Соңынан анталай қуған жендеттер қанды жоса із бен келіп Мишаның жансыз денесінің үстінен түсті Бүргенді ашып, «тұр!» деп бір жендет барқ ете түсті Біраң Миша ңайдан тұрсын!..
Миша қайда екен? — деп сұрады Серік қатар ласа беріп. Галяның егіліп жылап келе жатқанын Се рік байқаган жоқ еді. Галя бірден жауап бере қойма ғанын түсінбеген бала:
Мишаның қайда екенін ешкім білмей ме? — деп тағы да сұрау беріп, оның бетіне үңіле ңарады. Галя- ның көзіндегі жасты көріп, жалма-жан: — Неге жы- лайсың? Галя, жылама! — деді аяқ астынан не дерін білмей қалып.
Мишаны немістер өл-тіріп-ті! — деп Галя онан бетер егіліп жылады. Серік бұрылып село жақңа тагы бір қарап қойды да:
Витяны да өлтіріп пе? — деп сұрады. Галя ба- сын шайқап:
Жоқ,— деді. Сонан соң екеуі де біріне-бірі тіл қатпастан жалғызаяқ жолмен келіп сайга түсті. Бұ- лақтан су ішіп, Галя бетін жуды.
Сережа, осы біз адасып кеткеніміз жоқ па? — деп, Галя жан-жагына қарады.
Жоқ, Галя, адаспаймыз. «Сережа адастырмай- ды» деп саған командир айтып еді ғой. Қорықпа. Бұл жерден Иван ағай екеуіміз талай рет жүргенбіз. Ал қане, айтшы, селоға сен бардың гой, командирдің тап- сырмасын орындадың ба? — деп, Серік Галяға қадала қарап жауап күткендей болды.
Орындадым. Бірақ отрядқа тез жетуіміз керек. Айтатын асығыс хабар бар,— деп Галя жалғызаяқ жолға түсіп жүгіре жөнелді. Соңынан Серік те жүгіріп бара жатты... Галя мен Серік отряд штабына кірді. Штаб бастығы Федор Нагайцев стол жанында қолын- дағы километрлік картасын планшетіне бүктеп салып жатыр екен. Ол балаларды керіп қуанып кетті:
Аман келдіңдер ме? — деп екі кішкентай бар- лаушысын алма-кезек құшақтап, бастарынан сипады. Ол екеуін екі жағына отырғызды да: — Ал, не хабар әкелдіңдер, айта беріңдер,— деп «сен сөз баста» деген- дей, алдымен Галяға қарады. Галя жылаи жіберді. Ол егіліп жылап огырып, Мишаны жандармдар «Көк ор- манда» өлтіргенін, ертең кешке Мария апайды жауап алуға Македон селосына әкелетінін хабарлады. Оны- мен қоса о жақта беріп жіберген қагазды тапсырды Галя бастықңа. Серік Галя сөзін құптағандай, екі кезі жасаурап, басын анда-санда изеп қойып үнсіз отырды. Штаб бастығы орнынан тұрды да:
Достарыңызбен бөлісу: |