Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Бас-аяғы жарты сағатқа созылған бұл қантөгіс осылайша аяқталды. Бізден де біраз шығын болды. Ңолға түскен тұтқындарды казарманың төменгі залы- на сапқа тіздік



бет175/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   395
Jau tilinda 2

Бас-аяғы жарты сағатқа созылған бұл қантөгіс осылайша аяқталды. Бізден де біраз шығын болды. Ңолға түскен тұтқындарды казарманың төменгі залы- на сапқа тіздік.
Жаудан түскен қару-жарақты топ-топқа бөліп бер- дік. Алпыс үш тұтңынға азық-түлік көтертіп, таң ата Полонина Руно тауына беттедік. Төменде жау казар- масы жанып жатты.


КАРПАТ ШЫҢДАРЫНДА
Кәрі Карпат шыңдарының бір қойнауында жүрміз. Жаудың жазалаушы жасақтарын көз жаздырып кет- кенімізге үш ісүн болды. Жүк парашюттерінен түскен оң-дәрі, азық-түліктеріміз жау ңолында қалған еді. Неше күндерге созылған шайқас кезінде қарулары- мыздан да, басқа заттарымыздан да айрылғанбыз. Жау қыр соңымыздан қалмай келеді. Азың-түлік тау- сылған. Ңызыл бүлдірген, жабайы алма теріп жейміз. Бірақ жемістің аты жеміс емес пе, бойға жұңпайды. Арамызда Жавахидзе деген дәрігер грузин ңызы бар. Бірақ оның бізге көрсетер көмегі аз. Самолеттен қар- ғыған кезде, ауада дәрі-дәрмегінен айрылып ңалган. Оның ендігі көмегі ауыз екі дәрігерлік кеңес қана беру.
Карпат үсті жауын-шашынды. Аспанда бұлт үйі рілсе-ақ, жаңбырын осы тауға әкеліп төге салады. Екі күннің бірінде жауын жауады. Оның үстіне тау басын үнемі дымқыл тұман басып, шөп біткен малмандай шыққа малынады да тұрады. Ит жетектеп соңымызға түскен жауды адастыру үшін неше күндер бойы су




кешіп ңашып келеміз. Қалың шың, жауын-шашынға аяқ киіміміз шыдамай, ұлтанымыз түсіп, жұлығымыз- дан шұлғауымыз шығып жүрді. Етігіміздің басын шандып байлап алатын болдың.
Карпаттың ашың күндері де болады. Ондайда әуе айналып жерге түскендей күн ңатты ысып та кетеді. Осынау орманды ұлы тау ішінен бірен-саран торғайдан басқа қанаг қаққан құс көре алмайсың. Жүгірген аң баласынан бұғыны ғана көреміз. Онда да сирек кез- деседі. Адам баспаған осы бір таудағы бұғылар тіпті сақ-ақ. Көзіміз гаалған сәтте-ақ арбиған ашалы мүйіз- дерін арқасына салып алып, зыта жөнеледі. «Әне кет- ті, әттеген-ай» дейсің де, саныңды бір-ақ соғып қала бересің.
Азық-түліктің біткен кезінде тау етегіне түсе ал- май жүрдік. Етектегі село-селоға жаудың жазалаушы жасақтары, әскери бөлімдері орналасып алып, біздің ізімізге түсті де отырды. Азық-түлік алар жер болма- ған соң, бір күні бұғы аулауға тура келді. Карпат та- уын барлап жүріп, бұғы сырын да біліп алғанбыз. Бұғыны қолга алдап түсірмек болдық. Совет Одағы- ның батыры Александр Васильевич Тканко бастаған топ лагерьде қалды да, біз: Константин Спижевой, Григорий Алексеенко, Геннадий Милентенков, Михаил Бабидорич бесеуміз аңға шықтық. Екі дыбыссыз вин- товка алғанбыз, қалғандарымызда кәдуелгі автомат бар. Таң сәріден лагерьден шықтық та, бұғы су ішеді- ау деген бір суатқа жақындап келіп жасырынып жа- тып қалдық. Суат маңының шөбі жапырылып қалған екен. Соған қарағанда бұл суатқа бұғылар күн сайын су іше келетінге ұңсайды. Көз жазбай аңдып жатыр- мыз. Күн көтеріліп, сәске түс болған кезде бір үйір бұғы шұбап келді де, суға бас қойды. Біраң үйірді бас- тап келген мүйізі екі жаққа тармақтана жайылған үл- кен бүғы суатқа жақындаған бойда жан-жағына елең- дей қарап, одырайып тұрып қалды. Бұгының су ішке- нін екінші рет көргенім. Суды кәдімгі құсша ішеді. Олар суға аузын толтырып алып, басын жоғары көтеріп жұтатын сияқты. Бірақ оны тамашалап жата беруге уақыт жоқ. Гриша мен Костя қай бұғыны қай- сысы ататынын ыммен бөлісіп алды да, бір-бірлеп ата бастады. Гриша бірден қарауыл қарап тұрған үлкен бұғыны сұлатып салды. Мылтық даусы шықпаған соң






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет