Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Міне, солай сыйлап, еркелететін адамның алдында қылмысты болып тұрғаныма қатты ренжідім де, өзіме тіпті қаным қайнап кетті



бет164/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   395
Jau tilinda 2

Міне, солай сыйлап, еркелететін адамның алдында қылмысты болып тұрғаныма қатты ренжідім де, өзіме тіпті қаным қайнап кетті.

  • Командир, Александр Васильевич, мені атыңыз, мен міне келдім! — деп топқа жетіп бардым. Тұрған партизандар қақ жарылды да, командирге қарай өтуі- ме жол берді. Александр Васильевич алдына барып сіресіп тұра қалдым.

  • Жүр, сөйлесейік,— деді де, ол мені штабқа ер- тіп әкетті. Үнсіз соңынан еріп келемін, ол да тіс жа- рып тіл қатқан жоқ. Штабта ешкім жоқ екен. Өзі ал- дымен кірді де, шамның білтесін көтеріп жатып:


  • Есікті жап та, ілгегін салып ңой,— деді. Айтқа нын орындадым да, алдына келіп тағы да тұра қал- дым. Ол бастан-аяқ денеме өзінің өткір көк көздерін бір қадап өтті де:

  • Не болды сендерге? — деді қатаң үнмен. Мен болған оқиғаның шындығын бастан-аяқ түп-түгел ай- тып шықтым.

  • Ана екеуі қайда?

  • Олар сарайдың артында тұр, сізден қорқып...

  • Мына жеріңе не болған? — деп ісіп тұрған ше- кемді қолымен сипап көрді ол.

  • Қарсыласқан соң, олар ұрған болу керек.

  • Мариненко! — деді командир дауыстап. Мари- ненко отряд командирі, кейіннен Ңұрама штабының бастығы болған, лыпып тұрған әскери адам еді. Барып, есіктің ілгегін ағытып жіберіп едім, Мариненко жетіп келді.

  • Сарайдың арғы жағында тұрған Спижевой мен Алексеенконы және Жавахидзені шақырып кел,— деп бұйырды оған подполковник. Сол минутта олар да ке- ліп жетті. Спижевой мен Алексеенкоға тіл қатпастан екеуінің өнебойына көзін бір жүгіртіп шықты да:

  • Мына үшеуінің жарақаттанган жерлерін ңарап, дәрі жаң. Бұларды менің кухнямнан тамақтандырың- дар,— деп ол Жавахидзеге бұйрық берді. Александр Васильевич алғашқыдай емес, түсі жылып, бізге ме- йірлене қарап.

  • Жарайды, сендердің орындарыңа Виктордың отряды ұшып кетті. Ертең ұшасыңдар. Ана сендерге тиіскен өзіміздің солдаттар ғой, оған өздерің де жазық- тысыңдар, оқасы жоң. Олардың кегін фашистерден аласыңдар, жау тылына барған соң. Дегенмен, ертең барып олармен сөйлесіп, сендерге қарсы бастап апар- ған офицерін, бәлем...— деп оны бір тілдеп алды да, бізді штабтан шығарып салды. Ешбір жаза қолданба- ганына қуанғанымыз әлі есімде. Солай, тек шынымыз- ды айтып қана аман қалған едік. Енді мені шақырып алған манағы Ңұрама командирінің алдына қайта ора- лайық.

  • Жағдайың қалай? Алдыңғы күнгі операцияны жеңіспен аяқтағаныңды құттықтаймын,— деп орны- нан тұрып келіп қолымды алып амандасты. Екеуміз де стол басына келіп жайғасып отырдық. Ңомандир






өзімнің отрядымдағы командирлердің жағдайын сұ- растырып біраз отырды. Мен де сұрауына орай жауап беріп отырмын. Бір кезде ол стол үстінде жатқан кило- метрлік картаны өзіне жақындатып қойды да:

  • Саған аса бір жауапты тапсырма берейін деп шақырып отырмын. Мұны сен ойдағыдай орындайды деген сенімім зор. Бұл тапсырмаға ескі командирлер- дің ішінде сенен қолайлысы жоқ,— деп бетіме әдетте- гісінен тыс тесіле қарап қалды. «Тапсырманың жағда- йын айтпай тұрып, осы астарлы сұрауыма қалай қарар екен» дегендей, менің жүзімнен өзі үзілді-кесілді жа- уап іздегендей еді. «Тапсырмаңызды айта беріңіз» де- гендей, мен де үнсіз отырмын. Сәлден соң ол бұйыра сөйлей бастады.

  • Отряд командованиесін Спижевойға тапсыр. Өз отрядыңнан таңдап бір адам ал да, ертең сағат он екі- де осында бол! — деп, «сөз бітті, жүре беруіңе болады» дегендей, орнынан тұрды. Мен де орнымнан тұрып:

- Жүре беруіме бола ма? — деп сұрап едім.

  • Ия, болады...— деп кідіріңкіреп барып, бастап- қы ұзақ-сонар ойьінан әлі де арыла қоймағанын аң- ғартты. Басыма «тапсьірманың жайын біліп кетсем қайтеді?» деген ой келгенмен, бірақ «қойшы, ертең бір- ақ білермін» деп штабтан шығып кеттім. Отрядқа қа- рай келе жатырмын. Ойым он — санам сан бөлек. Бір жағынан, өзім құрысқан, бауыр етімдей отрядымды қимасам, екінші жағынан, жау тылында соғыстың ба- сынан бірге келе жатқан командирлерімді қимаймын. Ңысқасы, ңарауымнан отрядты алған соң, басыма мін болатын. Әр түрлі жаман ойлар көңліме келіп, мазам кете бастады. Отрядқа келіп, комиссар, штаб бастығы және басқа командирлерді жинап алып, өзімнің бұл отрядтан кететінімді хабарладым. Талай шайқастарда, талай-талай қиын-қыстау күндерде бірге болған олар да жүдеп қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет