Көбінде құлап жатқан ағаштардың үстімен жүріп отыруға тура келді.
ЬСүні бойы тыным алмай жүріп, Турья-Поляна се- лосына бес-алты километр жақындап келдік те, бір би- іктеу, ағашы қалың төбешікке орналастық. Селоға бар- лаушылар жіберіп, жау казармасы жөнінде қосымша мәлімет алдық. Казармаға да барлау жүргіздік.
Топ командирлерін жинап алып, оларға тиісті тап- сырмалар беріп болған соң, отрядты казарманың қар- сысындағы қалың ағаш ішіне әкеп топтастырдық.
Міне штаб бастығы Григорий Алексеенко, отряд ко- миссары Константин Спижевой үшеуміз тауға біраз көтеріліп, етектегі екі қабат үлкен ағаш үйге қарап тұрмыз.
Бұл Закарпатье Украинасын тонап-тоздырып біт- кен фашист баскесерлерінің казармасы. Мұнда 120 эсэсовшылар дем алып жатыр. Бүгін құрама командо- ваниесінің бұйрығы бойынша осы жендеттерді талқан- дауымыз керек. Операцияға осы казармадан үш кило- метр жердегі Турья-Полянаның төрт азаматы қаты- сады. Бұл жергілікті жасырын ұйымның тапсыруымен
казармага мұқият барлау жүргізген адамдар. Түнгі сағат бір. Аспан ашың, ай жарық. Алаңда оқшау тұр- ған казарманың жан-жағы айқын көрінеді.
Казарма есігі алдында винтовка ұстаған солдат тапжылмай тұр. Екінші бір солдат жайлап басып, әр жерге бір тоқтап, казарманы айналып жүр. Бұлар біз келгелі әлі ауыса қойған жоқ. Казарманың село жа- ғына тосқауылға жіберген топтардан хабар алдық. Олар белгілі жерге орналасыпты.
Есігінің дәл қарсы алдында екі қол пулеметін ор- наластырып, казарманы жан-жағынан қоршап алдың.
Түнгі сағат екі болды. Казарма сақшыларын жай- ғау үшін жіберген адамдардан әлі хабар жоң.
Бір кезде казарманың артқы жагынан қолына вин- товка ұстаған бір «солдат» шыға келді де, баяу басып есіктің алдында тұрған сақшының жанына жақын- дауы мұң екен, екеуі сол жерде ұмар-жұмар болды да қалды. Сол сәтте біз де олардың жанына келдік. Сұлап жатқан сақшының үстіндегі «эсэс» формасын абың- күбің шешіп Алексеенко киіп алды. Енді біздің «эсэс» формасындағы адамдарымыз екеу болды. Екеуі Турья- Поляна селосының екі адамын ертіп казармаға кіріп кетті. Казармаға бір кіргенде, үйдің бірінші қабатын- дағы пирамиданың жанында сұлап жатқан тағы бір неміс солдатын көрдік.
Көз ілескенше винтовкалар сүйеулі тұрған екі ұзыи пирамида бос қалды. Әр бөлменің есігіне автоматчик- тер қойып үлгіргенімше үйдің екінші қабатында ұрыс басталып кетті. Дереу бөлмелердің шамын жагып-жа- ғып жіберіп, есіктерін шалқасынан ашып тастап, авто- маттардан бір-бір дүркін оқ аттық. Тілмаштар арқы- лы казарма қоршауда екенін ескертіп, қарсылық көр- сетпей берілулерін талап еттім. Жоғарыда атыс барған сайын үдей түсті, бірақ онда не болып жатқанын біл- меймін. Ал төменде шырт ұйқыдан мылтық даусымен оянған эсэсовшыларда ес жоқ: біреулері әйнекке ұм- тылып, екіншілері төсектерінің астына кіріп, енді үшін- ші біреулері қолдарын көтеріп жатыр. Бірақ дені жай берілетін емес, әр жерден пистолеттен оқ атып жа- тыр. Мұндағы айқас онша қауіпті болмаған соң, жүгі- ріп екінші қабатқа шықтым. Келсем, қияң-кескі айқас. Біздің жігіттер пирамидадағы винтовкалардың жары- мын ғана қолға түсірген болу керек, шайқасып жүрген
неміс солдаттарының көбінің ңолында винтовка. Бұл соғыс емес, кәдімгі ескі замандағы рим гладиаторла- рьіның сайысы сияқты. Маған еріп келген жігіттер автоматтарын, винтовкаларын иықтарына аса салып, кездіктерімен сайысқа араласып кетті. Бетпе-бет бел дескен айқас қыза түсті. ¥зын зал апыр-топыр. Найза, кездікке ілінген өлім алдындағылардың ышқынған үрейлі даусы, уыттана шабуыл жасап жүрген халық кегін алушылардың екілене түскен айқайы түк естірт- пейді. Жау қаншама жанкештілікпен шайқасқандары- мен, бар ңарулары тар казарма ішінде іске аспай қал- ған соң, бассауғалап әр бөлменің бұрыш-бұрышына ыгысып, тозғындай бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |