.

  • Біздің самолет бұл жаққа қайдан ұшып келсін. Майдан алыс! — деп күрсініп қойды Илья Артемович ІІроцько. Оның бұл сөзінен сағынып зарыққандықтың нышаны білініп тұр еді.

  • Жоқ. Шынында біздің самолеттердің даусы. 'Гыңдаңдаршы, дәл біздің самолеттер! — деп, Крячек қуанып кетті. Көп кешікпей мотор гүрілі үдей түсті. Машина жай жүріп келеді. Жарты сағат өтпей-ақ әлгі самолеттер Мироновканың солтүстік-батыс жағын бом- былай бастады. Әр жерден немістің зениттік артилле- риясы самолеттерді атқылап, қала маңы ойран-асыр болды да кетті. Бірінің соңынан бірі жарылып жатқан бомбадан жер сілкініп, нажағай ойнап тұрғандай бол- ды. Бір кезде лап етіп үш жерден өрт шықты. Жзрден атқан жау зениткалары жарқырағыш, жандырғыш оқ- тармен түнерген аспанды айғыздап атып жатыр. Бі- раздан соң самолеттер биікке көтеріліп, сол маңды айналып ұшты. Енді екі жерден прожектор жарығын түсіріп, аспан биіктігін тіміскілей бастады.

Самолеттер, сірә, тағы да төмендеген болу керек, моторларының даусы жер жара гүрілдеп, сол аймақты қайтадан бомбалады. Бірінің соңынан бірі үш бомба жарылып, үлкен өрт шықты.




  • Бәсе, біздің қырандардың осынша айналсоқта- ғаны көздеген жерлеріне бомбыларын дәл тастай ал- май жүр екен ғой,— деп, манадан үндемей тұрған Примак енді ұшқышгарға риза болып қалды. Зенитка- лар түнерген аспанның сау жерін қоймай үсті-үегіне атқылай түсті. Өрт жалыны аспанға көтеріліп, тіпті он-он бес шақырымдағы Мироновка қаласына дейін жап-жарық қып жіберді.

  • Мынау біз үшін өте жақсы болды! Енді неміс пен полицайлар өртке кетеді, бұл көпірде күзет те жоқ шығар,— деді Крячек.

  • Кәне, осы қолайлы жағдайды пайдаланыи тез жүріп көрейік, көпірге жақындадық қой. Вася, маши- наңның жарығын жағып, қатты жүр,— деді де, Иван Кузьмич бізді кузовтың екі жағына бөліп, әрқайсы- мыздың сақ болуымызды талап етті. Машина көпірге жақындады. Оның алға түсіріп келе жатқан жарығы- нан көпірдің бергі аузындағы будка көрінді. Бірақ біз оның тұсьшан өтіп, көпірге ілінгенше ішінен ешкім шықпады. Иван Кузьмич кейін қалған будкаға қарап, «сақшы ұйқтап жатыр» дегендей, қолын сермеп қойды. Тақтай төселген ұзын ағаш көпірдің үстімен машина бар жылдамдығымен жүріп келе жатыр. Самолет мо- торларының гүрілі алыстап, зениткалар оқ атуын тоқ- татты. Көпірден екі-үш шақырым қашықтықта болған- дықтан қалада не болып жатқаны белгісіз. Өрт баргзн сайын ұлғайып, жалыны аспанға атылып жатыр. Біз жақындай бергенде, көпірдің арғы басындағы будка- дан винтовкасын иығына асынған бір сақшы шыға келді. Примак «дайын бол» дегендей, мені түртіп қал- ды. Машиыаның оң жағында кабина шатырына сүйе- ніп пистолетімді әзірлеп сақшыдан көз алмай қарап тұрмын. Сақшы «тоқта» дегендей, машинаның жары- ғына келіп сол қолын көтерді. Машина тормоз беріп, оның қасына тоқтай қалды. Сақшы солға қарай бұры- лып, машннаның алдынан өте бергенде, «немісше бір ауыз тіл білмейтін Клоповқа тіл қатып қалар ма екен» деген қауіипен Петр Луценко кабина есігін ашып жі- беріп:

  • Ком! — деп ақырып қалды. Сақшы кілт тоқта- ды да, қайга бұрылып Луценконың жанына келді. Ол винтовкасын иыгынан алмай бейқам жүр. Лүценко не- місше тұмсыгынан барқылдай сөйлен, сақшыға бірде-




ме деп ақырғанда, ол винтовкасын иығынан сол қолы- мен алып жерге түсірді де. басын жоғары көтеріп қал- шиып тұрып қалды. Машина орнынан жай қозғалын жылжып кетті. Із тастау үшін оң жақтағы жолға бұ- рылып, қалаға қарай тарттық. Мироновкаға жарты шақырымдай жердегі Мироновка — Козин тас жолы- на шықтық. Енді машинаның жарығын өшіріи солга бұрылдық та, қаладан шығысқа қарай алыстай бердік.
Он шақты шақырым жер жүрген соң Юхно хуторы- ның түстік-батыс жағындағы шағын шие бағына келіп тоқтадық. Дереу машинадан қарғып-қарғып түсіп, Иван Кузьмичгің соңына ердік. Бірер сағаттай айна- лып, екі-үш жерді қазып жүріп, екі қол пулеметін, үш жәшік патрон тауып алып, қайта оралдық. Машина- ның жарығын өшіріп, келген жолымызбен қатты жү- ріп келеміз. Козин — Мироновка тас жолына шығып Мироновкаға қарай шыққанымызда артымыздан келе жатқан машинаның жарығы көрінді. Біз енді қатты жүрдік. Бірақ артымыздан келе жатқан машина бізді қуып жететін болған соң, түн қараңғылығын пайдала- нып дереу солға қарай бұрылдық та, бір ойпаңдау жерге келігі тоқтадық. Бәріміз машинадан түсіп, жа- та-жата қалып, соңымыздан келе жатқан машинаны бақыладык. Машина тұсымыздан өткен кезде, үстінде самаладай болып тұрган неміс солдаттарын көрдік. Мироновканың арғы жағында жанып жатқан орт үдей түскен.
Енді жүруге жинала бергенімізде, Козин жақтан көптеген машиналардың жарығы көрініп, бізге жа- кындай берді. Біз қайта жолға шыққанша олар келіп жететін болды. Келе жатқан машиналардың ұшы-қиы- ры жоқ, бұдан әрі күтуге уақыт та жоқ. Нә де болса осы машиналармен араласып, жүруге бел байладық. Машинаны жолға жақындаттық та, жарығын жағып жіберіп, жолмен тұсымыздан өтіп жатқан машиналар колоннасына келіп қосылдық та кеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет