Мама, сүйінші, Иван атамның селосы азат еті- ліпті. Атама барамыз,— деп, Борис алдыңғы бөлмеде тамақ пісіріп жүрген Анна Ивановнаның мойнына жү- гіріп барып асыла кетті.
Оны қайдан білдің, алтыным,— деп, Анна Ива- новна да елең ете қалды. Ол сенбей тұр.
Тыңдашы, мама, радиодан хабарлап жатыр,— деп Борис мамасының қолынан ұстай алып, төргі бөл- меге қарай жетектеді. Сол кездө соңғы хабарды ырга- ғымен радиодан асқақтата оқып тұрған Левитанның даусы: «... Соңғы хабарды оқыған Левитан»,— деп ба- рып тына қалды. Анна Ивановна соңғы хабарды ести алмай қалды. Оқуға кеткен Серік те естіген жоқ. Анна Ивановна Бористің сөзіне сенді. Борис өтірік айтпай- тын. Бірақ сол сәтте Анна Ивановнаға көңілсіздік те пайда бола кетті. Ол Бористің басынан сипап тұрып, көзіне жас алды. Анна Ивановнаның бетінен сырғып барып өзінің бетіне тамып кеткен ыстық тамшыдан гана мамасының жылап тұрғанын сезді Борис. Сосын Борис: «Мамам неге жылайды? Тегі мамам да мен сияқты өз папасын сағынған екен ғой»,— деп ойлады. Нағашы атасын немістердің өлтіргенін Борис естіген жоқ, білмейтін еді. Анна Ивановна: «Иван атаңды не- містер өлтірген»,— деп айтпақшы болып оқталды да, жас бала көңіліне қаяу салмайын деп, кезінде айтпа- ды. Иван атайларын Борис те, Серік те жақсы көретін. Ол кісі де ақ көңіл, бала сияқты адал адам еді. Әсіресе, балаларды жақсы көретін. Балалармен балаша ойнай- тын. Онда он шақты күн болғанның өзінде екі баланың көңілін тауып баурап әкеткен еді. Ақыры сол балалар ҮШің жау қолынан қаза тапты. Анна Ивановна әкесі- нің өлімін көре алмаған. Соңынан бір жылдан кейін партизандар қатарында жүрген кезінде отряд коман- Дирі мен отряд комиссары естірткен.
Анна Ивановна қатты қайғырды, егіле жылады. «.анды балақ басқыншыларға, олардың қолына ұстап
Оерген азгын Тамарага деген қаргысын аяған жоқ. Со сын Анна Ивановнаның көз алдына Тамараның құбы жық бейнесі елестей кетті де, ол көзінің жасып сүрті: кектене есік жаққа қарады. *Аз күнге сұранып бары: селодан билетімді алып қайтайын. Екі жүзді азғы қайда кетті дейсің, оны өкімет орнына ұстап берейіг Барғанда да, екі баланы ерте бару керек, тірі екенімі ді ол азгын көрсін»,— деген қортындыга келіп, Боря ның тамагын берді де, жұмысына кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |