Оның есігі алдында үлкен тал бар еді ғой.
Тал болса, әне талдың да басы қылтиып көрініп тұр ғой. Есігі арғы жағында, сондықтан қадагалай қа- рамаса, жөнді байқалмайды бұл жерден.
Онда сен осы арада мені күте тұр. Сәті келсе, мен апарып беріп гез орала қояйын.
Мен де барамын,— деді Серік орнынан тұрып.
Жоқ, мамам тек біреуің ғана бар. Серік селоға көрінбесін дегені қайда? — деп, Борис Серіктің баруы- на қарсы болды...
—. Сережа, саған баруға болмайды. Сені көріп қоя- дьі. Сен белгілісің,— деді тағы да Борис.
Серік өзінің үстіндегі киімдеріне қарады да, жөнді ештеңе түсінбеген қалыпта:
Қалай белгілімін? — деп таңдана сұрады.
Жандармдар бізді, мамамды іздеп жүр. Сонда «жанында бір сары, бір қара баласы бар әйелді көрген жерде ұстау керек* депті. Мұнда мен сияқты сары ба- лалар көп. Ал сен сияқты қап-қара балалар жоқ қой. Сондықтан сені олар танып, комендантқа хабарлап қояды. Есіңде бар ма, былтыр атамның үйінде тұрға- нымызда комендантқа бізді ұстап бергенін. Қашып кетпегенде бізді асып өлтіретін еді,— деді Борис. Бұ- рын өзінің мұндай ерекшелігін сезбей келген Серік ойланып қалды. Бұл жөнінде көңіліне келіп, бала өзі- не-өзі күдіктеніп, жатсынады екен деп ойламасын де- ген байламмен жүретін Анна Ивановна Серікке ешнәр- се сездірмейтін. Оны Бориспен бірдей ұстауға тырысып бағатын. Сондықтан да Серік Борис не істесе соны істеп, не сөйлесе соны сөйлеп үйреніп кеткен. Анна Ивановнаны Борис сияқты Серіктің де «мама» дейтіні сондықтан еді. Серік қарақаттай мөлдіреген, кішкентай ойлы көзін Бориске қадап, біраз отырды да:
Онда бар. Мен күте тұрайын. Тез кел,— деп сол жерде, бүрген түбінде қала берді.
Борис аяғын тездете басып, хуторға қарай жүріп кетті. Серік Бористің соңынан қарап жатыр. «Көз жа- зып қалмайын» дегендей, кірпік қақпай тесіле қарай- ды ол.' Борис, әне, хуторға жетті. Шеткі үйдің арт жағынан оралып бақ ішіне кірді. Көрінбей кетті. Біраз- дан соң екі бала бақ ішінен шыға келді де, жүгірген- нен жүгіріп селоның шығыс жағындағы сайға түсіп көрінбей кіэтті. Оның соңынан екеу келе жатыр. Мұның үлкені Иван, кішісі Борис екенін Серік таныды. Олар да әлгі кеткен балалардың соңынан бет алды. Бірақ ар- қалаған заттары бар, жүгірмей жай кетіп барады. Арт жақтарына қарай береді. Жыраның дәл жанына бар- гаңда, Борис Серік тығылып жатқан жаққа қарап, ша- Қырғандай қолын бұлғады да, жыраға түсіп, жоқ бо- лып кетті. Серік орнынан тұрып, жыраға қарай жүгіре басып кете барды.
Достарыңызбен бөлісу: |