Ол әңгімесін бастамай жатып-ақ Данил Артемович екеуіміз қиын-қыстау кезеңді көз алдымызға елестетіп те отырмыз... Біз туралы еотіген хабарларыңыз қате. Күн бора- сын болатын. Самолет бізді неміс аэродромының үстіне тастаған жоқ. Молдавияның бір орманына, Серед де- ген темір жол станциясының маңына тастаған-ды. Жаудың бақылау пункттері бізді алып барған само- леттердің бағытын хабарлап қойған болу керек. Жер- ге түскеннен кейін төрт сағаттан соң жау бізді қоршап алды. Жиынып-терінуге де мұршамыз келмеді. Қай жағымызға қашсақ та алдымыздан жаудың винтовка, автомат кезенген қалың тобы шыға берді. Солай бол- ған соң, Иван Кузьмич барлығын дереу жинап ал- ды да:
Айнала қорғаныс жасап, ақырғы оғымыз қал-
ғанша атысамыз. Осыдан басқа лаж жоқ. Бірде-бір оқты оқыс шығарушы болмаңдар! — деді. Сөйтіп қалың жауды қарсы алуға әзірлене баста- дық. Барлығымыз да үстімізге ақ халат киген бола- тынбыз. Жау бізді байқамай қалды ма, қалай, әйтеуір сол қаз-қатар тізілген бойы бізге беттеп жақындай берді. Біз оларға төрт қол пулеметі мен төрт авто- маттан оқ жаудырдық. Сол-ақ екен, жаудың апыр- топыры шыңты. Бірақ оң жағымыздан бізге де оқ жа- уып кетті. Ңай жаққа бұрылсақ та жауған оқ бет қа- ратар емес. Радистка Зоя, Рая екеуі бірдей оққа ұшты. Бір кезде Иван Кузьмич орнынан атып тұрып, қол пу- леметті иығына винтовкаша тіреп қойып, сол жағынан келіп қалған жауға оқты бората бастап еді. «Жаты- ңыз* дегенімше болмады, ол да құлап түсті. Юрий Смородинов пен Василий Штомпель әлі де оқ атып жатыр. Иван Кузьмич оқ атқан қанатта жау сиреп калған еді, енді солай қарай қашпақ болдым. Орным- нан дереу атып тұрдым да:
Юрий, Вася, соңымнан еріңдер! — деп айқай салдым. Василий Штомпель менің қашқалы тұрған ба- гытымды, сірә, байқаған болу керек, солай қарай атыса шегінді. Юрий Смородинов орнынан тұрып:
Жолдас комиссар, мен енді соғысып болдым, қош болыңыз! — деді де, тіл қатқанымша болған жок, пистолетімен өзін өзі басып салды! — деп Василий Иванович қамығып, көзіне сәл жас алғаннан кейін, әң- гімесін өрі қарай тағы да жалғап кетті.— Бұрылуға, аялдауга, аяулы ардагерлердің жарқын жүздерін қар- мен болса да бүркеп кетуге ешбір мүмкіншілік болма- ды. Бас сауғалап Ваеилийдің соңынан жүгіріп кете бардым. Оң жағымда тізбектеліп келе жатқан жау алдымды орай автоматтан оқ жаудырып жіберді. Ва- силкй Штомпель ілгері қарай сытылып шыға берді. Мен болсам, амалсыздан солға қарай қашуға мәжбүр болдым. Сөйтіп тірідей Василийден де айрылдым. Атыс кезінде автоматымның оғы таусылып қалған соң, ыза болып лақтырып жіберген едім. Пистолетімнің огы әлі де бар. Өкшелеп қуып келе жатңан жауға ағаш-ағаш- ты қалқалай тұра қалып оң атамын. Олар бас сауға- лап тығыла қойған кезде ілгері ңарай тағы да жүгіре- мін. Сөйтіп келе жатып бір шексіз орманға тап бол- дым. Ңары онша қалың емес екен, кей жерлері тізеден
гана келеді. Сол орманға кіріп қаша бердім. Күн кеш- кіріп ңалған. Ңашып келемін. Жау ңуып келеді. Бол- дырғандықтан тіпті аяғымдағы етігімнің өзін де ау- ырлағандай болдым. Етігімді шешіп екі қолыма алып, қалың қармен жалаң аяқ зыттым. Жаудан көп ұзап кеттім. Аласалау бір бүрлі қарағайдың түбіне келдім де, етігімді аяғыма қайтадан кидім. Аяғымның үсі- ген-үсімегенін білмеймін, етінің тек тызылдағанын ғана сезінемін. Арада біраз уақыт өткен соң, қалты- рап тоңа бастадым. Денем де ауыр тартайын деген сияқты. Сол жақ бүйірім, шекем ауырады. Ауырған жерімді сипалап байқаймын, қан ба, тер ме, әйтеуір, өнебойым дымқыл сияқты. Ңолыма бір нәрсе жұқңандай болады. Бірақ ағаш түбі ңараңғы болғандықтан, оның қан, немесе су екенін айыра алмаймын. Өзімді өзім сынау үшін, ор- нымнан тұрып, ілгері қарай жүгірдім. Сол сәтте ал- дымнан бір үй көрінді. Жалғыз үй екен. Маңайында ешкім көрінбейді. Ақыры сол үйді паналамақ боп кірсем, ішінде тірі жан жоқ екен. Әбден қажып-қал- жырағандыңтан, үйдің тек бір бұрышына жүремнен отыра кеткенімді ғана білемін. Сонан қанша уақыт өт- кені есімде жоқ. Бірауық көзімді ашып алсам, үй іші тола румын солдаттары екен. Екі қолымды артыма ңайырып байлап тастапты. Қолыма ұстап отырған пистолетім жоң. Көзімді қайта жұма ңойдым. Сол жұмғаннан көзімді ашпадым. Олар далаға сүйреп алып шықты да, шанаға салды. Ақырын ғана көзімді ашып қарасам, үйдің маңайы толған солдат екен. Бі- рінен соң бірі келіп бетіме үңіледі. Көзімді қайтадан жұма ңойдым. Әлімнің бар кезінде атылып қалмағаны- ма өкініп, ішім удай ашиды. Бірақ амал жоқ. Болар іс болды. Жау қолына түстім. Олар мені темір жол станциясына алып келді. Сол жерде бір румын под- полковнигі жауап алмастан бұрын екі қолымды боса- тып бір стакан су берді. Денем тоңазығанмен шөлдеп қалған екем, суды іштім. Подполковник орыс тілін жақсы біледі екен, орысша сөйлеп, өзі жауап алды. Кей сұрағына жауап беріп, кей сұрағына «білмеймін» деумен отырмын. Бөлмеде подполковниктен басқа да екі офицер отыр. «Білмеймін» деп, жауап беруден бастартсам да, ұрған жоқ, соққан жоқ. Ңайта үшеуі де маған жандары ашып отырған сияқты. Сөз арасында
өз тілдерінде бір-бірімен сөйлесіп те қояды. Бөлмеге ақ халат кшен екі офицер кірді де, жарамды спиртпен сүртіп, байлап берді. Олар кеткен соң ізінше немістіц үш офицері келіп кірді. Әлгі подполковник неміс тілін де жақсы біледі екен, мені нұсқап офицерімен ұзақ сөйлесті. Неміс офицерлері «қолға түстің бе» дегендей, маған зілдене қарайды. Сөйтіп тұрғанда, даладан бар- қылдаған бір дауыс естілді де, неміс офицерлері дереу сыртқа шығып кетті. Сол жерде подполковник біраз ойланып отырды да:
Енді саған көрсетер көмегім шамалы. Сені ер- тең немістерге тапсырамын. Олар сені «советтің шпио ны» деп жазалауға тырысады. Сен оған көнбе. «Ңатар дағы солдатпын. Отанымды қорғауға, Отанымның тап- сырмасын орындауға міндеттімін. Командованиеміз жіберген соң келдім»,— деген жауаптан танба! — деді.