Алдымыздағы машина мен соңымыздағы машина- дағы немістер біздің машинаның нөмерін анық айыра алмайтын аралықта жүріп отырдық.
Өрт жалыны анық көрінген кезде, арттағы маши- налар бірін-бірі тықсырып, бірінен бірі озып, бізді де өкшелей бастады. Мироновканың бергі жағындағы
жолайырығында ұмар-жұмар тоқтап тұрған көп ма- шинаның жарығы көрінді.
Вася, мұнан әрі жүру қауіпті. Тәуекел, оңға ко- пірге қарай машинаңды бұр,— деді Иван Кузьмич шо- ферға еңкейіп. Клопов машинаны оңға қарай шұғыл бұрып, жолсыз даламен жүріп келеді. Енді жолсыз жерде машинаның жарығын өшіру де қауіпті. Артта қалған тас жолмен неміс машиналары бірін-бірі қуып өтіп жатыр...
Бұл Каневтән өрт сөндіруге көмекке келе жат- қан машиналар болу керек. Бізге бұл онша қауіпті емес. Ендігі қауіп көпірдің бергі аузында ғана,— деді Иван Кузьмич көпір жаққа көз жіберіп.
Көпір күзетшілері бізден мана күдіктеніп қал- маса, ондағы екі-үш солдат не қылар дейсің. Ана жақ- тағы жендеттер өздерімен өздері болып жатыр,— деп, Илья Артемович Процько Мироновка жаққа қарады.
Онда екі-үш қана солдат емес. Осы көпірді ке- мінде жиырма шақты солдат күзетеді. Жаман айтпай жақсы жоқ, өте сақ болыңдар, жігіттер. Крячек, Шни- таль, пулеметтеріңді әзірлеңдер,— деп жауап қатты Примак.
Таң қараңғылығы қоюлана түсті. Ағындатып кө- пірге жетіп келгенімізде, бергі ауызда тұрған сақшы арнаулы аспалы ағашпен жолымызды жаба қойды. Луценко кабинадан дереу қарғып түсті де өзінің «не- міс офицері» екенін сақшы көрсін дегендей машина- ның алдындағы жарығына барып тұра калды. Сол жақтан машинага қарай келе жатқан сақшыға ол жұ- дырығын түйіп, немісше сөйлеп ақырып ұрса бастады. Біз машинаның үстінде жан-жағымыздағы қараңғы- лыққа көз жіберіп, «енді не болар екен» деп бақылап тұрмыз. Сақшьі сәл кідіріп, винтовкасының дүмін жерге тірен, бірдеме деп қалды. Луценко қаһарын тігіп Мироновка жаққа қолын сермеп, сақшыға бірдеңе ай- тып тұр. Сөйткенше болмай, Мироновка жақтан бірі- нің с^ңынан бірі осылай қарай келе жатқан екі маши- наның жарығы көрінді.
«Жігіттер әзірленіңдер» дегендей Примак жанын- дағыларды сол қолымен нұқып-нұқып қалды. Жігіттер әзТрлене бастады. Бір кезде Луценко пистолетін қабы- нан суырын алғанда, сақшы бірдеме деп маңк ете түс- ті дә, аспалы ұзын ағашты көтеріп жіберді. Луценко
Достарыңызбен бөлісу: |