Бір жарым сағаттан кейін барлығы мина қойылған
жердің тұсына жиналды.
Дұрыс салынды ма, дрезеннің үлесіне неше ми-
лиметр калдырдың? — деп сұрады топ командирі
Савченкодан.
Бәрі дұрыс! Минаны бірінші рет қойып жүрге-
7—780
мін жоқ қой. Тек аспанға бір-ақ ұшады,— деп ол авто- матын оң қолымен жоғары көтеріп қойды.
Эшелонды күткен жақтан топ командирінің айтқа- нындай барлаушылар: «дрезен келеді» деген сигнал берді. Бес минуттен кейін дрезен өтті. Оның соңынан жедел «Эшелон келеді» деген сигнал берді. Партизан- дар орын-орындарына тарады.
Эшелон жай жүріп келе жатты. Бірақ қанша жай жүргенімен еңіске ілінген соң жүрісін жылдамдатып, анда-санда жеңіл гана тормоз беріп келеді.
Екі паровоз тартып келеді! — деп сыбыр етті Савченко топ командиріне.
Бола берсін! Ол тіпті жақсы, мина зарядының күші жетеді! — деп жауап берді бинокльден көзін ал- май эшелонға қарап отырған топ командирі.
Эшелон жогарыдан агындап келіп мүйістен бұрыла бергенде мина жарылып гүрс ете түсті. Бейне к\’н күр- кірегендей, салдыр-гүлдір тау жаңғыртып, эшелон қүз- га құлады...
Эшелон ағашты жапырып зуылдап барып сайдың етегіне таман жиі өскен жуан зәулім қарағайларға ба- рып тірелді. Сол кезде лап етіп төменнен өрт шықты, оның артыіган тарсылдап снаряд, оқ-дәрілер жарыла бастады. Қара-қошқыл өрт түтінінің ішінен жау сол- даттарының шулаған үрейлі дауыстары естілді.
ВЕНГЕР БАТАЛЬОНЫ
Поляна селосынан құрама штабына екі адам келді. Оның бірі жұпыны киінген, елу-алпыстагы қарт, екін- шісі отыздың ішіндегі сымбатты сары жігіт еді. Қарт адам Грицко атай деп аталатын жергілікті жасырын ұйымның ескі мүшесі болатын. Ол кісі орыс тілін таза сөйлеп отырып қүрама командиріне:
|