дың үйлерінің төңірегінде түнеп жүрдік. Балалық ша- ғымыздың біразы осылай өтіп кетті,— деп, ол ауыр күрсініп, кідіріңкірей барып, өңін дереу өзгерте қойды.
Совет үкіметі болмаса нендей күйге түсетін едік?! — деп ол сәлден соң сөзін әрі қарай жалгап кет- ті.— Бақытымызға қарай Совет үкіметі орнап, әке ор- нына — әке, шеше орнына — шеше болды! Балалар үйіне алды. Сол балалар үйінде қазақтың мен сияқты т&лай жетім ұлдары мен қыздары тәрбиеленді. Соның бәрі де адал, аяулы жандар еді. Бәріміз де өсіп, ерже- тіп, өзімізге өзіміз келдік. Біреулері — дәрігер, енді біреулері — ғалым, тағы да біреулер — мұғалім бол- ды. Міне, мен өзім жазушы-ақын болдым. Сөйтіп, ба- қытты өмірдің құшағына кірген кезімізде мына қарғыс атқан соғыс басталып кетті де, көңілге де, өмірге де, балғын жас денеге де ақау салды! — деп түйді Жұме- кең сөзін.
Бір күні екеуміз штабқа келдік. Жұмекең одан партизандық документтерін алды. Ровно қаласына қызметке баратындығымды білдім мен штабтан.
Жұмекең ленинизм идеясына шексіз берілген, үл- кен жүректі, жалындьі патриот, жауға мейірімсіз, Ота- нының батыл солдаты еді. Ол өз айтқанында табан тіреп тұратын аса өр адам болатын. Бірде:
Жұмеке, мен осында — Украинда қызметке қа- латын болыппын,— деуім-ақ мұң екен, бетіме жалт ңарады да.
Неге қаласың? Жау тылына тағы да ұшып, қо- лыңа қайтадан қару алатын болсаң, онда бір сәрі, өйт- кені, ол — Отанды қорғау, азаматтық қасиетті боры- шың. Ал енді, жай қызметке қалуыңның орны жоқ. Елің бар, жұртың бар, онда әке-шешең, сүйген жарың бар, елден де қызмет табылады ғой,— деп тастады. Мен оған не дерімді білмей мүдіріп қалдым.
Ңасым, сенен біраз көйлекті бұрын тоздырдым. Сен болсаң, әлде болса алды-артыңды байыптамайтын жаста екенсің. Сен менің бір тілімді ал? Елге қайт! ІНтаб басшыларынан, осындағы украиндық достарың- нан естіп жүрмін. Жаман соғыспаған сияқтысың! Өз халқыңның атына кір келтірмепсің. Оған қатты риза- мын. Елге қайт! — деп Жұмекең тағы қайталады.
Достарыңызбен бөлісу: |