~~ Қандай балалар? Екі бала ма? Бірі қара бала
ма? — деп, солдат мана зеңбірек, «катюшаларды» та ңырқаған екі баланы есіне түсірді.
Иә, иә. Бірі қара бала? Олар қалай қарай кет ті? — деп Анна Ивановна ентігіп солдаттың жанына тіптен гаяу келді. Солдат қалтасынан темекі дорбасьн алып жатып, Анна Ивановнаға тесіле қарады да:
Ол екі бала ешқайда кеткен жоқ. Мына полі штабында. Полктың аға писары Миша деген қазақ жі гіті еді. Сол осы арада екі баламен сөйлесіп тұрған. Ен ді бір кезде екі баланы ертіп штабқа кіріп бара жатқа нын көрдім,— деді солдат оң жағындағы ақ үйге қарап
Рахмет! — деп, Анна Ивановна солдатқа алғы сын айтты да, штабқа қарай жүгірді. «Бұлар бір қыл мыс істеп қойды ма, штабқа неге әкетті екен?» — деге; оймен келіп, Анна Ивановна штабқа кірді. Алдыңғь бөлмеден ешкімді кездестіре алмаған соң, төргі бөлме нің есігін ашып еді, бір подполковник отыр екен.
Подполковник келген әйелдің кім екенін айтпай-а түсіне қойды да:
Саламатсыз ба? Балаларыңызды іздеп жүреі бе? — деді. Анна Ивановна сәлемдесті де, подполкое ник алдында жазықты адамдай:
Иә, балаларымды іздеп келіп едім. Екеуінің д сотқарлығы жоқ еді,— деп балаларын ақтап сөйлеі' бастады.
Жоқ. Олар сотқарлық жасаған жоқ,— деп, под полковник балалардың штабқа қалай келгенін, ола мен ұзақ уақыт әңгімелескенін, өз басындағы қайғы сын айтты Анна Ивановнаға. Сонсоң: — Бұлар арти леристердің балалары екен. Біздің артиллерия полкыь і қалдырыңыз балаларды. Біз тәрбиелейік,— деді под полковник. Анна Ивановна да біраз уақыт бойына подполтсовник алдында көзіне жас ала отырып, іштегі мұңын ақтарып салды.
Балаларды сіздерге бере алмаймын ғой. Өзін>3 көріп отырсыз, ол екеуінен басқа менің нем қалды. Кімге сүйенем? Кімім бар менің? Әрине ашығармыз, тарығармыз. Мұнан жаман күндерді де басымыздан кешірдік. Ашығып та көрдік. Жарық дүние көрмеи жерасты үйде де тұрдық. Аңша бұта-қарағанды пана- лап та жүрдік. Ңазір оган қарағанда құдайға шүкір> аш болсақ та, жалаңаш болсақ та жарық дүниеде еркін жүре аламыз ғой. Ңара жұмыс істесем де, екеуін аін
Достарыңызбен бөлісу: |