АЖАЛ АУЗЫНАН
Орта бойлы, жасы жиырманың екеу-үшеуіне жаңа гана келген көк көз сары жігіт орнынан атып тұрып, камераның есігіне барып құлағын төсей қойды. Сәл тың тыңдап тұрды да, орнына қайта келіп отыра кетті.
һісіктің сыртынан неміс солдаттарының барқылда- глн даусы естіледі. Олардың сөзін айыру қиын еді.
ыртқа құлағын елегізе тігіп отырған жігіт камераның күңгірт қабырғаларына көз жүгіртіп өтті де, жуан жұ- мыр темірмең торлап тастаған терзеге қарады. Тере-
Алексеенко Григорий Да-
выдович — партизан отря-
дының комисеары.
зеге ол ұзақ ңарап отырды да, өкінішті кейіппен басын бір шайңап қойды.
Сөйтіп отырғанда сырт жағынан есікті біреулердің ашып жатқанын байқады. Жігіт елең етіп есік жаққа қарады да, орнында отыра берді. Есікті ашып жіберіп камераға кіріп келген еңгезердей жандарм: «жүр, ка- мерадан шық!» дегендей винтовкасымен есік жақты нұсқап барқ ете түсті. Жігіт есіктен коридорға шыға бергенде: «партизан, болыпевик!» — деп арт жағынан келіп әлгі жандарм теуіп жіберді. Коридордың оң жа- ғында тұрған жандармның ңолындағы тік құлақ сұр ит арс ете түсті. Жігіт итке де, оның иесіне де қаһарла- на қарап, ілгері қарай жүре берді. Ол есіктен аулаға шыға бергенде, жан-жағынан жендеттер ңау-қаулап қаптап, қоршап алды.
Аулада тұрған отыз шақты тұтқындарды қойша иіріп, винтовканың дүмімен ұрып-соғып жүрген жан-
дармдар әлде біреуді күткендей. Не заматта ауланьщ биік, кең қақпасы ашылды да, арғы жағынан жеңіл машина, оның артынан екі жабық машина көрінді. Ма- шиналар аулаға кірісімен тұтқындарды жандармдар сапқа тұрғызды. Тізім бойынша оларды бір-бірлеп екі машинаға отырғызды. Манағы жігіт жабық машинаға жұрт түгел отырысымен, басқа тұтқындармен қараң- ғыда қол алысып амандасты да:
Достарыңызбен бөлісу: |