Сережа, біз анадагы орамалды қайда тығып едік? — деп баққа қарай беттеді.
Орамалды ма, оны анау жуан ағаштың түбіне тыққамыз,— деп, ол Анна Ивановна мен Бористі ер- тіп, бір жуан алмұрт агашының жанына алып келді. «Осы жерге тығып па едік?» — деп Анна Ивановна әлгі ағаштың түбіне қарап ойланып қалды. Мамасы- ның екі ойлылау болып тұрғанын түсіне қойған Серік:
Мама, дәл осы жер,— деп қолымен әлгі ағаш- гың түбін қаза бастады. Сонда ғана Анна Ивановна «болса болар» дегендей, Серікке сүйсіне қарады да:
Тоқтай тұр. Күрекпен қазбаса болмайды. Сен- дер осы арада тұра тұрыңдар, мен Параска апайдың үйінен күрек алып келейін,— деп, көршілес үйге қа- рай кетті. Кетіп бара жатып, Серіктің соншама жершіл екеніне бір таңқалды.
Мамалары ұзап кеткен соң, екеуі жан-жақтарына қарап біраз тұрды. Сәлден соң:
Сережа, Иван атам қайда екен? — деді Борис мұңайып. Серік иығын қиқаң еткізді де қойды.
Үйді өртегенде, атамды да өртеп жіберген ғой иттер,— деп, енді Борис екі жұдырығын түйіп тұрып кектене сөйледі.
Онда атам қашпай ма?
„ Қайдан қашады. «Олар үйдің сыртынан бекітіп Қойып өртейді» дегені қайда бізге Василий ағай,— деп Дәлелдемекші болды өз ойын Борис.
Біздің Иван атай оған көне қоймас. Ол шатыр- Ды тесіп шығып кетер. «Азамат еоғысы кезінде осы ҮИдің шатырына тыгылдым. Сосын қарақшылар үйгэ
кірген кезде шатырдан шығып, алдыңғы жылғы біз сияқты, бақ ішімен қашып құтылдым»,— деп бізге әң гіме айтып беріп еді ғой. Иван атам ақылын табады,— деп, Серік атасын өлімге қимай тұр. Осылай екеуі та- ласып тұра берді Анна Ивановна көрінбеді. Не замат- та үйден Анна Ивановна шықты да, соңынан бір әйел ере шығып, қолын село ортасына қарай сермеп бірде мелэрді айтып жатты. Оның сөзін Анна Ивановна ұйып гыңдап тұрғанға ұқсайды. Әлден уақытта темір күрек алып Анна Ивановна да келді-ау. Келе үшеулеп агаш түбін қазып жүріп, іздеген орамалдарын тауып алды. Сыртына ораған клеенкасын алып тастады да орамалдың бүктеуін жазып, билетін қолына алғакда ғана Анна Ивановнаның жүрегі орнына түскендей болды.
Көршінің күрегін апарып берді де, Анна Ивановн; Борис пен Серікті ертіп, тура сельсовет кеңсесіне қараіі беттеді. Сельсовет кеңсесіне келсе, совет председател1 Василенко атаймен бірге үш-төрт әскери адам отыр екен. Анна Ивановнаны көре салып:
Е, қызым, Анечка, тірімісің? Жаңа ғана сен ту ралы мына кісілерге айтып отыр едім. «Кімді айтсаң сол келеді» деген, келе қалғаныңды қарашы! — деп, Василенко қолын беріп амандасты да: — 0, мына сол даттар да келген екен ғой,— деп, Серік пен Бориске де қол берді. Сонсың Василенко қарт қалбалақтап соңғы келген үшеуін орындыққа отырғызды да, әскери адам дарға Анна Ивановнаны таныстыра бастады.
Сіздің келгеніңіз жақсы болды. Біз Армияның бірінің ерекше бөліміненбіз. Осы аудан, оның ішінде осы селода болған басқыншылар айуандығьін анықтау үшін бөлінген комиссия мүшелеріміз. Біздің қолы- мызға түскен осы селоның бұрынғы старостасы Чуляк, оның қызы Тамараның қылмысын анықтау үшін сіз бізге керек едіңіз,— дей берген капитанның сөзін бөліп:
Достарыңызбен бөлісу: |