Бізден үш адам оққа ұшты,— деп баяндады бі- рінші взвод командирі.
Неге асықтыңдар? Мені күтіңдер дегенім қайда! Бұл саған шабуыл жасап, «уралай» беретін майдан ше- бі емес. Бақандай үш адамнан айрылдық! Ең алдымен сырттағы сақшыларын жойып, пирамидалардағы вин- товкаларын қолға түсіріп барып, оң атпай берілуге мәжбүр ету керек еді. Бүйте берсек адамдарды түп- түгел қырыи аламыз ғой! — деп ақырдым оған.
Ит шулап кетті, командир жолдас! Кешеуілде- сек іс бүлінеді екен деп қорықтым,— деді взвод коман- дирі жасқана сөйлеп.
Жетпіс төрт винтовка, отыз бір пистолет, тағы да басқа көптеген олжа қолға түсіріп, сексен төрт тұтқын- ды айдап орманға кірдік. Орман ішінде түнде жүру ңиынға соқты. Таң атқанша дем алып, елең-алаңнан жиналып-теріліп тағы да ілгері жүріп кеттік. Лагерьге сол күні кешке әзер жеттік. Қолға түскен қару-жарақ, оқ-дәріні взвод-взводқа бөліп бердік. Бұл операцияда отряд азық-түлік, киім- кешекпен де ңамтамасыз етілді. Тұтқындардың айтуы бойынша дем алып жатқан солдат-офицерлердің саны жүз он екі екен. Жиырма сегізі басқа селоларға азық- түлік жинауға кетіпті. Бұлар соңғы рет Львов қаласы үшін ұрыста жараланыпты. Тұтқындар майдан туралы берген жауаптарында өз армияларының көп шығын- мен тоқтаусыз шегініп келе жатңанын, неміс одақтас- тарының ыдырай бастағанын, тіпті немістердің ара- сында да армия қатарынан қашу жиілеп кеткенін айтты. Сол күннің ертеңінде Отанымыздың тәуелсіздігі үшін ерлікпен қаза тапқан үш жолдасымызды құрмет- пен жерледік.
Енді село-селодағы жандарм топтарына, тас жол- мен ерсілі-қарсылы өткен жауға жиі-жиі шабуыл жа- сай бастадық. Тас жолдарда кездескен басқыншылар- дың бақайына дейін қаруланған топтарымен айқасқан- да әлі де болса қару-жарағымыздың жеткіліксіздігінен кеп қиындық көріп жүрдік.
Бір күні тунде Турья-Пасик селосына жақындап барып, барлаушы жіберген едік, олар: «Село толған неміс» — деген хабар әкелді. Сонан кейін бұл хабар- дың аныгын білейін деп Юзикті ертіп селоға келсем, шынында да селоның әр жерінен немісше берілген ко- мандалар есгіліп жатыр екен. Бейнебір әскер үйретіп жатқан сияқты. Дереу баққа кіріп, жеміс ағашы ара- еымен жақындап келсем, отыз шақты адамды сапқа тұрғызып бір адам ойнатып жүр екен. Бірақ сапта жүргендер көзіме өте ұсақ көрінді. — Е, бұл село-селолардан жинап алған жасөспірім балалар ғой. Немістер біздің Польша жерінде де жас- өспірімдерді осылай үйретіп, кейіннен армия қатарына алатын. Бұлардың қолдарындағы винтовка емес, ұсақ калибрлі мылтық. Әрине, үйретіп жүрген не неміс, не венгер офицері,— деді Юзик менің құлағыма сыбыр- лап. Сап бізге жақындап келіп тоқтады. Шынында да сапта тұрғандар винтовка көтеріп жүре алатын адам- дар емес. Ең ересек дегені он үш-он төрт жаста. Бірақ қолдарындағы мылтықтарын команда бойынша кексе солдаттардай-ақ дұрыс ұстайды. ¥сақ калибрлі болса да осылардың мылтықтары- мен өзіміздің кұрқол адамдарымызды қаруландырғым келіп: «Жиырма шақты адам алып кел» деп, Юзикті отрядқа жібердім де. өзім көшеде тұрған сапты бақы- лап отыра бердім. Бір кезде сап командирі оң қолын жоғары көтеріп тұрды да, неміс тілінде бірдеме деп команда берді. Сапта тұрғандар дереу мылтықтарын сол қолдарына лып еткізіп ауыстырып иықтарына ұс- тай қойды. Сол жақта тұрған кішкентай біреуі мылты- ғын иығынан жерге түсіріп алды. Командир барқ ете түсті де, ұмтылып барып оны бетке салып жіберді. Таяқ жеген «солдат» үн шығармастан мылтығын иы- ғына ала қойды. Командирі жұдырығын түйіп барқыл- дап екі-үш рет айқайлады да, қайта орнына барды. Ол бар-бар еткен даусымен команда бере берді, «солдатта- ры» мылтықтарын біресе жерге, біресе иықтарына алып қайталай берді. Бір сағаттай уақыт өтті. Бір кез- де жігіттерді ертіп Юзик те келіп жетті. «Офицерлерін қарусыздандырып, жасөспірімдерді жинап әкеліңдер» деп, жігіттерді көше-көшеге жібердік.