Сол кезде штабқа бұрынғы Переяслав аудандық астыртын ұйымы басшыларының бірі, топ командирі Илья Артемович Процько келіп кірді. Ол әлгі бейтаныс адамды көре салды да
Сол кезде штабқа бұрынғы Переяслав аудандық астыртын ұйымы басшыларының бірі, топ командирі Илья Артемович Процько келіп кірді. Ол әлгі бейтаныс адамды көре салды да:
Михеев! Алеша, сен қайдан жүрсің? — деп, оны айқара құшақтай алды.
Міне, жасырын күзет орнында тұрмыз. Золотонош жақтан машина колоннасы келе жатыр.
Жоқ, солар. Алдыңғы машинаның кабинасына қарашы өзің. Ана қызыл жалаушаны көрмеймісің? — дедім мен.
Иә, иә көрдім. Онда олар бұл жақпен неге келе жатыр?
Демек, Золотонош жаққа із тастап келе жатқан болар.
Онда дұрыс. Бұлар партизан бола алады екен,— деді Иван күліп.
Машина колоннасының соңы шеткі жасырын күг- зет орнынан бері өткен кезде, алдыңғы машина тоқта- ды. Кабинадан секіріп түскен орта бойлы, жасы отыз- дарға келіп қалған ақсары жігіт «тоқтаңдар» дегендей, колоннаға қолын кілт сермеді де, бізге қарай беттеді. Жанымызға ясаңа ғана келген құрама командирі бізді ертіп оған қарсы аяңдады. Әлгі адам бес-алты қадам- дай жақындап келді де, (Ңайсымыздың құрама коман- дирі екенін, жанындағы Михеев, сірә, айтқан болу керек) құрама командиріне әскери адамдарша қолын картузының күн қағарына апарып:
Жолдас құрама командирі, механизаторлардың астыртың ұйымының шешімі бойынша Переяслав ге- битінің гаражы талқандалды. Он екі машинадан құ- ралған колонна мен астыртын ұйымның он төрт мүшэ- сін ертіп, сіздің қарамағыңызға келіп тұрған Ңызыл Армияның аға лейтенанты Роберт Клейн,— деп баян- дады. Сол сәтте еріп келген серіктері де оның қасына келіп сапқа тұра қалды.