ге тастап, рация мен питаниені жігіттерге жеткіз. Мені жау тауып алардай болса, онда қолға түсе қоймаспын. Ал, мүмкін таба алмаса, отрядты өзім тауып барар- мын,— деді Аркаша өңі бұзылып.
Жоқ, сені тастап кете алмаймын! Не болса да бірге көреміз. Сен қапаланба! Мүмкін құтылып ке- терміз,— дедім оған жақындай түсіп.
Вася, онда текке екеуміз де қаза табамыз. От- ряд тағы рациясыз қалады. Екеумізді Александр Ва- сильевич сеніп жіберді ғой,— деді ол тағы да маған жалынғандай болып.
Ңой, Аркаша, мұндай жағдайға кездескеніміз бүгін ғана емес қой, бірге боламыз,— дедім үзілді-ке- сілді.
Аркаша онан әрі ештеме демеді. Әлгі жерден аз жо- ғары көтерілдік те бір қолайлы жерге рацияны жаеы- рып, өзіміз үстімізден түскен күнде жауды оқпен қар- сы алуға дайындалдық. Екеуміз қатар жатып қауіпті бір жарым сағат уақыт өткіздік. Осы жерден лагерь де онша қашықта емес еді, амал не оған жетуге бізде ша- ма жоқ. Сағат үштен он бес минут кеткенде қуғыншылар біздің төменгі жақ тұсымыздан лагерьге қарай өтіп жатты. Бізге түсініксіз бірдемелерді сөйлеген сөздері құлағымызға еміс-еміс келеді. Біз секунд сайын қауіп- ті күтіп жата бердік. Ақыры бәрі де өтіп кетті. Біз енді жаудың артында қалын қойдық. Демек, бұл топтың ерткен иттері жоқ болғаны. Тағы бірер сағаттай уа- қыт күттік те, мен қуғыншылардың соңынан төмея түсіп іздерін қарасам, табанына жалпақ темір нәл қақ- қан неміс солдаттарының етіктерінің ізін көрдім. Ңан- ша екенін кім білсін, әйтеуір іздері көп-ақ. Ңайта келіп Аркашаны иығыма жайлап салып ал- дым да, аяңдап ілгері қарай жүріп кеттім. Ол алғаш- қыдай емес, енді тіпті ауырсынып қапты. Жаранвщ ет қызуы басылғаннан кейін қатты ауыратыны өзіме аян болған соң, енді оны ептеп көтеріп келемін. Лагерьге біз де жақындап қалып едік, бірақ лагерь- Де соғыс басталып кетті. Жарты сағатқа созылған қат- ты соғыстан кейін немістер шегініп бізге тағы тап бо- латьін болған соң, жылғамен жоғары өрлеп, биіктеу тасқа жабыса шыққан бір жуан сары қарағайдың тү- шн паналап оларды бақылап отырдық. ПІегінген неміс