. Енді бір соққы берсек, біраз тыныс алар едік,— деді ол мені шынтағымен түртіп қалып. Әрине, егер жігіттер оларға бұрын мұндай тос- қауылдың әдісін қолданбаған болса, онда осы жолы да ті түсер. Егер бұрын жүректеріне тиген болса, онда
олар сақтанады. Өйткені дәл осы ағанзтың жиегіне кел- ген соң-ақ биіктен біздің аңдып жатқанымызды бірден түсінуі керек. Олар да залым! — деп жауап қайырдым. Қол гранаттарын үш-үштен біріктіріп байлап отыр- ған Мариенко орнынан тұрды да, әрқайсымыздың жа- нымызға бір-бір байламын қойып, қайта орнына барып отырды. Александр Васильевич Микола атай екеуі ұйықтап кетті. Вера мен Цела Жавахидзе екеуі бірін- бірі жақсы түсінбегенімен, бірдеме туралы сәйлесіп отыр. Жавахидзе дәрігер соңғы осы сапарда бізбен бір- ге ұшқан жиырма бес-жиырма алтылардағы грузинка еді. Ол орыс тілін шамалы білгенімен грузиндік акцен- тімен тез сөйлегенде оны түсіну өте қиын болатын. Ал онымен сөйлесіп отырған Вера Советтік Украинада ту- ған да қыз емес, Закарпатье Украинасында туған қыз оны қайдан түсіне қойсын. Костя мен Митя таудың терістік жағын қарауыл- дап отыр. Сонымен ұзаққа созылған ауыр бір сағат уақыт өтті. Александр Васильевич орнынан атып тұрды да, сағатына қарап:
Олардың жететін уақыты болды. Әрине, ит олар- ды адастырмайды. Дайындалыңдар! Цела, сен иттерін қарауылға аларсың,— деді. Цела шынында да асқан мерген әйел еді.
Тағы бес минут уақыт өтті. Жау бірінші Леняның көзіне түсті. Ол артына бұрылып Александр Василье- вичті ымдап шақырып алды да, жаудың тұрган жерін көрсетті.
Байқаңдар, ит миналарды оларға тауып беруі мүмкін, Леня, қапы қалма, миналарды фашистер тағы біраз жинала түскен кезде жару керек,— деп бұйырды
командир. Енді бәріміз орын-орнымызда болдық. Жауға тесі- ле қараған көз аштықтан бұлдырай береді. Жау ағаштың жиегінде қаптап тұр. Бірақ иттері көрінбейді. Аздан соң бес сары киімді бері шығып, мылтықтарына сүйеніп келе жатыр. Басқалары сол жерден қимылдаған жоқ, ағашқа сүйеніп-сүйеніп тұр. Міне, бесеуі бізге жақыңдап қалды. Бірақ манағы- дай емес, демалып-демалып келе жатыр. Бір кезде ор- манның жиегінде тұрған жаудың мен жақ қанатын- дағылар бір жерге жапырласып, үймелей қалды.