Ңасеке, бері келші, мынаны көрші,— деп суды нұсқады. Судың түбінен бірдеме көрген екен деп ой- ладым да:
Ол немене? — деп сұрадым.
Ештеңе емес. Келші. Көрші,— деді тағы Бәкең. Ңасына барсам, судан өз көлеңкесін көріп мәз болып тұр екен. Бәкеңнің жалпақ беті айғыз-айғыз кір. Оның үстіне сау қолын жерге тіреп, жаңа ғана су ішкен қо- лы да бес батпан.
Ңаске, жеңгең бір жоспалау байғұс еді. «Біз- дің Бәкең майданда жауды қырып жүр» деп жұртқа мақтанып жүрген шығар. Бәкеңнің мұнда беті-аузы салтақ-салтақ болып, жаудан қашып жүргенін қайдан білсін! Осы кейпімді ол қазір көрсе, мақтана қоймас еді, деп күлді. Бәкең сөзіне мен де күлдім.
Бәкең сол соғыста екінші рет жараланып, көз ал- дымызда ңайтыс болды. Сол Бәкеңнің аты болмаса, фа- милиясы да есімде жоң. Жеңгейіміз және екі баласы бар еді, олардың қайда тұратынын да білмеймін. Бәкең талай рет семьясының қай жерде тұратынын маған айтқан да шығар, бірақ ұмытып қалыппын. «Тірі қа- лам. Әлі көрген-білгенімді жұртқа айтамын» — деп кім ойлаған. Оны білген болсам, Бәкең сөзін жадымда сақтап жеңгемізге жыр қылып айтатын едім ғой!..
АРМАИДА КЕТКЕН АҢЫН 1940 жылдың февраль айы. Күн суық. Павлодар қаласы ызғарлы аязга оранып шаңытып тұр. Ңала- лың соғыс комиссариатынан шақыру ңағаз алдым. Шаңыру пунктіне келдім. Өңшең жас бірінің соңынан бірі тізіліп тұр екен. «Комиссиядан өтуге кезек күтіп тұрған шығар» деп жорамалдадым да, олардың соң- дарына барып тұрдым. Комиссиядан шыққандар: «Мені жаяу әскер бөліміне жазды»,— «мені артилле- рияға жіберетін болды», «мен ұшқыш болатын бол- дым»,— десіп жатты. Мен томаға тұйық тұрмын, Мұнда мен танитын еш- кім жоқ. Бұл облысқа сонау Шығыс Қазақстан облы- сынан келгенімізге аз ғана уақыт болып еді. Алдымда бір адамнан кейін тұрған жас жігіт анда- санда маған бұрылып қарап қояды. Оның үлкен ойлы көзінің оты тура түскен электр жарығындай мені ұял- тып тастайды. Мен төмен қарап кетемін. Алдымызда адам көп. ¥-зақ тұрдық. Әркім әртүрлі сөз сөйлеп жа- тыр. Орынды сөйлегенге ол жылушырай қарайды да, орынсыз, жеңіл-желпі сөз иелеріне жаратпай қарап, басын шайңап қояды. Біраздан соң әлгі жігіт маған бұрылды да: