Оның жарасын таңып, жәрдем беруге ешкімнің де мұршасы келген жоқ. Жараланған жауынгердің қолы- нан пулеметін жұлып алып, жаудың шоғырланган оң жақ қанатына қарай оқ жаудыра бастадым. Күн ең- кейіп барады. Есілдертім: «Көз байланғанша бірер жі- гіт болса да тірі қалса игі еді»,— деймін. Жау оғы бас көтертер емес. Оқшау қалған Овчаренко маған бір жақты қолы- мен қайта-қайта нұсқап ымдай берді. «Жаудың андыз- дап келе жатқан жағын нұсқай ма екен қалай»,— де- ген оймен пулеметімнің аузын дереу солай қарай бұра қойдым. Бақсам: дәл менің жатқан тұсымдағы жуан қарағайдың түбінде неміс офицерінің қасында Минько тұр екен. Атайын дегенімше болған жоқ. Овчаренко дүркін-дүркін атып жіберді. Минько сылқ етіп сұлагі түсті де офицер қарағайдың қалқасына жасырына қал- ды. Офицер тасаланған ағаш түбін оқпен олай-бұлай осып өттім. Сірә, атқан оғым нысанаға дәл тиген болу керек, өйткені ол маңнан жау қарасын қайтып көре алғам жоқ. Ңас қарая пулемет оғы таусылып, пистоле- тім ғана қалды. Жау тағы атысты. Атуды бұрынғыдан да бетер үдете түсті. Овчаренко мен Крикуненко жара- лы болды. Миша қатты қиналып жан тапсырды. Ра- дистка қыз да көз жұмған екен. Сөйтіп топты адамнан тек пулеметчик екеуміз қалыппыз. Екеуміз құпия деген қару-жарақ бөлшектерін жер- жерге тығып, рацияны алдық та, қорғаныс шебінен
жер ібауырлай жылжып шыға бастадық. Жау оғы да саябырлауға айналған. Бірақ жарасын ауырсынған Борир менің сүйреуіме әзер шыдап: «Жолдас коман- дир, мені тастап кетіңіз. Атып кетіңіз. Шыдай алатын емесЯін»,— деп зарлап келеді. Жанқияр жауынгер жолдасыңды көзің қиып өз қолыңмен қалай ата алар- сың! «Ңой олай деме, Борис! Ңайраттан! Ңоршаудан шығайық. Жараңды кейін таңып беремін. Әлі-ақ сауы- ғып кетесің»,— деймін. Ол менің сөзіме көнгендей бо- лып, астыңғы ернін тістеніп ұмтыла түседі. Осылайша еңбектеп келе жатқанда алдымыздан әлдекімдердің дауысы естілді. Екеуміз де бұға түсіп, құлақ түре қал- дық. Бақсақ: екі неміс солдаты әлденені көтеріп, тұпа- тура бізге қарай келе жатыр екен. Енді не істеу керек? Егер оқ шығарсаң кетіп бара жатқан бағытымызды жау біліп қояды. Атпасам, дәл үстімізден түскелі ке- леді. «Бұлардың көзін не болса да гранатпен құртайын. Гранат даусын жау жарылған минаға жорыр»,— деген ойға келдім де, қол гранатымды лақтыруға ыңғай- ландым. Ымырт үйіріліп, көз байланып қалған шақ болатын. Ептеп қана жылжып бір ағаш түбін панала- дық. Әлгі солдаттар да жанымызға жап-жақын келіп тоқтады, сірә жараланған солдат болуы керек, қолда- сып көтерген біреуді ағашқа сүйеп, екі жағынан екеуі демеп ұстап тұра қалды. Мен олардың әлі де жақын- дай түсуін күттім. Сәл тұрған соң олар бізге қарай та- ғы да жылжыды. Сол сәтте қолымдағы гранатты лақ- тырдым. Ол үшеуінің дәл алдына барып түсті де, гүрс етіп жарылды. Басымызға төнген ажал шеңгелі алыс- тағандай болды. Бірақ сол жерде Борис мәңгі көз жұм- ды. Оның аяулы жүзін жасыл жапырақпен жасырдым. Сөйтіп, жау тылында енді жападан-жалғыз қалдым... Ңалың ну орман пана болатын емес. Ңаһармандық- пен қаза тапқан достарымды ойласам — қаным қай- нап кетеді. Осыдан төрт күн бұрын жан-жағымнан аш қасқырша анталаған жау жоқ. Иен орман ішінде жал- ғыз қалғаныма қынжыламын.