Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Вася, сен осы арада тұра тұр. Мен аржаққа мал- тып өтіп, Костяны сүйреп алып келейін,— деп Алексей шешіне бастады



бет196/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   395
Jau tilinda 2

Вася, сен осы арада тұра тұр. Мен аржаққа мал- тып өтіп, Костяны сүйреп алып келейін,— деп Алексей шешіне бастады.

  • Алеша, қой! Суың тиеді. Бұл Григоровканың тұсы өте жалпақ болатын, суға кетесің,— деп оны жі- бергім келмеді.

  • Ңазір,— деді де, Алексей жылжып ағып жатқан тұңғиық суға қарғып кетті. Мен машинаның қасында қала бердім. Судың ортасына дейін оның малтып бара жатқан шалпылы естілді де, әрі қарай жоқ боп кетті. Бекер жіберген екем деп те тұрмын. «Алеша, Алеша!» деп үш-төрт рет айңайлап едім, ол жауап қатпады.

    Не заматта арғы жақтан бері қарай есіп келе жат- ңан ескектің дыбысы естілді.

    • Алеша! — деп тағы айқай салдым. Сол кезде:

    • Вася! Анау, Вася ғой! Сен қайдан жүрсің? — деп мені даусымнан танып Костя айқай салды. Ңайық жағаға тоқтар-тоқтамастан қарғып түсіп, суды кеше- меше төрт адам маған қарай жүгіріп келеді. Мен де жағаға жақындадым, олар да мені бассалып құшақ- тай алды.

    • Міне, Вася, осыдан он үш жыл бұрын дәл осы жерде қол ұстасып бірге жүріп едік, ол сұрапыл соғыс жылдары еді, ал, міне, аман-есен бейбітшілік құшағын- да бұрынғы әдетіміз бойынша осы түнде тағы кездесіп тұрмыз. Сенің келгеніңді мына Алеша бізге айтқан


    жоқ. Біздің үйге үсті-басы малмандай болып жүгіріп кіріп келді де, «жүр жүрдің» астына алды. «Не болды? Ңайда барамыз? Неге жалаңаш жүрсің өзің?» десем жауап берер Алеша жоқ. «Бұған не болған?» деп ма- мам да шошып кетті. Ақыры, амал қанша, тез киіндім де, соңынан еріп жағаға келсем, мыналар тұр. Бұлар да ештеме білмейді,— деді Костя.
    Жігіттер, біздің қадырлы достарымыз Процен- ко, Шевченко, Романенколардың ерлікпен қаза тапқа- нына міне бүгін дәл он үш жыл болыпты. Бүгін сен- тябрьдің он жетісі емес пе? — деді Иван Ломако сөзге араласып.
    ... 1943 жылдың 17 сентябрі. Чапаев атындағы пар- тизан құрамасы Днепрдің сол жақ жағасында Қызыл Армияның алдыңғы бөлімдерімен қосылды. Енді Днепрдің оң жағына өту міндеті тұрды. Өзеннің аржа- ғына өту үшін әр жерден барлау жұмысы жүргізілді. Жаудың Букрин плацдармының сол жағынан соққы беру мақсатымен шабуыл жасап келе жатқан әскери бөлімдердің бір тобы осы Григоровка селосы тұсынан өтпек болды. Осы құранды топтың әр бөлімдерінен взводтар, роталар алып, өткел ұйымдастырып, әскери бөлімдердің өтіп шығуын қамтамасыз ету Чапаев құ- рамасының үшінші отрядына тапсырылды. Бұл отряд Переяслав, Ржищев аудандарының патриоттарынан құрылған еді. Отрядта тіпті осы Григоровка селосынан да отыз шақты адам бар болатын. Жер, өткел жағда- йын жақсы білетін партизандар бастаған құрама сол түні Днепрден өтіп, Григоровка селосына шоғырланған фашист армиясының бөлімдеріне тап берді. Найзалас- қан сұрапыл соғыс басталып кетті. Бүкіл село маңын- да атылған мыңдаған пулемет даусы, командирлердің бұйрықтары, оққа ұшқан, найзаға түйрелген адамдар- дың өлер алдындағы жанұшыра айқайлаған үрейлі да- уыстары, анда-санда гүрс-гүрс етіп жарылған қол гра- наттарының дүмпуі ғана естіледі. Ңоян-қолтық келген екі жақтың жан түршігерлік кескілесі үш сағатқа со- зылды. Таң рауандап қалған кезде жау адам айтқысыз шығынға ұшырап, қару-жарақ, техникаларын тастап шегінуге мәжбүр болды. Селода баудай түсіп жатқан адам денелерінен аяқ алып жүргісіз. Шегінген жауды өкшелей қуып, селоның солтүстік батысындағы биік- тікке шыққанымызда таң да атты.






    Дәл осы сәтте Отан үшін іазиз жандарын сол бір айқаста құрбан еткен жауынгер достарымыздың туыс- қандар зираты әрқайсымыздың көз алдымызға елестеп тұра қалды. Днепрдің арғы жағындағы мұнарланып жатқан Панитов орманына, онан шығысқа қарай көл- беген биіктікке көз жіберіп тұрып қалдық.
  • 1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   395




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет