да кабинаға келіп ілінді, машина орнынан ңозғалып жүріп кетті. Сақшы жанындағы бағанаға сүйене қа-
лып бізге оқ атты. „ , . _
Жатыңдар! Вася, машинаңды аида! — деді При- мак бұға беріп. Бәріміз де кузовқа жата-жата қалдық. Сақшыға қараңғыда тигізе алмайтын болған соң оқ атггя ітык Артта қалған сақшы, неге екенін кім білсін, Й»еу“'үмистіяе атып жатыр.
Көпірдің екінші басына жақындағанда, жолды жақсы білетін Клопов машинасының жарығын өшіріп, қатты жүріп берді. Көпірдің екінші — шығар аузында- ғылар винтовкадан оқ жаудырып қарсы алды. Атыл- ған оққа қарағанымыз жоқ, көпірден ағындатып өте іпықтық. Кузовтың теміріне тиген оқ зың етіп ұшып кетіп жатьір. Неміс сақшыларының қай жерден оқ атып жатқанын білмеген соң, кузовта бұғып жата бе- руден басқа мүмкіншілігіміз болмады. Көпірден ұзап шығып та кеттік.
Жігіттер, қалай, саусыңдар ма? — деген Иван Кузьмичтің сұрауына жауап ретінде барлығымыз ор- нымыздан атып-атып тұрдық.
Командир, мен жаралы сияқтымын. Оң жақ са- ным жылып кетті,— деді Гаман орнынан тұра беріп.
Көрші, Алексей Васильевич, көрші Иванның жарасын,— деді Примак.
Не болса да лагерьге барған соң көрелік. Онша ұқсата тимеген болу керек,— деді Иван Гаман санын шалбарының сыртынан сипап.
Басқаларың амансыңдар ма? Жаралы болған- дарың қансырап кетпеңдер! Әне, қуғыншы да шықты, көрдіңдер ме? Бұлар партизандар екенімізді сезіп қой- ған екен. Жендеттер көпірдегі тосқауылын қалай да жендеп ұйымдастыра алмады. Әлде үлгіре алмады ма екен? Әлде біздің партизан екенімізді анық білмеді ме екен? Әйтеуір аман құтылдық. Енді бұлар қуғыншы- лар болса өнерлерін көреміз,— деп Примак оларға өзі- міздің бірде-бір оқ ата алмағанымызға ыза болып келе жатқанын аңғартты.
Машина бар жылдамдығымен жүріп келеді.
Вася, азамат-ақсың! Бізді жауған оқтың ішінен мүдірмей алыи шықтың, өзің жаралы емессің бе? — деді Примак кабинаға еңкейіп.
Достарыңызбен бөлісу: |