дай тағы да жайлап сөйлеп кетті. Ол сөйлеп отырып қалтасынан мұқият бүктелген бір тарақ қағаз алды да, командирге ұсынды. Александр Васильевич қағаз- ды ашты да, көз жүгіртіп қарап шығып, Митяға берді. Бұл: «Қымбатты орыс партизандарының коман Дирі! ... Біз венгер патриоттары фашизмнің жүргізіп жат- қан әділетсіз соғысына қарсымыз. Бұл дүниежүзі ха- лықтарын күйзеушілікке, бақытсыздыққа ұшырата- тын соғыс. Оған біздің әрбір солдаттарымыз терең түсі- неді. Өзіміздің өміріміз, бақытымыз, келешегіміз үшін осы қара күшке қарсы сіздермен қол ұстап күресуге бел байладық. Венгердің жеке батальонында адал ниет- ті солдаттар мен офицерлерінің атынан жіберіп отыр- ган майор Кегедюшті қабылдап, осы кісі арқылы бізді өз қатарларыңызға қосуды сұраймыз. Егер қабылдап алсаңыздар сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенім бере- міз»,— деп батальон командирі полковник Ерояштың қолымен жазылған хат еді. Командир комиссар Страхпен жеке барып жарым сағаттай сөйлесті де, штабқа қайтып келді. Майор Ке- гедюш қылмысты адамдай орнынан тұрып Александр Васильевичтің бетіне қарай қалды. — Біз сіздің батальоныңызды қабылдап алуға ке- лістік,— деп бастады командир бұйрық беріп тұрған- дай әр сөзін нығыздап сөйлеп. Онан соң Александр Васильевич батальонды қабылдап алатын жерді, уақы- тын белгілеп, қабылдаудың бірнеше шарттарын тізіп айтты. Майор командир мен Митяға кезек қарап, зер салып тыңдап тұрды. Митя сөзін аяқтаған кезде, ол ризалық білдіргендей басын изеп, командир мен ко- миссардың, онан соң штабтағы адамдардың жағалай барлығының қолын алып қысып рақмет айтты. Екі күннен кейін келісілген шарт бойынша венгер- дің жеке батальоны командирінің орынбасары майор Кегедюш жанына Михайло қартты ертіп құрама шта- бына келді. Олар сол күні штабта болды. Келесі күиі таң сәрісінен біз белгіленген алаңдагы жасырын посты- ларды күшейттік. Сағат онда құрама басшылары вен- гер майоры мен Михайло қартты ертіп алаңдағы бірін- ші постыда батальонның келуін күтті. Көп кешікпей оннан бес минут кеткенде батальон сапқа тұрып ормак нан шығып алаңға қарай беттеді. Саптың алдында ба
тальонның командирі мен Грицко атай келеді. Бата- льонның алды алаңның дәл ортасына келіп тоқтады. Олар ңару-жарақтарын тәртіппен үш-үштен біріне бі- рін сүйеп ңойып, елу метрдей алға шығып сапңа тізіліп тұра бастады. Солдаттарының бәрі ағаш ішінен шьіғып сапқа келіп тұрған соң, олар келген жаққа партизан- дардан күзет қойылды. Батальон командирі бүкіл батальонды жүгіріп жү- ріп тексеріп шықты. Онан соң қайта орнына келіп, ең шеткі тұрған офицердің ңолынан ұзындығы жарты метрдей қылышты алды да, Грицко ңарт екеуі бізге ңарай беттеді. Батальон командирі салтанатты түрде адымдап келді де, кұрама командиріне венгер тілінде:
Венгердің жеке батальонының патриот солдат- тары мен офицерлері ңаһарман орыс партизандарына қосылып, адам баласының жалпы жауы гитлер фа- шизміне қарсы күресуге әзір,— деп баяндады.