Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


лар жүр. . Лагерьдің ішінде. оңтүстік қабырға боиымен ені екі



бет85/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   395
Jau tilinda 2

лар жүр. .
Лагерьдің ішінде. оңтүстік қабырға боиымен ені екі
метрдей терең ор қазылған. Аштықтан, аурудан, соқ- қыдан күнделікті өліп жатқан соғыс тұтқындарын жендеттер орға тастап отырады.
Лагерьдің Казатин темір жол станциясы жағында тікенек сымдармен төрт бұрышты етіп тоқып шығар- ған, биіктігі төрт метрдей, пештің мұржасы сияқты сым-мұржа тұр. Оның жанында төбесіне шығатын ағаш басқыш бар. Тұтқындардан алған күнделікті жауаптан соң, белгілі болған коммунист, комсомолец, Ңызыл Армия комиссарларын, еврейлерді фашистер тыр жалаңаш шешіндіріп осы тікенекті тар мұржаның төбесінен бастарын төмен қаратып тастайды да, төмен- нен электр тогін жіберіп өлтіріп, денесін орға жөнелтіп жатады.
Сол тікенекті мұржаның жанында ені екі, ұзынды- ғы бес-алты метрдей етіліп, тікенекті сымнан тор жа- салған. «Ңылмысты», «күдікті» деген тұтқындарды тыр жалаңаш шешіндіріп, келтөк, мылтықтың дүмімен ұрып, осы тордың астынан жер бауырлата еңбектетіп, алай бір, бұлай бір өткізеді. Осыдан соң жосадай болып шыққан тұтқындарды олар өлгендерді көметін терең ордың жанындағы ерекше сарайға апарып қамайды.
Лагерьдің дәл ортасында ұзын-ұзын үш сарай тұр. Соғыс тұтқындары осы сарайлардың ішінде, ішіне си- мағандары сыртында жатыр. Бәрінің де жүзінде жен- дет таяқтарының ізі бар, аштықтан ісіп-кеуіп кеткен жалаңаш-жалпы жандар. Сырттай қарап тұрғанға ауыр азаптағы осы он-он бес мың адамның жүріс- тұрыс қимылы өте баяу да сылбыр. Орындарынан жас балаша тұрып-жығылып жүрген кейбіреулерін ғана баиқайсың.




Жусап жатқан қалың қойдың ішін аралап, жақта- ыр қарысып қалған аш бөрідей аласұрып, қолдарына келтек ұстаған жөндеттерді көресің. Барқ-барқ етіп, кез келген тұтқынды олар келтегімен салып қалып, жатқандарын теуіп кетіп жүр.
Әне, орға қарай он шақты зембіл көтерген жиырма шақты соғыс тұтқындары кетіп барады. Олар айуан- дықпен өлтірілген өздерінің кешегі қарулас достары- ның жүздерін қасиетті Украин топырағымен жасыр- мақшы. Дұшпан қолынан қаза тапқан достарын ақыр- ғы сапарға шығарып салу әр тұтқынның ойында. Бірақ оған жендеттер рұқсат етпейді. Әр тұтқын басын көтеріп, өлік жатқан зембілге қарайды. «Ңош бауы- рым, қош!» дегендей еріндөрі дірілдеп, нұры қашқан көздеріне мөлдіреп ыстық жас толады.
Лагерьдің батыс жағында ұзын сабан шатырлы са- рай тұр. Ол сарайда жұмысқа жарайды деген, әлі де болса қайраты бар тұтқындар жатады. Онда жатқан тұтқындарды ит ерткен неміс солдаттары таң сәрісінен келіп, топ-топқа бөліп, айдап алып кетеді де, күні бойы әртүрлі ауыр жұмыс істетіп, қас қарая қайтадан лагерьге айдап әкеліп қамайды. Жұмыста жарымжан болған, ауыр азап, аяусыз соққыдан әлсірегенде- рін жалпы сарайларда жатқан тұтқындарға әкеліп қосады.
Қараңғы түн. Жаңбыр себелеп тұр. Сабан шатырлы сарайдан үш адам шықты да, лагерьдің ортасындағы сарайға келді. Ол сарайдан екі адам шығып, бесеуі бы- лайырақ барып тоқтады. Сәл кідірістен кейін олар жан-жақтарына ұрлана қарап, аяқтарын ептеп басып, лагерьдің түстік-шығыс қабырғасына жақындап барып тоқтады. Сол арада бәрі де бірінің соңынан бірі еңбек- теп, тікенекті сым қабырғаға келіп жетті. Алдағы алып денелі, ұзын бойлы қара торы жігіт станция депосы жұмысшыларының берген болат қайшысымен сым қа- бырғаны қия бастады. Жауын үдей түсіп, теріетіктен суық жел тұрды. Енін бір метрдей етіп сымның үш қа- тарын қиып болған кезде, алып денелі жігіттің артын- да жатқан орта бойлы ақсары жігіт оған «тоқтай тұр» дегендей белгі беріп, аяғынан тартып қалды. Бәрі де жерге жабысып жата қалысты. Ақырын басбағып қа- раса, қолына винтовкасын кезене ұстап торушы-сақшы тұстарынан оң жаққа қарай өтіп бара жатыр екен. Сақ-


шы ұзап кеткеннен кейін алып денелі жігіт резинка биялайын жөндеп киіп, екі жағындағы қиылған сым- ды майыстыра бүктеп, жолын кеңіте берді. Бәрі де та- гы тың тыңдады. Сілбірей жауған жаңбырдың тырс- тырс еткен дыбысына кейде қатаң, кейде бәсең соққан жел гуілі үн қосады. Жол салушы тагы да жұмысына кірісті. Ол енді қатты соққан желдің гуілін пайдала- нып батыл қимылдады. Сыртқы ең ақырғы сымды қиып болғанда, оң жақтарынан торушы-сақшылардың сөйлескен дауысы естілді. Бұлар тағы да бұға қалыс- ты. Әдеттегі қысқа қонышты табанына жыпырлата шеге қаққан ауыр етіктерімен батпақгы сылп-сылп ке- шіп келе жатқан екі жендет бұлардьщ тұсына келіп тоқтады. Алдыңғы алып денелі жігіттен олар бір метр- дей-ақ жерде тұр. «Шынымен-ақ сезіп қойды ма екен? Бұл жерге екеуі бірдей неге тоқтады? Ңазір фонарь жағып қараса, не болдық? Плащ-палаткаларын бүрке- ніп, малмандай су болып тұрған жендеттерді тарпа бассалатын сым қабырғадан да шығып үлгіре алма- дық». Міне тап осы сәтте бесеуін меңдеткен ой осы еді. Сақшылар сөйлесіп тұрды да, от тұтандырғыштарын бүркей тұтандырып шылым шекті. Сонан кейін біреуі солға, біреуі оңға қарай сым қабырғаның сыртын бой- лап жүріп кетті. Бес-алты минуттен кейін жол ашы- лып, төртеуі лагерьдің сыртына шықты. Соңында жат- қан тәпелтек сары жігіт қайтадан сарай жаққа кетті. Сыртқа жол ашып шыққан алып денелі, ұзын бойлы қара торы жігіт Ңалдыбаев Ңабден еді. Ол сол түні лагерьден отыз бес адамды бастап алып шығып, Вин- ница облысының Самогородок ауданы арқылы Сатви- ща орманына өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет