Кешіргенді көресің, қазір,— деп аңырды Шпи- таль. Тұтқындар жалынып-жалбарына бастады.
Жарайды, кешірелік. Бірақ сендерге тапсырма береміз. Егер орындамай, тағы да екіжүзділік жаса- саңдар, жердің астына кіріп кетсеңдер де тауып ала- мыз. Сендердің қайда тұратындарыңды да білеміз. Орындайсыңдар ма? — деп сұрады біраздан соң Крячек.
Орындаймыз,— деді екәуі де.
Орындасаңдар, енді полиция қатарында жүре ал- майсыңдар. Өйткені «қару-жарақ, мундирлеріңді пар- тизандарға бердіңдер» деп, дарга асады. Сондықтан бұдан былай жасырынып жүрулеріңе тура келеді. Се- лога барысымен бізді көрді-ау деген адамдармен жа- сырын сөйлесіңдер. Әсіресе бізді осы жаққа өткізген қайықшылармен келісіңдер. Ңысқасы, біздің осы тұс- тан машинамен өткенімізді село адамдарының ешқай- сысы немістерге айтпайтын болсын, бұл бір. Екінші, судың арғы және бергі жағасындағы мына машинаның ізін жойыңдар. Бір сөзбен айтқанда, осы машинаның Днепрдің оң жагына өткенін немістер білсе, сендер жер үстінде бол- майсыңдар. Барыңдар,— деді Крячек. Тұтқындар біз- дің атып тастамай, босатып жібергенімізге сенерін де, сенбесін де білмей арттарына жалтақ-жалтақ үрейлене қарап, бізден алыстай берді... Біз шаңқай түсте партизандардың сырын ішіне тү- йіп, мүлгіп тұрған Панитов орманына келіп кірдік.
Арада бір ай өтіп, Днепрдің сол жагындагы оқиға- ның ізі суыған соң, тағы да машинамен жорыққа әзір- лендік. Бұл жолы жорықты құрама командирі При- мактың өзі басқармақ болды. Өйткені Мироновка ау- данындағы Юхно (Примактың туған жері болатын) хуторы маңына Павлищенко, Старинец, Николаенко, Приходченко тағы басқа қаза тапқан патриоттардың екі станковой пулеметті тыққан жерін Иван Кузьмич- тен басқа ешкім білмейтін еді. Көз байлана бере Пани- тов орманынан шығып, Малый Букрин, Ромашка, Ду- дари селоларының үстімен Миронов қаласына бет тү-
зедік. Жол онша жақсы емес. Қатты жүрдік дегеннің өзінде сағатына қырық-отыз шақырымнан артық жер жүре алмадық. Бәріміз де жандарм, полицай мундир- лерін кигенбіз. Бірақ Петр Луценкодан басқамыз не- місше бір ауыз тіл білмейміз. Сондықтан да, Луценко- ны неміс офицері — майор формасын кигізіп, кабинага отырғыздық та, Примак бастаған басқамыз самаладай болын машинаның үстінде тұрмыз.
Жігіттер, енді сақ болыңдар! Мироновка өзені- нен тек орталық үлкен көпір арқылы ғана өтеміз. Бас- қа жерде эткел жоқ. Ал анадағы оқиғадан кейін бұл көпірді немістердің өзі күзетеді,— деп ескертті бізге Примак. Машина жарығын өшіріп жайлап қана жыл- жып келеді. Түн қаранғылығында әр жерден машина- ның жарьіғы көрінеді.