Дыбыссыз винтовкамен жоғарғы жақ шеткі ең үл- кенін басып ңалып едім, ілгері қарай бір секірді де құ- лап түсті. Сол сәтте қалған бұғылар бастарын көтеріп- көтеріп алып, елең ете қалысты да, ілгері ұмтылып оққа ұшқан бұғыны иіскелей бастады. Дыбыссызды қайта оқтап алып бұғыларды бір-бірлеп құлата баста- дым. Екінші дыбыссызбен бұлақтың арғы жағында жатқан Юзиктер де атып жатыр. Ешбір мылтық даусы шыңпаған соң, бұғылар қашңан жоқ, қайта бір-бірлеп құлап жатқан бұғылардың маңына топтана берді. Әри- не, винтовканың даусы шықпағанмен, қатарларында тұрған бұғыға оңтың ысқырып барып тигенін қалған- дары естісе керек еді, біраң таудан құлай ағып жат- қан бұлақтың дамылсыз сылдырынан оны да ести қой- мады-ау деймін. Ңойшы, бас-аяғы бір сағаттың ішінде 12 бұғы агып алдық. Ішімізде взвод командирі өзбек жігіті Ңасымов деген аға лейтенант бар еді, барлық бұгыны сол бауыздап шықты. Сөйтіп шаруашылық тобына біраз жұмыс табыл- ды. Бұғыларды сойып, бұзылып кететін болғандықтан, еттің дәмін су сорып алса да, қолын қолдай, санын сандай су құламасы астына іліп қоюға тура келді. Ашыққан жігіттер тұзы жоң болса да бұғынын кесек- кесек қара етіне карық болды да қалды. Темір шелек- терге асып та, істік ағашқа тізііі отқа қақтап та жестік.
— Оларды жойып жіберу оп-оңай! Мина қойып кү- лін кекке ұшыруға да, қоршап алып, казармаларына өрт қойып, қырып салуға да болады. Бірақ мына жаңа келген қарусыз адамдарды қаруландыру үшін, мүм- кіндігінше батыл әрекет жасап көрерсіңдер, жолдарың болсын! — деп Құрама штабының бастығы Мариненко жолдас бізді лагерьден шығарып салды. Күн ыстық болатын. Әйткенмен, Карпаттың қалың орманы саясымен суыт жүріп келеміз. Күн бата көз- деулі жерге екі-үш километр жақындап барып аз ты- нығып алмақпыз. Жол өте ауыр болды. Адам бала- сының аяғы тимеген тауда ғасырлар бойы қурап, ші- ріп құлаған, не жел түбімен қопарып айқыш-ұйқыш құлатқан жуан ағаштар жол бермейді. Бір таңқалар- лық нәрсе осынша ну орманды таудан ағаш бұтақта- рында ұшып-қонып жүрген үлкенді-кішілі бірде-бір құс көре алмайсың. Тек анда-санда алдында арбиған ашалы-ашалы үлкен мүйізін арқасына салып зытып бара жатқан бұғыны, не дік-дік қарғып жанұшыра се- кіріп бара жатқан елікті ғана кездестіресің.