О, онда жақсы екен,— дедім риза болып.
Жоқ, ағай, Төлеутай айта береді. Қазақша онша жақсы білмеймін, әйтседе әңгімелеріңізді тыңдауыма болады,— деді қыз қазақша, Төлеутайға оң қолымен сес көрсетіп.
Машина бір қалыпта сағатына 70 километрмен жү- ріп келеді.
Бұл жаққа бұрын келмесеңіз тың жеріміз, міне, осы. Мына көрінген жазық даланың бәрі, атам заман- нан бері мал тұяғынан басқа ешнәрсе тимеген, игеріл- мей жатқан, құнарлы, өте бай жер. Осыдан былай, те- рістікке қарай елу-алпыс километр шыққан соң «Қара теңізіміз» басталады,— деп Төлеутай алдымыздағы ұшы-қиыры жоқ жазыққа қолын созып маған қарады.
Жол-жөнекей бізге толып жатқан жүк машина- лары кездөсті. Бір машиналар тұрғын үйдің құранды материалдарын, екінші біреулері ауылшаруашылық саймандарын, үшінші бір машиналар азық-түлік, төр- тінші біреулері тағы басқа жүк тиеп жанымыздан тоқ- таусыз өтіп жатты. Жан-жағымызда жүздеген алып тракторлардың гүрілі естіледі.
Осы көрініс кешегі ¥лы Отан соғысындағы қаһар- ман халқымыздың ерлік қимылын еріксіз көз алдыңа елестетеді.
Осындай көрікті көріністің әсерімен біраз үнсіз отырдық.
Машина жүрісін баяулатып, оңға қарай бұрылды да, бір сүрең жолға түсті.
Ваня, тура жүру керек еді ғой,— деді агроном бұрынғы жүріп келе жатңан қара жолды мезгеп.
Жок, ол жолды аударып тастаған. Енді айна- лып жүруге тура келеді,— деп жауап берді шофер ал- дына тура қарап отырып.
Ех, Төлеш! Екі күн ауданда семинарда боламын деп өмірден қалып қойғансың. Екі күннің ішінде біздің Скакун ағайлар не істемейді десеңші! Сен қайтқанда жүремін деп дөмеленіп келе жатқан жолың түгіл, со- нау Ңарабұлақтан Бүгелек сайға дейін аударып таста- ды. Агрономдарға жұмыс көбейді,— деп қалжыңдады Аня Төлеутайға қарап.
Ңой, еен Скакунның бригадасы тек комсомол- дардан құрылған бригада болған соң, әншейін мақтай бересің, Ол бригададан Салақовтың бригадасы алда ғой,— деді Төлеутай Анямен сөз таластырып.
Міне, өмірден қалып қойғаныңды тағы дәлел- дедің. Салақов болған соң, салақтық жасап, біздің ком- сомолдардан қалып қойды ғой. Сен кеткен күні партия- ұйымының секретары мен директоры Салақовтан Қы- зыл Туды Скакунның бригадасына алып берген. Енді комсомолдардың қалай жұмыс істейтінің біліп қой, Төлеш! — деді Аня мысқылдай күліп.
Достарыңызбен бөлісу: |