одан да талғау алғандай боламын. Соңғы күндері аш- тықтаң әбден бұралып, көзім қарауытып, басым айна- лып, қарға адым жер мұң болып барады. Енді еңбектеп жүріпі жоңышқаның көгілдір гүлін теріп жейтін бол- ғам. Одан өзге қорек жоқ.
«... Әттең шіркін, құс болсам! Онда майдан шебінен өзіміздің Армия, совет еліне лезде ұшып өтіп кетер едім-ау... Немесе суда жүзген балық болсам, Днепр бо- йымен төмен қәрай Қара теңізге түсіп, одан әрі өзіміз- дің Қызыл Армияға барып қосылар едім...»— деп, әр- алуан қиялға да шомамын. Осындай қилы-қилы ой шырмауында отырып, қалжырап ұйықтап кетемін. Түс көремін... Құлағыма әлдеқайдан самолет моторының гүрілдеген сарыны естілгендей болады. Қадалып аспан- ға қараймын. Әнә, шығыс жақтан бір самолет самғап ұшып келеді... Міне, өзі тіпті жақындап та қалды. Қа- натының астында бадырайған қызыл жұлдызы бар. Ой, ғажап-ай, кәдімгі өзіміздің самолет қой мынау! Сөйткенше болмай, самолет қасыма жүз қадамдай жерге келіп қонады. Сол арада екі өкпемді қолыма алып, аптығып-алқына басып, оның жанына жетіп ба- рамын. Барсам: «У-2» самолеті екен. Алдыңғы каби- насында пилот, артқы кабинасында туған ағайым Рақымбек отыр. Самолет көкке қайтадан көтерілгелі жатыр. «Ау, мені де ала кетіңдер, мына орманда қаң- ғып, елге жете алмай жалғыз жүрмін»,— деймін олар- ға. «Қалай ала кетеміз? Оныңның орайы жоқ. Екі кісі- лік самолет. Отыратын орын жоқ»,— дейді пилот. Еке- уіне жік-жапар боп тағы да жалынамын, бірақ пилот үзілді-кесілді алмайтындығын айтады. Олардан қала- тындығыма көзім жеткен соң: «Қош болыңдар, енде- ше! Елге сәлем!»—деп дауыстап жібергенімде өз дау- сымнан өзім шошып оянып кеттім. Көзімнен жас ағып қалған екен. Өксіп қоям. Жанымда самолет те, тірі жан да жоқ, бүрлі қайыңның түбінде бүрісіп, жалғыз өзім ғана отырмын... Көрген түсімді есіме қайтадан тү- сіремін... Ия, екінші кабинада отырған кәдімгі Рақым- бек. Ол менен бірер жасы ғана үлкен, туған ағайым. Екеуміз тетеміз. Құлын-тайдай тебісіп, бірге өстік. Бір класта, бір партада отырып, бірге оқыдық. Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді. Өзімнен кейін Сақыпзада, Шамшия, Күлзапыран деген өрімдей үш бірдей қарын- дастарым, Қабдылқайыр, Қадылбек деген егіз қоаыдай
екі іиім бар еді. Әрқайсысының мінез-құлқы да әр- алуан болатын. Біреуі — аңқау, ақкөңіл, екініпісі — момақан-момын келгенде, енді үшінші біреуінің тұр- лаусыз, екі жақтылау мінезі бар-ды. Бәрі де гүл-гүл жайнап өсіп келе жатқан күнәсіз жас сәби еді! Бірақ оларды неге болса да бастайтын мен болатынмын. Жа- сымда жұрт мені «тентек қара» деп атайтын. Кім біле- ді, жай әншейін солай атай салды ма, жоқ әлде істеген тентектігім шегінен шыққан соң сондай ат тақты ма екен, ол жағын ашып айта алмаймын...
... Бір күні үй іші айтқа дайындалып жатқан еді. Әкем үйде жоқ болатын. Шешем мен әжем ас үйде ба- уырсақ пісіріп жатқан. Біз — бір топ бала далада ой- нап жүргенбіз. Май шыжытқан ыстық күн. Бір уақыт- та шөлдеп су ішуге ас үйге кірсем, үлкен-үлкен екі ас- тау баданадай ғып пісірілген ақ бауырсаққа толып тұр екен. Су ішіп, бауырсақтан бір уыстап алдым да, ішкі бөлмеге кірдім. ІИешем мен әжем екеуі, сірә, шаршаған болулары керек, төр алдында терлеп-тепшіп ұйықтап жатыр екен. Сыртқа қайтадан жүгіріп шығып кеттім. Далада балалар мені қаумалап қоршап алды. Оларға қолымдағы бауырсақты үлестіріп бөліп бердім.
Достарыңызбен бөлісу: |