' АРКАША ЕКЕУМІЗ
Бізге ендігі жерде Үлкен жермен байланыс жасау керек болды. Сапельковтың отрядында рация және ра- дистка болғанымен, рацияның питаниесі жоқ еді. Енді Гута селосы жасырын ұйымының әзірлеген питаниесі мен венгер системалы рациясын алып келуге Аркаша екеуміз шықтық.
Лагерьден шыққан күні түнде Гута селосындағы Михайлоның жасырын квартирінде болдық. Түнімен рацияны, питаниені тексеріп, тағы басқа командова- ниенің тапсырмаларын орындап, жарық түспей тұр- ғанда бізді төрт коммунист селодан шыгарып салды.
Селодан үш-төрт шақырым ұзағаннан кейін, түні бойы жұмыс істеген радист Аркаша бір жерге кәз ілін- діріп алайық деп болмады. Шынында да ол қалжырап жүре алмады. Сонсоң бір ашық алаңға келдік те, оның дәл ортасына отырып біраз дем алдық. Алаң теп-тегіс, шөбі аттың бауырынан келетін екі-үш гектардай-ақ. Сөйтіп отырып Аркаша ұйықтап кетті. Мен тағы біраз шынтақтап жаттым да, бір кезде мен де ұйықтап ке- тіппін. Бір сәтте оянып кетіп, өзімнің әдетім бойынша тың тыңдап қалсам, біреулердің аяқ басқан дыбысы құлағыма келді. Күн қызып, сағат он екіден он минут
сып кеткен. Ақырын келген жағымызға көз жібер- сем, ағаштың жиегінде оншақты көк киімділер тұр екән. Бір пәлеге тап болғанымызды білдім де, Арка- шаны түртіп ояттым. Ол тез оянды да, сол жатқан күйінде басын бұрып «не болды» дегендей маған қа-
рады.
Немістер қоршап алған болуы керек. Ьіз келген
жақта ағаштың жиегінде немістер қаптап тұр. Тұр да оңға қарай жүгір,— дедім. Сэйтсем ол оң аяғының еті- гі аяғын қысқан соң шешіп тастаған екен. Ол етігін басын көтермей жатып кигенше, рация мен питаниені мен қолыма алдым да, қашуға дайын жаттым.
Немістер не жаңа ғана біздің ізімізбен келіп бол- жап тұр, не өзара бізді қалай ұстайтындарын ақыл- дасып тұрған болар, не «екі адам қайда қашып құты- лар дейсің» деп тұрған шығар, әйтеуір бізді көруін көріп тұрса да, ешбір әрекет жасаған жоқ.
Аркаша орнынан жер бауырлап тұрды да, жүгіре жөнелді. Оның соңынан мен де кеттім. Артымыздан оқ жауып кетті. Ңалың ағаштың жиегіне он-он бес метр- дей қалғанда Аркаша ұшып түсті. Оған жете мен де құлап кеттім. Әрине, Аркаша оқ тиген соң құлады да мен басқа бір оймен құладым. Ңалың шөпке құлай кеткенімде жауып тұрған оқтан әжептәуір баспаналап, тыныс тапқандай болдым. Енді жан дәрменмен еңбек- теп Аркашаға жеттім де, етпетінен жатқан оны оң қо- лыммен ілгері қарай сүйрей бастадым. Жау ағаштың жиегіне жагалата батыл оқ атып жатыр. Соған қара- ғанда бұл қашып келе жатқан жағымызда жау бол- мауы керек. Бізді қоршап алып, бұл жақта да жау бол- са, олар оқ атпай сақтанған болар еді. Байқаймын олар бізді қалың шөптің арасынан көрмей, оқты бет алды атып тұрған сияқты. Өлдім-талдым дегенде ағаш- тың жиегіне жетіп, жан-жағымды болжасам, ешкім көрінбейді. Аркашаны бір жуан теректің қалқасына сүиреп әкелдім де:
Сен не болса да шыда, әйтпесе өлеміз. Бұған өзі- міз^ жауаптымыз, ақмақпыз,— дедім өзіміздің ойла- лап^қолайсыз жерге дем алғанымызға күйініп. л і д ШыДаймын ғой! Бірақ енді өте...— деп міңгір-
Достарыңызбен бөлісу: |