қалай да қолға түсіріп, қарасын өшіру керек бол- ған-ды.
Үш барлаушы Панитов орманын оңтүстіктен теріс- тікке қарай жарып өтіп, Козин селосының тұсына ке- ліп тоқтады. Сол арада күні бұрын жан-жақты байқап, жорықты қалай да сәтті орындау жайы тағы да тал- қыланды.
Үшеуі қиын-қыстау жағдай туа қалса, бір-біріне бе- ретін уақ-түйек белгілеріне шейін тәптештеп келісіп алысты.
Луценко мен Клейн бұл сапарда осыдан екі күн бұрын қолға түскен басқыншылардың жазалаушы отряд офицерлерінің киімдерін киіп, солардың доку- менттерін пайдаланбақшы болған еді. Ңасындағы ат- қосшыларын да құнтитып, село балаларынша киінді- ріп алған. Үшеуі осылайша жасанғаннан кейін тал түсте селоға кіріп келді. Басқыншы жендеттерден жә- бір-жапа көрген село адамдары бұларды неміс офицер- леріне жорып, тағы да сойқан салғалы келген екен дегендей, тырағайлап үйді-үйлеріне тығылды. Село- ны жау шауып кеткендей, көшеде тірі жан жоқ. Әр жерден анда-санда қара киімділер ғана көзге түседі. Бұлар — басқьіншылардың асыранды төбеттері, поли- цайлар еді. Селоның орталық алаңында төбесі қызыл қаңылтырмен шатырланған абажадай ақ үй тұр. Бұл бұрын он жылдық мектеп болатын. Оған қазір неміс комендатурасы орналасқан. Оның алдындағы бұрынғы денешынықтыру бағандары бүгінде совет адамдарын асатын дар ағаштарына айналған. Бағандардьщ ар- қауық сырықтарында ілмектеп байлаған бірнеше ар- қан салбырап тұр. Сол арқанның біріне асылып, аяғы жерге тиер-тимес болып тербеліп тұрған бір адамды барлаушылар көріп келеді. Әриңе, бұл совет адамы. Бі- рақ оның кім екені белгісіз. Әдетте халықты қоқан-лоқ- қылап қорқытып ұстау үшін дарға асқан адамдарды фашистер сол асулы күйінде талай күндер бойына қалдыратын. Ол адамдардың сүйегін село адамдары көбінесе түнделетіп ұрлап әкетіп жерлейтін. Серік дар ағашынан көз айырмай қадала қарап келеді.
Барлаушылар жұбын жазбастан тұпа-тура комен- датураның алдына келді. Петр мен Роберт жерге қар- ғып түсіп, Серікке екі аттың тізгінін ұстата берді. Серік алдын ала келісілген уәде бойынша екі атты же-
Достарыңызбен бөлісу: |