Еңіске түсіп шіркеуі бар бір үлкен селоға қарай келе жатырмыз. Селоға кіруге әлі ерте болғандықтан, бір қалың бүргенді паналап, күн батып, қараңгы тү- суін күттік
Еңіске түсіп шіркеуі бар бір үлкен селоға қарай келе жатырмыз. Селоға кіруге әлі ерте болғандықтан, бір қалың бүргенді паналап, күн батып, қараңгы тү- суін күттік. Ңараңғы түсіп көз байланған соң селоға кірдік. ІДеткі үйден село жаңалығын сұран, көздеулі үйге қарай шықтық. Көшемен жүрмей бақшалардың ара- сымен келеміз. Бір кезде алдыңғы жағымыздан мыл- тық даусы сарт ете түсті.
Мынау біздің мылтықтың даусы ғой,— деді сыбырлап Спижевой.
Ия, біздікі,— десті жолдастар.
Әр алма ағашының түбіне отырып тың тыңдай бастадық. Мылтық даусынан кейін:
Мылтық атқан кім? Қайсысың! — деп орысша ақырған дауыс естілді.
Мен, байқаусызда атып алдым! — деді екінші біреу тағы да орыс тілінде.
Неге жауап бермейсіңдер! — деді Александр Васильевич орнынан тұрып.
Тканко мен Сапельковпын,— деді бір кезде жу- ан дауыс.
Александр Васильевич қуанып кетіп:
Сапельков! Жігіттер, өз адамдарымыз,— деп айқайлап жіберді. Сол арада, жау тылының алыс бір түкпірінде арнаулы тапсырмамен әр уақытта келген екі топ кездесті. Айқасқан құшақ айрылар емес. Жау жайлаған Закарпатье Украинасының бір селосында бәрімізді туысқандық қуаныш сезімі билеп кетті. Са- пельковтын отряды бізден екі ай бұрын ерекше тап- сырмамен келген болатын.
Енді оның отряды Александр Васильевич Тканко бастаған «Закарпатье» құрамына кірді.