Сөйтіп, үшеуміз тұрған селомыздан үш-төрт шақы- рым жердегі өзенге тартып отырдық.
Өзенге келсек, бес-алты бала суға шомылып жүр екен. Біз де шешініп суға қойып кеттік.
Судан шыққан соң әлгі балалар біздің жанымызға келді. Біздің қару-жарағымызды көріп, тамашалап бі- раз тұрған соң, біреуі менің қалта сағатымды көріп: «сатыңызшы» деп өтіиді.
Сатамыз,— деп менің орныма Алексеенко жа- уап берді.
Не сұрайсыздар? — деп әлгі бала қадала кетті.
Бізге ақшаның керегі жоқ. Бір ширек самогон берсеңдер болғаны,— деді Алексеенко тағы да шімірік- пестен.
Добро, қазір әкелеміз,— деп, балалар судың ар- ғы жағындағы селоға қарай жүгіріп ала жөнелді.
Гриша, оның не? Сағат керек қой! — деді Спи-
жевой, балалармеи Алексеенконың саудаласа кеткенін ұнатпай.
Сағатты не қыламыз! Бүгін түнде-ақ ауада қал- тадан түсіп қалады. Текке жоғалтқанша балалар ұстап жүрсін,— деді Алексеенко. Біз суға тағы да түсіп, киінгенше балалар үлкен бір сулей самогон, үш-төрт кесек нан, бір тілім шошқаның майын алып та келді.
Вася, айтып қойған соң ұят қой, балаларға са- ғатыңды бер,— деді Алексеенко жаныма келіп. ¥зақ сапарға жүргелі тұрған достарымның көңлін қимай, «сағатын аяды» дер деген оймен сағатымды Гришаға бердім. Балалар сағатты алып қуанысып:
Біздің самогонымыз да жақсы. Бірінші аққаны, сенбесеңіздер сіреңке жағып көріңіздерші, лап етіп жа- нып кетеді,— деп балалар шуласып өз жөндеріне кетті.
Біз өзен жағасынан былайырақ, бір дөңестеу жерге барып отьірдық та, әңгімеге кірістік. Біраз отырып ішіңкіреп алған соң, әрқайсымыз көңілдегімізді шеші- ле ортаға салдық. Енді аздан соң масайып, бүгін кешкі сапар жөніндегі әңгімеге көшіп, өз Отанымыздың қа- сиетті тогіырағында ақырғы сағаттарымызда отырға- нымызды айтып, көздеріміз бұлдырай бастады. Сөйтіп отырғанда сулейдегі самогонды тауысуға да жақындап қалған екенбіз. Алексеенко қызу қандылау жігіт еді, бір кезде:
Енді бірер сағатта жау тылына ұшамыз! Шет елге — Венгрия жеріне, Карпат тауына барамыз!.. Кең- байтақ, өзіміз еркін өскен Совет жерінен ұзап кетеміз ғой... Үш автоматтан салют берейік,— деді тілі күрме- ле сөйлеп.
Әрине, менің Украинамды азат етуге осы үшеу- міз де белоене қатыстық. Азат еттік те! Күрес жолын- да, Вася. менін сүйікті папамның жендеттердің қолы- нан қаза тапқанын сен білесің ғой!..— деп Спижевой- дың көңлі босап сала берді. Канды көйлек досымның көңлін жұбатқым келіп:
Достарыңызбен бөлісу: |