ТЕРЕК ТҮБІНДЕ
Хоцкий орманымен екі-үш километр жүргеннен кейін, Алеша машинасын кілт тоқтатты да:
Вася, ана тұрған жуан терек есіңде ме? Жүрің- дер,— деп машинадан түсіп, мұңая қалды. Біз де Але- шаның соңынан ердік.
Бұтағын жан-жағына кең жайып тұрған жуан те- ректің түбіне келгенде, «Вася, мен жаралымын! Мені тірідей жау қолына тастап кетпеңдер!» — деп, оң қо- лын көтеріп шалқалай түсіп жатқан Григорий Про- ценко досымның қадырлы бейнесі көз алдыма келе қалды.
Менің ешкімге ештеме деуге шамам келмеді. Те- рекке сүйеніп, гөмен қарап біраз тұрып қалыппын. Бір сәтте жан-жағыма қарасам, жолдастарым да бас киім- дерін қолдарына алып, төмен қарап тұр екен.
Вася, міне бәріміздің досымыз, ер Гришаның қабыры осы. Сол өзіміз жерлеген жерде жатыр. Мына гүлдерді біздің селоның балалары әкеліп қойған болу керек,— деді Алеша бетіндегі топырағын жаңғыртып жапқан, үстіне бірнеше шоқ гүл қойған қабырды нұс- қап. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін қаза тапқан до- сымыздың қабырына біз де гүл қойдық.
Алексейдің үйінде партизандармен әңгіме қыза бастаған кезде:
Жігіттер отыра берсін, біз Костяны алып келе қояйың,— деп сыбырлады құлағыма Алексей.
Оны қалай алып келеміз. Ол Днепрдің аргы жа- ғында гой. Ңазір түнгі сағат он екі. Осы түнде бізге кім қайық дайындап тұр дейсің,— дедім оған.
Жоқ, алып келеміз, мен есебін табам. Тек еш- кімге білдірмей кетелік. Әйтпесе, жібермей қояды,— деп болмады ол. Екеуміз сыртқа шықтың та, машина- ға мініп, Днепрге қарай тайып отырдық. Судың жа- ғасына келіп, аржақңа қайың сұрап әрі айқайладық, бері айқайладың, ешкім жауап ңатпады. Түнде үлкен судың жағасы ңандай салқын. Оның үстіне сентябрь- дің суық желі соғып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |