Ңазір бізбен бірге жүресің. Тірі жанға жалғыз
ауыз сөз қатпайсың. Жан-жағыңа жалтаңтамай атқа мін де, менің соңымнан еріп отыр,— деп әмір етті де, «сен тұра тұр» дегендей Петрге ымдап белгі берді. Өзі алдыңгы бөлмеге шығып, әлгінде өздерімен неміс ті- лінде амандасқан тілмаш әйелге:
Тез барып мына пакетті старостага тапсыр,— деп сыртына немісше: «Село старостасына»,— деп жа- зылған бір конвертті ұсынды.
Бұл — тілмаш әйелдің көзін алдау үшін әдейі жа- салған айла болатын. Әйел конвертті ала салып, сырт- ңа шыға жөнелді. Сол кезде Роберт кабинет есігін қай- тадан ашты да «жүріңдер» деп, Петрге иек ңақты. Үшеуі сыртқа шығар-шықпастан Серік сонадай жерден желе жортып келіп, аттарды алдарына кесе-көлденең тарта берді.
Тез мына атңа мін! — деп бұйырды Роберт ко- мендантка Серіктің астындагы көк дөненді нұсқан. Сол-ақ екен, Серік те ердің арт жағына қарай дереу сырғып, аяғын үзеңгіден шығара берді. Комендант ат- қа мінісімен, Роберт те өзінің торы төбеліне бір-ақ ыр- ғыды. Сөйтіп, комендант мінген көк дөненнің тізгініне оның қолының тиюі-аң мұң екен, Серік те тебініп, та- ңымын қысып қалды. Барлығы да желе жөнелді. Бар- лаушылар тұтқынды ортаға алып, көрген көзге күдік тудырмау мақсатымен Мироновкаға қарай тартты. Бұ- лар біраз ұзап шыққан кезде, селода тарс-тұрс мылтық атылып, полицайлар біріне-бірі хабар беріп, дабыл қаққандай болды. Барлаушылар енді жолдан солға бұ- рылып, тұпа-тура тауға ңарай беттеді. Көп ұзамай он шақты қара киімді мотоциклистер де құйынша құйғы- тып Козин — Мироновка тас жолына шыға келген еді. Бірақ бұл кезде үш барлаушы тұтқынды ортаға ала жүріп мотоцикл аттап баса алмайтын қиын жермен қырдан асып кеткен болатын.
БАТЫР РОБЕРТ
Чапаев атындағы партизандар құрамасы Хоцкий орманында тұрған кез. Бір күні құрама штабында отыр едік, құрама кезекшісі Александр жер үйге кіріп
Достарыңызбен бөлісу: |