Еірак, онан бәрібір еищандай жылу сезілмеді, мен жү-
гіріп орманның шетіне шьщтым.
Анадайдан Луковец хуторының шатырлары көрін-
ді. Мен бұл түні талай километр жер жүрген екенмін.
Менің әбден қарным ашты. Алып шықңан наным біт-
кен еді, мен Луковец хуторына бет алдым. Тым ңұры-
са бір тілім нан тауып алып, ал сонан соң Хоцкий ор-
мандарына беттемекшімін. Онда партизандар бар еке-
ніне менің ешқандай күмәнім болмады.
Мен хуторға еркін кірдім. Оның кең көшелерінде,
жексұрын фашистердің мотоциклдері мен жүк маши-
налары ерсілі-ңарсылы ағылып жүр. Мен бірінші үйге
келіп кірдім. Үйде ешкім жоқ екен. Ңаңырап бос тұр,
тек еденде шоқпыт-шоқпыт бір нәрселер, қалай болса,
солай шашылып жатыр.
Ай, үйде кім бар? — деп дауыстап сұрадым.—
Менің даусыма орыс пешінің қалқасындағы есік сы-
қырлап ашылды да, басы бурыл тартқан, қаба сақал-
ды шал шықты.
Балам, саған не керек? — деп сұрады күрілде-
ген даусымен әлгі шал.
Мен онымен амандастым, шалдың тұнжыраған жү-
зі күлім тартты. Ол мені орындыңңа отырғызды да
еденнен ескі-құсқы шүберектерді жинай бастады.
Балам, бұл антұрған сұғанақтардың не істеп
кеткенін көріп отырсың ғой,— деді қарт қайғырып.—
Тып-типыл ғып кетті, дым қалдырмады.
Ңарт осы бір сөздерді айтты да, мұңайып көп отыр-
ды, аздан кейін ызадан еңіреп жылады.
Бәрібір иттерге ескі-құсқы шүберектерден басқа
ещтеңе қалмады. Хуторяндар бар астықты тығып қой-
ды, ал малды баяғыда-ақ сонау өзіміздің жаңқа айдап
әкеткен,— деп шал шығыс жақты көрсетті. Сонсоң
менімен ңатар сәкіге отырды да, ауыр күрсінді.
Шалға мен де өз жайымды айттым: ата-анамды
болса фашистер өлтірді, апамды Германияға айдап
әкетті, өзім болсам бір селодан екінші селоға барып,
Ңаңғып жүрмін дедім.
Кетуге ыңғайланып жатып, шалдан бір тілім нан
с¥Радым, өйткені аштың ішімді жалап барады, сонан
соң хуторяндардан партизанға кеткендер аз ба, көп бе
Деп сұрастырдым. Шал маған одырая қарады да, еш-
теңе демей, орнынан тұрды да бүйірдегі бөлмеге ңарай
'2—780
Достарыңызбен бөлісу: |