Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Бұдан былай не істемекпін? Үлкен жер белгілеп берген табысу пунктін таба аламын ба, жоқ па?



бет9/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   395
Jau tilinda 2

Бұдан былай не істемекпін? Үлкен жер белгілеп берген табысу пунктін таба аламын ба, жоқ па?
Бұрын жолым түсіп азды-көпті аралаған Украина селолары көзіме жылы көрінетін сияқты.
Сонда да сақтықпен орман шетіне шығып, айнала- ма ара-тұра кез жіберсем, жау жайлаған селолар то-


маға тұйық жатыр. Жаудың әскери бөлімдері жайла- маған жер аз.


Село-селоға сыймаған соң, тіпті кіші-гірім ормкндар мен село маңындағы шие, алма бақтарына да орналас- қан. Ңысқасы, қаптаған жаудан аяқ алып жүрер жер жоқ.
Рация мен автоматымды, жұлдызды офицерлік бел- беуімді ішкі көйлегіме орап, шіріген қарағайдың қуы- сына тықтым. Пистолетімді күрткемнің қалтасына са- лып алып, азық іздеу әрекетіне кірістім. Өйтпеске лаж қалмаған-ды. Аштықтан өзегім талуға айналған бола- тын. Түнде елді пункттерде барлау жасаймын. Үй есі- гін ашу қиын. Селоның қай шетінен кірсең де, алдың- нан маңқылдап жау солдаттары шыға келеді. Оқта-тек- те кездескен бірен-саран село адамдары оқшау шығып сөйлесуден қорқады. Ңайта ойысып, орманға тағы да келіп кірем. Ашпын. Сонша үлкен орман ішінен не бір ұшқан құс, немесе бір жүгірген аң дегенді көрмейсің. Ұшқан құс, жүгірген аңнан жұрдай мұндай да орман болады екен-ау!.. Тегінде, тірі мақұлықтан тып-типыл орман да емес шығар! Саяңды сағалап, жасыл бал- ғыныңды жайлаған аң да, құс атаулы да ауып кеткен болар. Ендеше фашистерді аң екеш аңның да, құс екеш құстың құбыжық көргені ғой!»—деген ой келді басы- ма. Сөйтіп бойымды өрттей бір өкініш билеп, өзегім удай ашиды. Отыра қалып, өксіп-өксіп жылағым да келеді. Сол кездері есейіп қалсам да (жасым жиырма үшке жаңа шыққан еді), ардақты анам, аяулы әкем есіме түседі. «Менің қазір қандай күйде жүргенімді білмейсіңдер ғой, сендер! Әттең шіркін, білген болсаң- дар...» деп, дәрменсіз сәбише ішімнен мұңымды шаға- мын... Сөйтіп отырып, қалғып кетемін... Бірақ қайта- дан шошып оянамын... Сәлден соң орнымнан тұрып түртініп қорек іздеймін. Әйтсе де иен орман ішінен жү- регіңді жалғағандай нәр таба қою оңай емес. Пышақ- тың ұшымен қайыңның қабығын тесіп, оған түтік іс- петтес іші қуыс қу шөп сұғып, астына консерві қалбы- рын төсып қоям. Сол ыдысқа әлгі қуыс қурай өзегімен тамған қайыңның шырынын ішемін. Ңант қосқан шай тәрізді тәтгі-ақ, өзі. Ішсем әжептәуір нәр алып, жүре- гім жалғанып қалғандай болады. Екінші бір қорегім: теректің сыртқы қабығының астындағы ақ шелі. Соны сыдьірып аламын да шайнаймын. Дәмсіз болғанмен,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет